Билет 1 Алаш әскерінің құрылуы, қызметі және Азамат соғысы кезіндегі іс-қимылдары. Қазақстандағы тоталитарлық жүйе: әлеуметтік-экономикалық негіздерінің жасалуы. Ф. Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және тап күресі


Соғыстан кейінгі кезеңде халық шаруашылығын жүргізудегі сәтсіз реформалар



бет31/93
Дата29.09.2022
өлшемі445.52 Kb.
#461565
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   93
Тарих билет

2. Соғыстан кейінгі кезеңде халық шаруашылығын жүргізудегі сәтсіз реформалар.
Соғыстан кейінгі жылдары Кеңестер Одағында экономикалық саясатты жаңартып, жаңа экономикалық даму жолына түсу мәселелері төңірегінде әртүрлі пікірлер айтылды. 1947 жылға дейін Сталин халық шаруашылығының даму бағытына байланысты дәйекті шешім қабылдамады. Ұлы Отан соғысының аяқталуымен Кеңестер Одағы мен Батыс мемлекеттері арасында орын алған алшақтық Сталиннің соғыстың алдыңғы жылдары қалыптасқан экономикалық жүйені қалауына әсер етті. Ендігі жерде кеңестік басшылар социалистік экономиканы нығайту негізі ретінде бірнеше бағыттарды белгіледі. Олар: ауыр өнеркәсіп, әскери өнеркәсіп комплексін дамыту;Одақтық республикалар экономикасын орталықтан басқару; еңбеккерлердің еңбек етуге ынтасын арттырудың орнына мәжбүрлеу әдістерін қолдану. 
Соғыстан кейінгі алғашқы 1946 жыл ауыл шаруашылығы үшін қиын жыл болды. Соғыстың ауыр зардаптары салдарынан Молдавия, Украина, орта қаратопырақты аудандарда, Төменгі Поволжьеде және т.б. аудандарда аштық орын алды. Қазақстанда орта есеппен 1 га-дан 4 ц. астық алынып, астық салынбаған аудандардағы шығындар Қазақстан астығы арқасында толықтырылды. Осы жылғы жиналған астықтың 56 % мемлекетке тапсырылған. Ауыл шаруашылығындағы қиыншылықтардан арылу мақсатында 1946 жылдың желтоқсанында КСРО Министерлер Кеңесі КСРО-ның шығыс аудандарында егін егетін жер көлемін ұлғайту жөнінде қаулы қабылдады. Осы қаулы негізінде егін егетін жер көлемін 10 млн. га көбейту көзделді. 1950 жылы 1946 жылмен салыстырғанда Қазақстандағы егістік көлемі 1 млн. 173 000 га. артады. Осы шаралардың нәтижесінен кейін Қазақстанда жиналған астық көлемі біршама көтерілді. Бірақ та егістік көлемі көбейгенімен егін егу сапасы төмен күйінде қала берді. Осының салдарынан 1953 жылы жоспарланған 8 млрд. пұт орнына 5,6 млрд пұт қана астық жиналды.
Ауыл шаруашылығы жұмысшыларының еңбек ақысы өте төмен болды. Өйткені, мемлекеттің ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу бағасы өте төмен еді.Осыған байланысты республика ауыл шаруашылығы халықтың азық-түлікке, өндірістің шикізатқа сұранысын қанағаттандыра алмады. Республика ауыл шаруашылығын дағдарыстан шығарудың 2 жолы болды. Бірінші жолы - өндірістік қатынастарды қайта қарау, нақтырақ айтқанда, осы уақытқа дейінгі жүргізіліп келе жатқан бағыттан бас тарту, жерді жеке меншікке беру, нарықтық қатынасқа көшу, осы арқылы ауыл еңбеккерлерінің өз еңбегінің нәтижесіне ынтасын арттыру. Екінші жолы - ауыл шаруашылығын дамытудың экстенсивті жолы, яғни осы уақытқа дейінгі жүргізіліп келе жатқан бағытты сақтай отырып, оны жеделдету жолы.
Соғыстан кейінгі жылдары Кеңестер Одағында экономикалық саясатты жаңартып, жаңа экономикалық даму жолына түсу мәселелері төңірегінде әртүрлі пікірлер айтылды.
1947 жылға дейін Сталин халық шаруашылығының даму бағытына байланысты дәйекті шешім қабылдамады. Ұлы Отан соғысының аяқталуымен Кеңестер Одағы мен Батыс мемлекеттері арасында орын алған алшақтық Сталиннің соғыстың алдыңғы жылдары қалыптасқан экономикалық жүйені қалауына әсер етті. Ендігі жерде кеңестік басшылар социалистік экономиканы нығайту негізі ретінде бірнеше бағыттарды белгіледі. Олар: ауыр өнеркәсіп, әскери өнеркәсіп комплексін дамыту;Одақтық республикалар экономикасын орталықтан басқару; еңбеккерлердің еңбек етуге ынтасын арттырудың орнына мәжбүрлеу әдістерін қолдану.
Соғыстан кейінгі алғашқы 1946 жыл ауыл шаруашылығы үшін қиын жыл болды. Соғыстың ауыр зардаптары салдарынан Молдавия, Украина, орта қаратопырақты аудандарда, Төменгі Поволжьеде және т.б. аудандарда аштық орын алды. Қазақстанда орта есеппен 1 га-дан 4 ц. астық алынып, астық салынбаған аудандардағы шығындар Қазақстан астығы арқасында толықтырылды. Осы жылғы жиналған астықтың 56 % мемлекетке тапсырылған. Ауыл шаруашылығындағы қиыншылықтардан арылу мақсатында 1946 жылдың желтоқсанында КСРО Министерлер Кеңесі КСРО-ның шығыс аудандарында егін егетін жер көлемін ұлғайту жөнінде қаулы қабылдады. Осы қаулы негізінде егін егетін жер көлемін 10 млн. га көбейту көзделді. 1950 жылы 1946 жылмен салыстырғанда Қазақстандағы егістік көлемі 1 млн. 173 000 га. артады. Осы шаралардың нәтижесінен кейін Қазақстанда жиналған астық көлемі біршама көтерілді. Бірақ та егістік көлемі көбейгенімен егін егу сапасы төмен күйінде қала берді. Осының салдарынан 1953 жылы жоспарланған 8 млрд. пұт орнына 5,6 млрд. пұт қана астық жиналды.
Республиканың мал шаруашылығы да ауыр жағдайда болды. Ауыл шаруашылығындағы қиын жағдайға қарамастан, республикадан жаудан азат етілген республикаларға көмек ретінде ақысыз 17,5 мың ірі қара, 22 мың жылқы, 350 мың қой және арнайы жеңілдетілген бағамен 500 мың мал жіберілді. Ауыл шаруашылығы жұмысшыларының еңбек ақысы өте төмен болды. Шаруаның колхоздан алған жалақысына күн көруі мүмкін болмағандықтан, оның негізгі күн көріс көзі - өзінің ауласындағы жер болды. Осыған байланысты республика ауыл шаруашылығы халықтың азық-түлікке, өндірістің шикізатқа сұранысын қанағаттандыра алмады. Республика ауыл шаруашылығын дағдарыстан шығарудың 2 жолы болды. Бірінші жолы - өндірістік қатынастарды қайта қарау, нақтырақ айтқанда, осы уақытқа дейінгі жүргізіліп келе жатқан бағыттан бас тарту, жерді жеке меншікке беру, нарықтық қатынасқа көшу, осы арқылы ауыл еңбеккерлерінің өз еңбегінің нәтижесіне ынтасын арттыру. Екінші жолы - ауыл шаруашылығын дамытудың экстенсивті жолы, яғни осы уақытқа дейінгі жүргізіліп келе жатқан бағытты сақтай отырып, оны жеделдету жолы. 1953-1964 жылдары КОКП ОК-нің бірінші хатшысы және Министрлер Кеңесінің төрағасы Н.С.Хрущев тұсында ауыл шаруашылығының қатаң басшылығынан, орталық жоспарлауды колхоздар мен совхоздардың тәуелсіздігімен ұштастыруға бағытталған талпынушылық байқалды. Оның негізі 1953 жылы КОКП ОК-нің қырқүйек Пленумының шешімдері болып табылады. Ұлттық табыс ауылдық жерлердің пайдасына бөліне бастады, салық саясаты өзгерді, ауыл шаруашылық өндірісін сатып алу және дайындау бағалары көтерілді. Сталиндік қатаң бақылаудан бас тарту көп ұзамай-ақ өз нәтижесін бере бастады.
Бірақта бұл кезеңдегі аграрлық саясат тұрақты болмады. 1954 жылдан бастап тез арада ауыл шаруашылығының тарихта болмаған дамуын қамтамасыз ету үмітімен Қазақстанға тікелей қатысты тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны басталды. Қазақстан басшылығы бұл бастаманы қолдай қоймады. Осыған байланысты, 1954 жылы 11 ақпанда өткен Қазақстан КП ОК-нің Пленумында бірінші хатшы Ж.Шаяхметов, 2-ші хатшы Л.И.Афонов босатылып, олардың орнына орталықтан жіберілген Р.К.Понаморенко және Л.И.Брежнев сайланды. Жергілікті жердің қазақ басшылары сынға ұшырап, үш айдың ішінде тың өлкесіндегі алты облыстың 1-ші хатшылары ауыстырылды.
Тың игеру жылдарында жаппай қоныс аудару науқаны рухани, ізеттілік саласына да үлкен зиян алып келді. Қазақ тіліндегі мектептер саны 700-ге кеміп, қазақ тілінде шығарылатын әдебиеттердің, баспасөздің саны күрт төмендеп кетті. 3 мыңнан астам елді мекеннің аты өзгертіліп, тарихи ұлттық санаға шек қойылды. Тарихта бұрын болып көрмеген көлемді жерді жырту орны толмас экологиялық апаттарға, мал жайылымының күрт қысқаруына алып келді. Тың игерудің алғашқы жылдарында жердің құнарлы бет қыртысы (гомусы) шаң-боранға ұшырап ұшып кетуі салдарынан 18 млн. га астам жер эррозияға ұшырады. Қалыңдығы 1 см. қара топырақтың (гомус) қалыптасуы үшін, кем дегенде 2-3 ғасыр уақыт керек еді. Жайылым азаюы салдарынан ұсақ мал өсіру қарқыны 3 есе азайды, жылқы 1916 жылы 4 340 мың болса, 1961 жылы – 1158 мыңға дейін, ал түйе 1928 жылғы санынан 8 есе кеміді.
60-шы жылдардағы ауыл шаруашылығының жағдайы қайтадан ауырлап, өзінің өсу деңгейін тоқтатқан болатын. Себебі, жаңадан игерілген жерлер өз мүмкіндіктерін сарқыды, колхозшылар мен ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің материалдық жағдайы төмен болғандықтан еңбекке ынтасы болмады. Сонымен бірге ауыл шаруашылығы өз деңгейінде қаржыланбады, ауыл шаруашылығы өнімін сату бағасы реттелінбеді. Жер өңдеу мәдениетін, топырақ құнарлығын көтеру, сумен қамтамасыз ету дұрыс жолға қойылмады. Мал бағу, егін салу барысында жергілікті жердің географиялық, климаттық ерекшеліктері мүлдем ескерілмеді.
Кеңестік өнеркәсіп ауыр индустрия мен қорғаныс комплексінің басым дамуына негізделгендіктен, Қазақстанда да әскери өнеркәсіп комплекстері көптеп құрылды. Соның ішінде қазақ жерінде орналасқан ядролық сынақ полигондары халықтың қасіретіне айналды. 1948 жылы КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысымен Семей полигоны салынды. Осы полигонда 1949-1963-ші жылдар аралығында әуеде 113 ядролық заряд сыналды. 1966 жылдан бастап Каспий маңындағы Азғыр полигонында ядролық қару сынала басталды. Сынақтар нәтижесінде Қазақстанның кең аумағына радиоактивті газдар тарады.
Радиация зардаптары қазіргі таңға дейін халықтың денсаулығына кері әсерін тигізуде. Ядролық сынақтар жүргізілген жылдары үкімет тарапынан халықты радиациядан қорғау шаралары жүргізілмеді, керісінше, радиация тараған аумақта медициналық тексеруге тиым салынып, радиация зардаптары айтылмады. 1950 жылдың басында Байқоңыр ғарыш айлағы салынды. Бұл құрылыс ауданы 6717 шаршы шақырым жерде орналасты. Ракета ұшқандағы жарылыстан 4,6 млн. га жерге жанармай шашырап, зиянды жанармай ауа қабаттарын, жердегі су, жайылым шөптерді уландырды. Космодром көп мөлшерде су жұмсайтындықтан, Сырдария өзенінің деңгейі жылдан-жылға азая түсті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет