3. Тірі табиғат бұрышының маңызы
Тірі табиғат бұрышын жабдықтауға, оны алғаш ұйымдастырғаннан бастап, әкімшілік құрал-жабдықтарға (шарбақ, тор, аквариумдар, террариумдар т. б.) қаражат босатады. Тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру кезіндегі алға қойылатын негізгі міндет табиғатты оқып үйренуге байланысты өткізілетін сабақтарға қажетті қолда ұсталатын жануарлар мен өсімдіктерді таңдап алуболып табылады.
Жас натуралистер экскурсиядан жабайы өсімдіктерді алып келіп, кейін оларды өсіреді; одан басқа қажетті бөлме өсімдіктерін таңдап алады; жабайы өсімдіктерді өсетін жерлері бойынша — орман өсімдігі, құрғақ дала өсімдігі т. б. деп тірі бұрышқа топтастырады.
Тірі табиғат бұрышы жануарлармен балықтармен, насекомдармен, эюскурсиядан алып келген құстармен, кроликтерімен, тас-бақалармен т. б.) жүйелі түрде толықтырылып отырады.
Күзгі экскурсияларда жас натуралистер өсімдіктерді, құстардың тіршілігін, насекомдардың қыстап шығуын бақылау үшін материалдар, мысалы: көбелектер жұлдыз құрттарын қуыршақтарын, жұмыртқаларын жинайды. Бұлардан басқа жануарларды қолда ұстау және қыс кезіндегі жұмыстарды дайындауға қажетті материалдар қорын жасау үшін: мүктер, емен жаңғақтарын, қарағай мен шырша бүрлерін, құм, тас; құстарды азықтандыруға арналған қор — әр түрлі өсімдіктердің (шоңайна, қайын, жолжелек) тұқымдарын, ырғайдың, шетеннің жемістерін жинастырады.
Көктемгі экскурсия соңынан табиғат бұрышы едәуір толықтырылады. Балалар ағаш пен бұталардың бұтақтарын, алғашкы гүлдеген көктемгі өсімдіктерді алып келіп, оларды гүл өсіретінқыш құмыраға отырғызады.
Оқушылардың әрекеттерін сабақ кестесінен тыс жерде оқу бағдарламасына сәйкес, оның мақсаттары мен мазмұны бойынша ұйымдастыру жатады. Орындалатын тапсырманың көлемін мұғалім анықтайды. Тапсырмалар мұғалімнің басшылығымен немесе өзбетімен
орындалады. Оның қортындысын міндетті түрде сабақта белгілі бір формада тексеру қажет. Мұндай оқу формасына оқушылардың бақылау күнделіктеріндегі берілген тапсырма бойынша фенологиялық бақылауларын, қойған тәжірибелерін, мысалы бидай дәнін өсіру, пиязды стакандағы суға салу т.б. қосымша әдебиеттерді, хрестоматиядағы берілген қосымшаларды мұғалімнің ұсынысы бойынша оқу т.б
Тірі табиғат бұрышын жасауға арнайы ауқымды орын болмаған жағдайда бөлме өсімдіктерін, жер шарының әр бұрышындағы өсімдіктер түрлерін өсіріп, оқушыларды сол өсімдіктердің ерекшеліктерімен, күту, оларды бақылау сияқты жұмыстарды ұйымдастыруға болады. Онда әр өсімдікте этикетка іліну керек, мұнда өсімдіктің аты, отаны, отырғызылған уақыты жазылады. Әр өсімдіктің жарыққа, ылғалға, температураға бай-ланыстылығын, гүлдеу мерзімдерін бақылайды. Мұғалімнің жетекшілігі-мен қарапайым тәжірибе жүргізеді, нәтижесінде өсімдіктерді ғылыми түр-де танып білу, зерттеу шарттары орындалады. Бұл білімдерін күнделікті тұрмыста да қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |