Билет 1 Алаш әскерінің құрылуы, қызметі және Азамат соғысы кезіндегі іс-қимылдары. Қазақстандағы тоталитарлық жүйе: әлеуметтік-экономикалық негіздерінің жасалуы. Ф. Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және тап күресі


Қазақстанның дербес мемлекет ретіндегі халықаралық аренадағы орны



бет15/93
Дата29.09.2022
өлшемі445.52 Kb.
#461565
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   93
Тарих билет

3.Қазақстанның дербес мемлекет ретіндегі халықаралық аренадағы орны.
28 жылдың ішінде әлемдік қауымдастықтар Қазақстанды толеранттылықты қамтамасыз етуге, барлық ұлттардың конфессияаралық және мәдениет аралық байланыстарын нығайтуға ішкі саяси жүйесі бар мемлекет ретінде мойындады. Қазақстанның ынтымағы жасасқан халқы заманға сай әрі бәсекеге қабілетті зайырлы мемлекеттің іргесін қалады. Достықтың бейбіт әрі конструктивті саясатын жүргізіп, тату көршілік және өзара тиімді ынтымақтастықты таңдаған Қазақстан халықаралық қауымдастықтардың толық құқықты мүшесі ретінде бекітілді. Қазақстанның егемендігі жарияланбай тұрып,Қазақ КСР Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің жарлығымен Семей облысындағы әлемдегі ең ірі сынақ полигондарының бірін жапты. Арада көп өтпей ,дербес мемлекет ретінде Қазақстан әлемде қуаты жағынан төртінші ядролық қару арсеналынан бас тартты. Этнос аралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы теңдестірілген және көреген мемлекеттік саясатың арқасында Қазақстан қоғамдағы мемлекеттік бейбітшілік пен келісімнің айырықша моделін жолға қойып отыр.Бұл модельдің маңызды бөлігі ретінде Мемлекет басшысының бастамасы бойынша құрылған Қазақстан Халқы Ассамблеясын атауға болады.Қазақстанда екі модерницазия сәтті өтті .Біріншісі Тәуелсіздік алған жылдардан бері басталып, мемлекет жоспарлы экономикадағы нарықтық экономикаға қарай көшіп түзеді. Екінші модернизация 90жылдардың соңында,2030жылға дейінгі стратегияны қабылдау және Астананың ел орталығы ретінде бекітілуімен 2010 жылдың ортасында аяқталды. Қазақстан тұрақты экономикалық өсудің таеркториясына түсті,мемлекеттік институттарды және орта тап жүйесін құрды,өз азаматтарының өмір сапасын едәуір жақсартып,жаңа астананың іргесін қалады.Өзінің теңшелген жауапты да сауатты сыртқы саясаты арқылы халықаралық беделін нығайтты.Аймақты көшбасшылық құқығын дәлелді. 2012жылы мемлекет «Қазақстан-2030» Стратегиясында белгілінген барлық міндеттерді мерзімінен бұрын орындады. Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50елдің қатарына енді.Сонымен бірге әлемнің 30дамынған елдерінің қатарына кіру міндетін алға қойған «Қазақстан-2050» Стратегиясын қабылдады.ҚР-Тұңғыш Президентіның шешімімен жұмысын үйлестірген «Невада- Семей» әлеуметтік қозғалысынан бастап,ядролық қаруға қарсыкүрес жүргізуде әлем елдерінің көш басында тұрған мемлекет. Қазақстанның бастамаларының арқасында БҰҰ Бас Ассамблеясы Ядролық қарусыз әлем құру туралы жалпы декларация қабылдады.Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бөлімшелері БҰҰ-ның бітімгершілік күштерінің іс-шараларына қатысады. ҚР-ның бітімгершілік және антиядролық бағыттағы жұмысы 2017-жылдан бастап БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Тұрақты емес мүшесі ретінде сайлануына байланысты жаңаша серпінге ие болды.Қазақстан он жылдан астам уақыттан бері Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымының саммитін өткізуге мұрындық болып келеді.Ол Орта Азияаймағындағы және бұрынғы КСРО аумағында тұңғыш рет-Қазақстан астанасында өткізілді.Астанадағы ЕҚЫҰ саммитіне дайындық барысында және форумның өзінде Қазақстан Ұйымның жұмысының форматын өзгертетін ұсыныстар енгізе алды.1-2желтоқсанда өткен ЕҚЫҰ саммиті үлкен саяси маңызы бар оқиғаға айналып, бұл Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін одан әрі нығайта түсті. Қазақстанның жетістіктерінің бірі-Еуразиялық экономикалық интеграция саласындағы бастамалары, аймақтық экономикалық және саяси көшбасшылығы. Бүгінде Қазақстан БҰҰ, ЕҚЫҰ, ИЫҰ, ШЫҰ, ТМД, ЕАЭО, КО, ҰҚШҰ, ЭЫДҰ, және басқа да үкіметаралық бірлестіктердің,жетекші халықаралық ұйымдардың мүшесі. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әлемнің 180 мемлекетімен байланыс орнатып, ЕҚЫҰ, ИЫҰ, ҰҚШҰ, ЕАЭО, ТМД, ШЫҰ, АӨСШК және Түркі кеңесі секілді беделді халықаралық ұйымдарда төрағалық қызмет етті.


Билет 6

  1. ХХ - ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-тарихи ахуалы. Столыпиннің аграрлық реформасы.

  2. ХХ - ғасырдың 20-40-жылдарындағы білім беру мен мәдениет саласындағы қиыншылықтар мен жетістіктер.

  3. Желтоқсан көтерілісі – тәуелсіздікке ұмтылған қазақ жастарының күресі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет