Билет 1 Алаш әскерінің құрылуы, қызметі және Азамат соғысы кезіндегі іс-қимылдары. Қазақстандағы тоталитарлық жүйе: әлеуметтік-экономикалық негіздерінің жасалуы. Ф. Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және тап күресі


Тәуелсіз Қазақстандағы этнодемографиялық үрдістер және ұлтаралық келісімнің нығаюуы



бет62/93
Дата29.09.2022
өлшемі445.52 Kb.
#461565
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   93
Тарих билет

3. Тәуелсіз Қазақстандағы этнодемографиялық үрдістер және ұлтаралық келісімнің нығаюуы.
Ұлтаралық қатынас көп ұлтты Қазақстан Республикасында ерекше көңіл аударуды қажет ететін мәселелер қатарына жатады. Қазақстан жерін мекендейтін халықтардың достық, туысқандық қарым-қатынасы, оларды біртұтас мақсатқа жетелейтін жетекші ұлттық мүдде болуы қазіргі саясаттың маңызды бөлігіне айналды. Қазақстандағы жалпы демографиялық жағдайға байланысты туудың кеми түсуі мен оның табиғи өсімге әсер етуі де орын алуда. Оған төмендегідей жағдайлар: қазақтарда көп балалы отбасынан орташа отбасыларға, орыстарда орташа отбасылардан аз отбасыларға ауысу жүріп жатыр.
Сонымен қатар халықтың әлеуметтік-экономикалық тұрмысының шапшаң өзгеруі, көші- конның барлық түрлері және т.б. факторлар ықпал етті. Табиғи өсімнің азайып, өлімнің көбеюін және жастық құрылымның қартаюын 1991 ж. бастап, тұрғындар көші-қонында жаңа кезеңі басталды. Бұл Қазақстаннан келген қазақтар емес тұрғындар жылыстауының өсуімен, Өзбекстан (соның ішінде Қарақалпақстан), Түрікменстан және Ресей елдерінен қазақтардың көші-қон ағынының өсуімен сипатталады.
1991 ж. Қазақстанның ТМД елдерімен көші-қон айырмасы 10 мың адамды құрды, ал Қазақстанның солтүстігі мен шығысы барлық ТМД елдерінен орыстарды жинады. 1991 ж. Монғолиядан қазақтардың келуі байқалды – 12,5 мың адам, олар сол жерде мәңгілікке қалуды көздеді. Барлығы Монғолиядан 1991-1992 жж. ішінде 41 мың қазақтар келді. Шығыс еуропа елдерінің жұмыс мамандары Қазақстаннан шығады, бірақ ҚХР-нан қытайлықтар жұмыс істеуге келеді (ауыл және сауда жұмысшылары). 1991 ж. Қазақстанның этномиграциялық нәтижесі біздің есептеулер бойынша (барлық таяу және қиыр шетелдерімен) қазақтар плюс 41,0 мың адам, орыстар бойынша минус 24,0 мың адам болды. Қазақстанның оңтүстік және батыс облыстарынан, тек солтүстік облыстарына орыстардың келуі айқын, сонымен қатар Семей, Торғай, Жезқазған облысынан орыс тілді тұрғындардың жылыстауы байқалды.
Қазақтар арасында бала өлімінің көрсеткіші өте жоғары, орыстармен салыстырғанда, орташа өмір сүруі төмен. Сонымен бірге Қазақстан орыстары, украиндықтары, немістерінде жас құрылымы салыстыру бойынша ескі, қазақтармен салыстырғанда, төмен, өлімнің жалпы коэффициенті жоғары, табиғи өсімі минималды болды. Осы процесс он тоғыз облыс ішінен он бірін этнодемографиялық басымдылығына әкелді. 1980 ж.-дан бастап, Қазақстанның оңтүстігінен солтүстігіне, сонымен қатар республиканың батысынан солтүстігіне қазақтардың ауысуы байқалады. Сонымен қатар қазақтардың бір бөлігі Ресейден, Орта Азиядан, Монғолиядан және т.б. елдерден Қазақстанға қайта оралуының жалғасы айқын көрініп тұр.


Билет 24

  1. ХХ ғ. 20-30 жж. Кеңестік Қазақстандағы оқу орындарының ашылуы және оның Қазақстанның білім беру саласына әсері.

  2. Жұмабай Шаяхметов және Қазақстандағы сол кезеңдегі түйіндерді шешуге қатысты талпыныстар.

  3. Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет