Билет 1 Алаш әскерінің құрылуы, қызметі және Азамат соғысы кезіндегі іс-қимылдары. Қазақстандағы тоталитарлық жүйе: әлеуметтік-экономикалық негіздерінің жасалуы. Ф. Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және тап күресі


Н.Ә.Назарбаевтың «Еуразия жүрегінде» еңбегі және Астана тариxы



бет59/93
Дата29.09.2022
өлшемі445.52 Kb.
#461565
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   93
Тарих билет

3. Н.Ә.Назарбаевтың «Еуразия жүрегінде» еңбегі және Астана тариxы.
«Бұл кітап біздің қазіргі замандастарымызға ғана емес, сонымен бірге болашақ ұрпақ үшін де қызғылықты туынды болады деп сенемін»,- деді Елбасы. «Астананың тарихы - тәуелсіз Қазақстанның тарихы». Республика астанасын көшіру туралы шешім бірден қабылданған жоқ, деді Н.Назарбаев. «Ол үшін мен ұзақ ойланып, барлық қадамдарды болжап, тарихшылар, саясаттанушылар мен мәдениет зерттеушілермен ақылдасып, әр елдердегі астана ауыстыру тарихымен танысып шықтым»,- деді Н.Назарбаев. Мемлекет басшысының пайымдауынша, жаңа Елордасы өзгерістердің нышанына айналуға тиіс. «Астана шын мәнінде осындай қала»,- деді Н.Назарбаев.
Бүгінде Астана қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанның бет-бейнесіне, Қазақстан экономикасын алға сүйреуші локомотивке айналды. Астананы салуға жұмсалған инвестиция көлемі 2 млрд. долларды құрайды. Оның небәрі 10 проценті ғана бюджет қаржысы, деді президент. Астананы салу - Жалпы ішкі өнімнің 2 процентін құрап отыр. Бұрынғы үйреншікті үлгілер мен қазіргі заманғы ультрамодернистік үлгінің бір уақыттағы үйлесімділігі принципіне негізделген Астананың сәулет стилін Елбасы ерекше бағалады. «Ол заңды құбылыс. Өйткені, Астана - Еуразияның қақ жүргегіндегі қала. Бұл жерде түрлі өрнкениттердің өкілдері келісім мен үйлесім аясында бейбіт қатар күн кешіп, сан алуан мәдениеттер мен салт-дәстүрлер сабақтасып жатыр»,- деді ол.
Елбасының пайымдауынша, Астананы қалалық әкімшілігі бүгінде қала аумағында кәсіпкерлікке экономикалық қолдау көрсету, қала тұрғындарын әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, экологиялық тұрғыда қолайлы тіршілік ортасын қалыптастыру сынды айрықша маңызды үш принципті сатылы түрде жүзеге асыруды мақсат етіп қоюға тиіс.
Нұр-Сұлтан (бұрынғы атаулары: Целиноград, Ақмола, Астана) — Қазақстан Республикасының елордасы. Қалада 1 032 475 адам тұрады (1 қаңтар 2018). Қазір қаланың аумағы 710 км2 алып жатыр. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.
Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясы Мемлекеттің бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты.
Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі.
2019 жылы 20 наурызда Қазақстанның жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың атын экс-президент Н. Назарбаевтың құрметіне Нұр-Сұлтан деп өзгертуге бұйрық берді.


Билет 23

  1. ХХ ғ. 20-40 жж. индустрияландыру саясаты кезіндегі Қазақстан өнеркәсібінің дамуы.

  2. Кеңес өкіметі тұсындағы лагерлер жүйесінің тарихы ( ХХ ғасырдың 30-50жж).

  3. Тәуелсіз Қазақстандағы этнодемографиялық үрдістер және ұлтаралық келісімнің нығаюуы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет