Билет 1 Алаш әскерінің құрылуы, қызметі және Азамат соғысы кезіндегі іс-қимылдары. Қазақстандағы тоталитарлық жүйе: әлеуметтік-экономикалық негіздерінің жасалуы. Ф. Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және тап күресі


Қазақ тілі әліпбиінің кириллицадан латын графикасына көшірілуі(2017 ж.26 қазан)



бет54/93
Дата29.09.2022
өлшемі445.52 Kb.
#461565
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   93
Тарих билет

Қазақ тілі әліпбиінің кириллицадан латын графикасына көшірілуі(2017 ж.26 қазан)

«Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасының Елбасы 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасының Елбасы 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін: аталған Жарлықпен бекітілген латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Осы Жарлық жарияланған күнінен бас­тап қолданысқа енгізіледі» деп жариялайды. Елбасы қол қойған қазан айының 2017 жылдың 9 күні тағы бір апострофтары бар 33 әріптен жоба ұсынылды. Одан соң апострофтар үйлеспейтін болғандықтан, оған өзгерістер енгізуге мәжбүр болды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2018 жылғы 19 ақпан № 637 жарлығымен «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасының Елбасы 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Бұнда «латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакция­да жазылсын» деп жазылған. Міне, ресми жарлықты оқып қатты қуанып қалдық. Оған басты себеп, лингвист-ғалымдардың пікірлері мен қалың жұртшылықтың алаңдаушылықтары өз әсерін тигізді деп ойлаймыз.
Өткен жылдың соңғы айында академик Р.Ғ.Сыздық бастаған бір топ қазақ ғалымдары президентке өздерінің қазақ тілінің жаңа әліпбиі туралы ашық хатын жолдаған болатын. Бұның барлығы елдегі демократиялық ахуалдың арқасында қазақ тілінің жаңа графикасын қалың көпшіліктің талқысына ұсынудың жемісі деп білеміз. Рухани жаңғырудың ең басты көрсеткіші жаңа, әлемдік сатыға көтерілген қазақ тілінің графикасы деп білеміз.
Бұл өзгерістің басты артықшылықтары апострофтардың болмауы және халықаралық таңбалау жүйесіндегі диграфтардың енгізілуі деп есептейміз. Жаңа редакциядағы Ч және Ш әріптерінің диграфтармен таңбалануы соған айғақ. Ал Ә, Ғ, Ң, Ү, У дыбыстарының жекелей өз таңбасы болуы әліпбиді қолдануды тіптен жеңілдетіні өз-өзінен түсінікті. Енді U әрпін шатастырмауға оңай болады. У жеке таңба иеленген Бұл өз алдына компьютерде мәтін терудегі жеңілдіктерге алып келетіні сөзсіз.
Пернатақтадағы мәтін терудегі іс-әрекеттер саны екі есеге азаюы жаңа редакциядағы әліпбидің жетілдірілгенін байқатып отыр. Оның үстіне, компьютерде қазақ тілінің жекелей өз ерекшелігі баяғыдай сақталып қалады. Атап айтқанда, EN деген таңбамен қазақша термей, КК таңбалануын сақтап қаламыз. Бұл өз алдына қазақ тілінің даралығын көрсетеді және қазақ тілінің драйверлерінің сақталып, қайта жасалуына жол ашады.
Қорыта келгенде, Қазақстан латын графикасына көшкен түркі мемлекеттері ішінде әліпби жасаудың тәжірибесін ескеріп, тіліміздің әуезділігін толық сақтайтын, дыбыстық жүйеге шақ келетін және жаңа компьютерлік технология заманының талаптарын ескеретін ең озық әліпбиге біртабан жақын келді деп санаймын.


Билет 21

  1. «Айқап» журналының қазақ халқының қоғамдық-саяси өміріндегі орны.

  2. Қазақстан Халқы Ассамблеясы. Ассамблеяның парламенттік өкілдері.

  3. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерілген мәселелер, 12 cәуір 2017ж.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет