Билет 22
Қазақстан Республикасының тарихи ескерткіштерінің бүгінгі таңдағы зерттелуі.
Кеңес өкіметі кезеңіндегі күштеп көшірілген халықтар тағдыры (ХХ ғ. 30-50 жж.).
Н.Ә.Назарбаевтың «Еуразия жүрегінде» еңбегі және Астана тарихы.
1. Қазақстан Республикасының тариxи ескерткіштерінің бүгінгі таңдағы зерттелуі.
Ұлттық тарих ескерткіштерін қайта жаңгырту үлттық мәдениет үшін айрықша мәні бар мынадай ескерткіштерді: Абат-Байтақ, Айша-Бибі кесенелеріне, Қараман-Ата, Шопан-Ата сағаналарына, Аңыртас және Баба-Ата сарай кешендеріне кешенді ғылыми-мәдениеттану зерттеулерін ұйымдастыру, оларды қалпына келтіру, тұмшалау және абаттандыру, сондай-ақ тарихи және этномәдени ортаны өркендету мен дамыту, Крйлық, Есік, Сарайшың, Берел және басқа да ежелгі, орта ғасырдағы кенттерге, қорғандар мен қоныстарға археологиялық зерттеулерді жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениеті ескерткіштері жинағын баспаға дайындау жөнінде жүйелі жүмыс жүзеге асырылады. Республика мұражайларының қорында саңталған тарих пен мәдениеттің жылжымалы ескерткіштері түрақты түрде қалпына келтіру жүмыстарын жүргізуді қажет етеді. Осыны негізге ала отырып, ұлттық тарих үшін айрықша мәні бар мүражай қорларын қалпына келтіру мен түзу жөнінде орталықты қүру мүмкіндігін қарау қажет.
Өткеннің көрнекті ғалым ойшылдарының мұрасын зерделеу, сондай-ақ қазақ халқының мәдени мұрасында тарихи мәні бар сирек кездесетін басылымдардың қолжазбаларын, кітаптарды және мүрағат қүжаттарын табу мен сатып алу үшін алыс және жақын шетелдердің мұрағаттары мен кітапханаларына ғылыми-зерттеу экспедициялары ұйымдастырылады.
Ұлттық мәдениет үшін айрықша мәні бар тарихи-мәдени, сәулет және археология ескерткіштеріне, соньщ ішінде қорық-мұражайлар өңірлеріне оларды сақтау мен мұражайға айналдыру мақсатында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу де көзделеді.
Құжаттық мұраның бірегей үлгілерін сақтау, сондай-ақ оларға еркін қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында өткеннің көрнекті ғалымдарының, ойшылдары-ның, оның ішінде: әл-Фарабидің, Ж.Баласағүнидың, М.Қашғаридың, С.Бақырғанидың, А.Йүгінекидің, М.Дулатидың, Қ.Жалайыридың, З.Бабырдың және басқалардың мұрасын зерделеуді жалғастыру қажет.
Қазақ халқының мәдени мұрасында тарихи мәні бар қолжазбалардың, сирек кездесетін басылымдар мен кітаптардың «Кодекс Куманикустың», «Қорқыт Ата кітабының» (Дреэден мен Ватикан қалаларында саңтаулы), «Оғыз-наменің» (Парижде сақтаулы), «Бабыр-наменің», «Махаббат-наменің» (Лондонда сақтаулы), Ж.Баласағұнидың «Құтадғу білігінің» (Каирда сақтаулы) көшірмелерін табуды, сатып алуды немесе дайындауды жалғастыру қажет.
Ежелгі қолжазбалардың, кітаптар мен басқа да дерек көздерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін Ұлггық кітапхана жанында ұлттық кітап жәдігерлерін табу мен сатып алу, сондай-ақ кітаптар мен ежелгі қолжазбаларды қалпына келтіру жөнінде орталық құру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |