2.Күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістердің тарихи маңызы.
Күштеп ұжымдастыру саясаты халықтың наразылығын тудырды. Сол жылдары өлке басшыларының Сталинге жазған хаттары қазақ даласында осы наразылықтың өте зор көлем алғанын, Алтайдан Маңғыстауға дейінгі аймақты түгел қамтығанын, бұл туралы Кеңес өкіметі басшыларының хабардар болғанын көрсетеді. Бір ғана 1929 жылдың өзінде Қазақстанда 30-дан астам үлкенді-кішілі халық наразылығы болды. Олардың ішінде өте кең көлемде болған көтерілістерге Тақтакепір, Бостандық, Батпаққара көтерілістері жатады.
1929-1930 жж аралығындағы қыс айларында наразылық өте күшті өршіді. Ол туралы Голощекин Сталинге хабарлауға мәжбүр болды. 1929 -1931 жж өлкеде барлығы 372 көтеріліс болып, оларға 80 мыңдай адам қатысты. Большевикте бұл наразылықтардың негізгі себебін байлар мен дінбасыларының кеңес үкметіне қарсы халықты ұйымдастыруынан деп көрсетті. Кеңес үкметі бұл көтерілістерді әскери күшпен басып жаншыды.
3. «Мәдени мұра» бағдарламасы: зерттеулер мен нәтижелері.
2004 жылдан бастап Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы іске кірісті. Оның қарастырылатын бірнеше аспектілері бар: ең бірінші аспекті халықтың бай мәдени мұрасы арқылы қазақстандықтардың ұлттық сана сезімін дамыту мен бекітуге бағытталған; екінші маңызды аспектісі - әлемге бай ұлттық рухани қазынасын ашу; үшінші аспектісі-тарих, философия, этнография, тіл, әдебиет, көркем өнер, музыка және т.б. ұлттық мәдени мұраны зерттеу жүйесін құру; «Мәдени мұра» мемлеккетік мұрасы бүгінгі күні кезеңімен жүзеге асырылуда: 2004-2006, 2007-2008, 2009-2011 жылдарға және жақын арадағы жиырма жылға ұзақ мерзімді бағдарлама әзірленуде.
Мемлекеттік бюджеттен мәдени мұраны жүйелендіруге, сақтауға және дамытуға маңызды құрал бөлуге қарастырылған. Бірінші кезеңде 2,7 млрд.теңге, екінші кезеңде 4млрд. аса, үшінші кезеңде 5млрд. аса қаржы бөлінді. «Мәдени мұра» бағдарламасын орындау барысында 2004 жылдан бүгінгі күнге дейін 73 аса археологиялығ және сәулет ескерткіштеріне қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, 40 аса археологиялық, 26ғылыми қолданбалы зерттемелер жүргізілді.
Билет 20
1905-1907 жылдардағы революцияның Қазақстанның саяси дамуына әсері.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңы» 1991 ж. 16 желтоқсан.
Қазақ тілі әліпбиінің кириллицадан латын графикасына көшірілуі (2017 жыл, 26 қазан).
Достарыңызбен бөлісу: |