Биғайша Құндақбаева атындағы №1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сейткаримова Мөлдір Ержановнаға



Дата11.09.2023
өлшемі15.76 Kb.
#477180
түріБағдарламасы
Ұсыныс хат


Биғайша Құндақбаева атындағы №1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сейткаримова Мөлдір Ержановнаға

ҰСЫНЫС ХАТ

Мөлдір Ержановна осы мектепте 2016-2017 оқу жылында кызмет істеді. Бастауыш сыныпі мұғалімі Мөлдір Ержановнаның өз мамандығына деген сүйіспеншілігі жоғары, оқушы бойында білім білікті ұялататын тәжірибелі маман деп білемін. Жыл бойына жоспарланған күнтізбелік-тақырыптық жоспары оку бағдарламасына сай жасалған. Сабақ жоспарлары күнтізбелік тақырыппен байланысқан. Бастауыш сыныпқа қатысты барлық құжаттары талапка сәйкес.


Мөлдір Ержановна өз ісін адал жетік меңгерген білімді де білікті маман. Жеткіншек ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеуді заман талабына сай шығармашылықпен жүргізуге баса мән беріп, окушылармен жұмыс істеп жүр. Ұйымдастыру қабілеті жоғары, әр істің кыры - сырын таба білетін мұғалім.
Мөлдір Ержановна тек окушылармен, ұстаздармен жұмыс істей қоймай, ата- аналармен де тығыз байланыста жұмыс істейді, өткізген - шараларының арқасында балалардың есінде жаңа мағлұматтар жаксы сақталады.
Математика пәнінен өткізілген ашық сабактарына қатысу барысында оқушыға қойылған талаптары, окушының жас ерекшеліктерін ескеретінін байқадым. Сабактары өткен сабақпен байланыстырған, оқушылардын берген қызыкты кері байланыстарын ескере отырып, келесі сабактарды жоспарлайды. Сабакта тиімді көрнекіліктер, математикалық кызықты тапсырмалар мен тиімді интернет платформаларды қолдану арқылы өткізеді. Педагог енбекқор, жан-жақты, ізденіспен жұмыс жасайды. Мөлдір Ержановнаның алға койған максаттары орындала беруіне, шығармашылық табыстарға жетуіне тілектеспін.

Ұсыныс хат жазған: Мектеп директоры И.Т.Кан

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет