3.Қазақстан Республикасының ақпарат саясаты, БАҚ-ның дамуы.
● Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ)
- арнайы ақпараттың көмегімен
, кез
келген тұлғаларға əртүрлі мəліметтерді ашық жариялауға арналған
əлеуметтік мекемелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін
атап көрсетеді:
жариялылық
,
яғни тұтынушылардың шексіздігі
;
арнайы
техникалық құралдардың
,
аппаратуралардың болуы
; ақпарат
таратушының
қабылдаушыға біржақты ықпалы
; тұтынушы аудиторияның
тұрақсыз əркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі
бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі зор. Бұқаралық ақпарат құралдары
төртінші билік болып табылады.Бұқаралық ақпарат құралдарының
еркіндігі адам бостандығының маңызды
алғы шарты болып
табылады
,яғни қоғам мен мемлекеттегі жоғарғы
құндылық.Себебі,бұқаралық
ақпарат еркіндігінсіз
,яғни сөз еркіндігісіз
азаматтық қоғамды елестету мүмкін емес.Демек,тəуелсіз қоғамдық
бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі мен оның демократия үшін
маңыздылығын зерделеуге тиіспіз.Бұқаралық ақпарат құралдарының
мақсаты –елде жəне шетелде болып жатқан оқиғалар жайлы қоғамға
нақты жəне кедергісіз ақпарат беру.Сөзсіз,қоғамдық бұқаралық ақпарат
құралдарының болуы жəне оның жұмыс істеуі-кез келген демократиялық
мемлекеттің қажетті элементі.
Билет 22
1.Орхон-Енисей (руникалық) жазуы ежелгі түркі өркениетінің белгісі
ретінде.
Көне түркі жазуы, түркі руникалық жазба ескерткіштері – 7–9 ғасырлардағы
көне түркі ойма жазулары мен қолжазбалары, көне түркі əліпбиіндегі əр алуан
мəтіндер. Көне түркі жазба ескерткіштері арқылы қазіргі түрік халықтарының
көне тілін, тарихын, этногенезін,
географиясын
, рухани мəдениетін, жазба
дəстүрін, əдет-ғұрыптары мен дүниетанымын білуге болады. Орхон-Енисей
жазбалары — б.з. V ғ. — X ғғ аралығындағы түркі тайпаларының тасқа қашап
жазған жазбалары.Орхон-Енисей ескерткіштері алғаш Орхон өзені бойынан
(Екінші түркі қағандығы кезі) табылды, кейін Енисей өзенінің жоғарғы
ағысында (Қырғыз қағандығы). Кейде руник жазбасы дейді, алман
руналарынынан жанасым тауып (кейбір
нышандар кескіні дəл келіп тұр
,
дауысты мағынасы да жақын). Азиялық түркі руналары соғды жазуының
негізінде VIII ғ. бұрын жасалған деп есептеледі. Оның əліпбиінде 40-қа жуық
графема бар. Көне түркі руника жазуы ерекшелігі - онда негізгі велярлық жəне
палаталдық дауыссыздарға арналған бірнеше жұп дербес əріптер бар. Көне түркі
руника жазуы жұмбағын 1893 жылы В. Томсен шешкен. Орхон ескерткіштерінің
тұңғыш тəржімаларын 1894 жылы В.В. Радлов жасаған. Орхон-Енисей
жазбалары Шығыс Түркі қағанатының қағаны Білге мен оның інісі Күлтегін
қабірлеріне қойылған орасан зор құлпытастарға қашап жазылған жыр жолдары
болып шықты. Жырға арқау болған негізгі мəселелер - елдің тəуелсіздігі,
береке-бірлігі. Күлтегін жырында сегіз оқиға баяндалған.
1.Біріншісінде, қағанның өз халқына қарата айтқан үндеуі,
2.Екіншісінде Түрік Қағанаты жерінің кеңдігін суреттейді,
3.Үшіншісінде түркілердің
əскери жорықтары
,
4.Төртіншісінде көршілес табғаштардың қастандық əрекеттері туралы əңгіме,
5.Бесіншісінде табғаш тайпасымен қатысу түркілерге қауіпті екендігі жөнінде,
6.Алтыншысы түркі халқының болашақты
болжай алмауына өкіну
,
7.Жетіншісі түркі халқының даңқын асырған қаған жөнінде,
8.Сегізіншісінде осы ескерткішті жыр қып жазуға түрткі болған жағдайларға
тоқталады.
Орхон-Енисей жазбаларының енді бір ескерткіші - Тоныкөк құлпытасындағы
жырлар. Онда да сол кездегі түркілердің өмірінен мағлұмат беретін он төрт жол
жазылған. Түркі халқының табғаштарға тəуелді болып қалу тарихы, азат қалған
түркілердің бірігуі,
қаған сайлауы
, Тоныкөктің ықпалымен Елтерістің қаған
болуы, Оғыз мемлекетінің тыңшылары түркілерге қауіп төндіргені,
қарсыластармен
болған шайқастар
, анталаған жаудың бетін қайтаруда
Тоныкөктің ерлігі, ұрыс-шайқастардың жүргізілуі, түркілердің түрлі
тайпалармен жауласу жолдары баяндалып, Тоныкөкті мадақтау берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |