Билет №1 «Әдебиеттік оқу» пәні бағдарламасының мақсаты



бет18/38
Дата05.07.2023
өлшемі478.32 Kb.
#475541
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38
3 Емтихан жауаптары 2

Билет № 14


1. Мәтіннің мазмұны бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстар

Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық жағынан дайындау


Көркем шығарма жазушының сөз арқылы жасаған көркем бейнесі, картинасы арқылы қабылданады. Шығарманы оқыған кезде оқушының көз алдына елес пайда болады. Бұл оқушының сезімін де қозғайды. Мысалы: Абайдың «Қыс» өлеңін өтер кезде сурет бойынша әңгіме айтқызуға болады.
Осылайша әңгіме жүргізілгеннен кейін, «Қыс» өлеңінің мазмұнын білуге оқушылардың ынтасы артып, оны тереңірек ұғынуларына және молырақ әсер алуларына жағдай жасалады. Сонымен, шығарманы оқуға дайындау жұмысы, біріншіден, балаларды оқылатын әңгіменің мазмұны мен ондағы кейіпкерлердің ісін саналы түрде түсіне білуге дайындау; екіншіден, оқылатын әңгіменің мазмұнына қызықтыру; үшіншіден, ондағы түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру мақсатында жүргізіледі. Дайындық жұмысының көздейтін түпкі мақсаты- балаларға шығарманы толық та саналы меңгеруіне мүмкіндік туғызу.
Мәтінді оқу- дұрыс қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыс түрі. Мұнда түрлі тәсілдерді қолдануға болады. Көпшілік мұғалімдер, егер шығарманың мазмұны күрделі, көлемі ұзақ болмаса, оны өзі дауыстап оқып шығады немесе балаларға оқытады.Шығарма бірінші рет оқылғанда, оқушылар ондағы кейіпкерлердің істерімен танысуға тиіс. Сондықтан шығарма әуелі тұтас оқылғаны тиімді. Өйткені бөлініп оқылса, балалар оның мазмұнын толық ұғына алмайды. Шығарманың мазмұнын бір оқығанда-ақ оқушылардың көкейіне қондырып, санасына жеткізу үшін ол нақышына келтіре мәнерлеп оқылуға тиіс. Шығарма алғаш оқылғанда нашар оқитын оқушыларға оқытылмауы керек. Мұғалім шығарманы әуелі өзі оқып көрсеткені дұрыс. Кейде оқу техникасын меңгерген мәнерлеп, жақсы оқитын оқушыларға да оқытуға болады.Бірақ, әсіресе, ырғағы қиын немесе жолдары ұзақ, баланың демі жетіңкіремейтін өлеңдер, көркем фразалар мен сөз өрнектері кездесетін шығармаларды мұғалімнің өзі оқығаны жөн
.Бастауыш сыныпта ұйымдастыруға болатын шығармашылық жұмыстың негізгілері:
а) Шығарманың баяндалу түрін өзгертіп әңгімелеу. Мұнда әңгіменің баяндалу түрі аз-кем өзгертіледі. Мысалы, әңгіме I жақпен баяндалған болса, III жаққа айналдырып, керісінше де әңгімелеуге болады.
а) Оқылған шығарманың мазмұнын толық өзгертіп әңгімелеу. Жұмыстың бұл түрін үйден орындап келуге тапсыруға болады. Мұнда оқушылар әңгімедегі оқиғаға ұқсас өз бастарынан өткен оқиғаны немесе өзі қатысқан не көрген оқиғалары жөнінде өз жандарынан әңгіме құрастырып айтады.
Осылайша сұрақ қойып, оған жауап алу арқылы оқушыларға өз ойларынан әңгіме құрастыртып, ол — оқылып отырған шығарманың арасына қосылады да, онан әрі мәтіннің мазмұны айтқызылады. Мұндай жұмыстар арқылы оқушылар өз ойларын, қиялын дамытуға мүмкіндік алады, оқығандарының мазмұнын ат үсті, шала ұғынып қалмай, ондағы әңгімеленген оқиғаның мән-жайын ойлана, толық саналы түрде қабылдайды.
Шығармадағы басты ой идеялық мазмұнмен сәйкес келе бермейді. Шығарманың идеясы — өмір құбылысын жазушының бағалауы немесе оқушы жұртшылықты бел­гілі бір мақсатқа шақыруы.
Сонымен шығарманың мазмұны бойынша жүргізілетін жұмыстардың барлығы да балаларды өз беттерімен іздетуге үйретіп, ақыл ойы мен дүние танымын кеңейтуге, тілін дамытуға септігін тигізеді.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Шығарма оқылмас бұрын қандай дайындық жұмыстары жүргізіледі, оның мақсаты не?
2. Шығарманы оқуға дайындық кезінде оның мазмұнын айтуға бола ма?
3. Оқулықтардан бір тақырыпты алып, оған қандай дайындық жұмысын жүргізуге болатынын белгілеңіз. Әңгімелесу сұрақтарын жасаңыз, көрнекі құралдар қарастырыңыз.
4. Оқу сабақтарындағы сөздік жұмысының негізгі қағидалары қандай?
5. ІІ сыныптың оқу кітабынан кез келген бір бөлім бойынша жаңа сөздерді теріп алып, олардың ішінде бес-алтауына түсінік жазыңыз.
6. ІІІ сыныптың оқу кітабынан бір шығарманың тіліне талдау жасаңыз: қандай сөздерді оқуға дайындық кезінде қайсыларын оқу барысында, ал қайсыларын шығарманы оқып болғаннан кейін түсіндіруге болады? Оқушылардан сөздіка қорына енгізуге болатын қандай сөздер бар? т.б.
7. Шығарманы оқу үшін не керек, оны қалай ұйымдастырады?
8. Жоспар жасау жолдарын айтыңыз.
9. Мәтіннің мазмұнын айтқызу қалай өткізіледі? Бұл жұмыстың мақсаты не, оқулықтардан мысал келтіріңіз.
10. Қорытынды әңгімені ұйымдастырудың жолдарын айтыңыз.
11. Оқулықтардан бір әңгімені алып, оның оқу жоспарын жасау, мазмұнын айту, қорытынды әңгіме өткізу жолдарын көрсетіңіз және сол әңгіме бойынша қандай шығармашылық жұмыс ұйымдастыруға болатынын айтыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет