Билет 1 Алаш әскерінің құрылуы, қызметі және Азамат соғысы кезіндегі іс-қимылдары. Қазақстандағы тоталитарлық жүйе: әлеуметтік-экономикалық негіздерінің жасалуы. Ф. Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және тап күресі


Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан



бет64/93
Дата29.09.2022
өлшемі445.52 Kb.
#461565
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   93
Тарих билет

3. Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 5 қазанда Ақордада Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын жариялады. Жолдаудың тақырыбы - "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру". Ол еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналды.
Мемлекет басшысының бұған дейінгі жолдауы 2018 жылы 10 қаңтарда шыққан еді. Онда Назарбаев төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері туралы сөз қозғады. 100 нақты қадам – Ұлт жоспары жүзеге асырылуда.
Оның 60 қадамы қазірдің өзінде орындалып қойды. Қалғандары, негізінен, ұзақ мерзімге арналған және жоспарлы түрде іске асырылуда. Өткен жылы Қазақстанның Үшінші жаңғыруы бастау алды.
Индустрияландыру бағдарламасы табысты іске асуда. "Цифрлық Қазақстан" кешенді бағдарламасы қабылданды.
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі дамуының кешенді стратегиялық жоспары жасалды. Н.Ә. Назарбаев өз жолдауында айтып өтті: Адам еңбекқор болып, өз кәсібін жақсы меңгергенде және лайықты жалақы алуға немесе жеке кәсіп ашып, оны дамытуға мүмкіндік болған кезде табыс артады. Мемлекет пен адамдардың күш біріктіруінің арқасында ғана біз Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құра аламыз.
Біріншіден, Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырамын. Бұл барлық сала бойынша түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1 миллион 300 мың адамның еңбекақысын тікелей қамтиды. Бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 275 мың қызметкердің еңбекақысы көбейіп, орта есеппен 35 пайызға өседі. 
Осы мақсаттарға 2019-2021 жылдарда республикалық бюджеттен жыл сайын 96 миллиард теңге бөлу керек. Осыған орай, енді, ең төменгі жалақы ең төменгі күнкөріс шегіне байланысты болмайды. Ең төменгі жалақының жаңа мөлшері бүкіл экономика ауқымындағы еңбекақы өсімінің катализаторына айналады. Төмен жалақы алатын қызметкерлердің еңбекақысын көтеруге қатысты бұл бастаманы ірі компаниялар қолдайды деп сенемін.
Екіншіден, бизнесті өркендетудің тұрақты көздерін қалыптастырып, жеке инвестицияны ынталандыру және нарық еркіндігін қолдау керек. Дәл осы бизнес арқылы жаңа жұмыс орындары ашылып, қазақстандықтардың басым бөлігі табыспен қамтамасыз етіледі.


Билет 25

  1. Ресейдегі тамыз бүлігі және ТМД құрамындағы Қазақстан.

  2. Ұлы Отан соғысы және оған қазақстандықтардың майданға қосқан үлесі.

  3. Кеңестік дәуірдегі Қазақстан астаналарының тарихын баяндаңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет