Билет №1 «Әдебиеттік оқу» пәні бағдарламасының мақсаты


Бастауыш сынып оқушыларына бақылау әдістерін қалай үйрету керек? Бұл жұмысты қандай ретпен жүргізу керек?



бет37/38
Дата05.07.2023
өлшемі478.32 Kb.
#475541
түріБағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
3 Емтихан жауаптары 2

2. Бастауыш сынып оқушыларына бақылау әдістерін қалай үйрету керек? Бұл жұмысты қандай ретпен жүргізу керек?
Бақылау жасау әдісі — біріншіден ,оқушы бойында қоршаған дүниеден нақтылы және бейнелі түсініктер мен ұғымдар қалыптастыруға, соның негізінде бастауыш класс оқушыларының шығармашылық ойлау әрекетін, ауызша және жазбаша сөзін дамытуға мүмкіндік береді
Екіншіден . табиғи құбылыстардың үздіксіз өзгеруі мен дамуына , табиғатта болып жатқан құбылыстардың өзара байланысы мен заңдылығына , дүниенің біртұтастығына балалардың көзін жеткізеді.Үшіншіден оқушының бақылағыштық,байқағыштық қасиеттерінің қалыптасуына мүмкіндік береді, ол зейін тұрақтылығын тәрбиелеп, шығармашылық , танымдық қабілетін арттырады.Бақылау әдісін сабақта қолдануда төмендегідей жүйені қолданамын.
1 Бақылау өткізуге сай оқу материалдарын іріктеу.
2. Оқушыларды бақылау өткізуге дайындау.
3 Сабақта бақылауға қажетті қарапайым түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыру.
4. Бақылаудың мақсатын айқын қоя білу.
5. Күн ілгері бақылауға қажетті тапсырмалар әзірлеп , балаларға тапсырмалар беру.
6. Қажетті жабдықтарды дайындау.
7. Бақылау нәтежелерін жазу, қорытындылар шығару.
Бақылау әдісі — өткізілу уақытына қарай бірнеше кезеңдерге бөлініп өткізіледі ..
1Мұғалімнің басшылығымен бақылау.( Оқушылар айналадағы табиғатты бақылауға әлі дағдыланбаған , ондағы өзгерістерді белгілеп алуды әлі білмейтін кезде , көбірек 1класта өткізіледі)
2.Жүйелі түрде қысқа мерзімдік уақытша бақылау .( Оқушылар мұғалімнің тапсырмасы бойынша серуендеу кезінде не табиғат аясында болғанда белгілі бір мезгілде бақылайды Мысалы : жыл мезгіліндегі өсімдіктер өзгерісі.)
3.Өздігінен ұзақ уақыттық бақылау ( Мысалы : белгілі бір өсімдіктің өсуі, өнуі, көбеюі, тұқымы , жеміс беруі, қурауы . Көктемде, жазда, күзде, қыстағы өзгерістері . Немесе көжектің әр ай сайын өзгеруі .
3. Топырақ және оның қасиеттері, топырақтың өсімдікке тигізетін әсері
Ауамен, сумен бірге топырақ тіршілік өсімдіктерді қоректік көзі, сумен қамтамасыз ететін жердің жұмсақ қабаты «топырақ» деп аталады. Топырақтың негізгі қасиеті – құнарлығы. Топырақтың құрамында әртүрлі қажетті қоректік заттар су, ауа, саз, құм, шірінді болады. Топырақтың беткі қабаты қоңыр түсті болып келеді. Қарашірік қабаты. Қарашірік қабаты өсімдіктер мен жануарлардың шіріген қалдықтары.
«Қарашірік» қабатынан төменде бозғылттау қабат жатады. Жоғарыдан сіңген ылғал бұл қабаттағы түрлі минералдық заттарды ерітіп, төмен қарай шайып отырады. Топырақ қабаттарында т.б. зат алмасу жүріп жатады.
Ылғал жоғарыдан төмен сіңсе, құрғақ төменнен жоғары қарай көтеріліп, өсімдік өзіне қажетті қоректік заттарды бойына алады.
Қазақстанның көпшілік бөлігі жазық болып келеді. Жазық бөлігінің топырағы солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгереді. Орманды дала аймағы қарашірікті топырақ қалыңдығы: 75см-ге жетеді.
Дала зонасында одан жұқалау қара топырақ, онда астық дақылдары бидай, жүгері егіледі, өнімі мол.
Өсімдіктердің өсуі үшін топырақтың суды сіңіру және бойында ұстауының маңызы зор. Сазды топыраққа түскен су сіңбейді, кілкіп тұрады. Өсімдікке қажетті ауа кірмейді. Құмайт топыраққа су жақсы сіңгенімен суды бойына ұзақ ұстай алмайды, тез кеуіп кетеді. Көп жерлерде топырақ бетіне тұз шығып жатады. Оны «сор» деп атайды. Өсімдік әр жерде бірен-саран кездеседі. Топырақты күтіп, баптамаса азып-тозады, өнім шығыны азаяды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет