Билет № 19
1. Сыныптан тыс оқуды ұйымдастырудың тиімді жолдары
Сыныптан тыс оқытуды ұйымдастырудың бірнеше формалары бар: Олар: оқу-саяхат, топ-серуен, үйірме, клуб жұмысы, ертеңгілік, ғылыми жұмыстар, іскерлікойындар, диспуттар, байқау, көрмелер, олимпиадалар, пәндік апталықтар, онкүндіктер, айлықтар т.б. жатады.
Сабақтан тыс тәрбие жұмысының дамытушылық қызметінің маңызы ерекше. Ол белгілі бір әрекетке байланысты оқушьшардың психикалық процестерін, оқушыларды жеке-дара қабілеттерін дамытуды көздейді. Соған орай баланың жасырын қабілетін анықтау, бейімін, қызығушылығын дамытуды мақсат тұтады. Егерде оқушы бір нәрсге қызығушылығы болса, онда мұғалім сол сұрақка қатысты қосымша қызықты мағлұмат беріп, оқуға қосымша әдебиет ұсынып, оған жағдай туғызып, сонымен бірге оны қызығушылығын арттырады.
2. Табиғаттану идеялары мен ұғымдарын қалыптастыру. Жаратылыстану ұғымдарының қалыптасуы.
Жаратылыстану ғылымдарының қалыптасуымен қатар (XVІІ-XVІІІ) жаңа философияның да қалыптасуы басталды. ... В.И. Лениннің электрондардың таусылмастығы туралы идеясы қазіргі физиканың дамуында үлкен жол көрсетті. ... Жалпы, білім берудің, яғни, жаратылыстану концепциялары пәнінің де басты мақсаты, тек жаңа білімге ие болу ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемдік жаратылыстану ғылымында қоршаған әлем туралы қалыптасқан түсініктер мен ойлаудың ғылыми, рационалды ойлау қабілетін қалыптастыру болып табылады.
Табиғаттану ұғымы диалектикалық дамудың қарама-қарсылығы мен
біртұтастығына сүйенбей өте алмайды. Дүние — ол тек бізді қоршаған табиғат
қана емес, ол — адам, адам мен адамның қарым-қатысы, ол — табиғат, табиғат
заттары мен құбылыстары, ол — қоғам. Әр қоғамның өркендеуіне адамның ойы
мен білімі қандай керек болса, табиғат пен оның байлығы да сондай керек.
Осының өзі дүниенің бір-бірімен байланысты дамитын, оны бір-бірінен бөліп
қарауға болмайтын орта екенін көрсетеді.
Табиғаттану — «дүние» және «тану» деп аталатын екі бөліктен тұрады.
Алдымен нені танып-білу керектігін анықтауымыз керек. Балаларға танытқалы
отырғанымыз — дүние. Сол дүниені танып-білу әдістері мен оларды қаруландыру
жолын іздестіріп, тиімділерін іс жүзінде қолдануға ұсынбақпыз. Дүние —
қоршаған орта, табиғат, бүкіл әлем, олай болса бұған енбейтін, оның
құрамына кірмейтін бірде бір зат не құбылыс жоқ. Адам дүниені өмір бойы
танып, білумен, оның таусылмас ерекшеліктерін бақылап, байқаумен
айналысатыны анық. Бірақ оның сырын түгел біліп шегіне шыға меңгеру мүмкін
емес. Дүниені өз дәрежесінде танып-білу әр адамның меңгерген білім деңгейі
мен оның мазмұнына байланысты жүзеге асады.
3. Табиғат арқылы оқушыларға жан-жақты тәрбие беру.
Оқушыларға экологиялық тәрбие беру арқылы олардың дүниетанымдық және табиғатты қорғау қабілеттерін арттыру.
Табиғатты, қоршаған ортаны аялауға үйрету. Табиғат пен адам арасындағы байланыс, табиғатты қорғаудың маңыздылығы туралы түсінік беру. Білімділік: Қоршаған ортаның сапасы және ластануы туралы, сыртқы ортаның барлық факторларының бір-біріне байланыстылығы, оның ішінде бііз және табиғат байланыстылығын білуге үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, өз бетімен жұмысқа дағдылануға, өзін-өзі тануға, тіл мәнерін, ой-өрісін дамытуға бейімдеу.
Тәрбиелік: Табиғатты қорғай алатын адамгершілігі мол, ізгілікті, мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу Көрнекілігі: Табиғат туралы қанатты сөздер, слайдтар, түрлі суреттер, мақал мәтелдер, жұмбақтар. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, талдау, түсіндіру, топпен жұмыс.
Қоршаған ортаны қорғау (ауа, су, топырақ және т.б.) қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттес үрдістерін де кешенді тұрғыдан қарауды талап етеді. Өйткені, экологиялық мәселелерді адам мен қоғам үшін пайдалы, тиімді шешуге тырысатын маманның жеке тұлғасының адамгершілік дүниетанымын қалыптастырады. Қоршаған ортаны сауықтырудың объективті қажеттілігін терең түсінуге мүмкіндік береді. Солай екен, негізгі салалар бойынша қажетті кәсіби мамандық беру барысында экологиялық білім мен тәрбиенің де мәні зор.
Табиғат – біздің ортақ үйіміз.Табиғатқа деген сыйды жоғалту адамзаттың адамгершілік құндылықтарын жоғалтуға әкеліп соқтырады. Қазіргі уақыттағы әлемдегі экологиялық жағдай адам көзқарасының өзгеруін талап етеді. Өсіп келе жатқан ұрпақта жаңа экологиялық сезім қарастырылуы керек деп санаймыз. Келешекте балалар кім болса да, олар қоршаған ортада рөлдерін бөліп, табиғат заңдылықтары бойынша өз түсініктері болуы керек. Экологиялық тәрбие мен білім беру – қазіргі таңдағы айқын бағыттардың бірі. Экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу неғұрлым ерте басталса, соғұрлым оның болашағы зор болмақ. Баланың сәби кезінен экологиялық мәдениеттілік санасын тәрбиелеу – осы мәселелердің шешілу жолдарының бірі болып табылады. Мектепке дейінгі ұйымдардағы экологиялық тәрбие берудің маңызды міндеті — балаларды табиғаттың әсемдігін көріп түсіне білуге ,тірі табиғатқа қамқор бола білуге үйрету және экология саласы бойынша нақты білім беріп, аймақта қолданылатын ресурстары шектеулі екенін түсіндіру керек. Біз баланы табиғатты пайдаланып қана қоймай, оған қамқор болуға, оны күтіп аялауға үйретуіміз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |