Республикасының халықаралық беделін көтеру жəне оның легитимділігі
экономикалық жəне саяси реформаларды табысты жүргізуге: қоғамдық өмірдің
мемлекеттен тыс жəне дербес болуына, демократиялануына мүмкіндік береді.
Осы экономикалық жəне саяси процестердің негізінде қазақстандық қоғамды
консолидациялау Қазақстан Республикасын халықаралық аренаға іргелі жалпы
адами құндылықтарды (нарық жүйесі жəне баламалы айырбас, тату көршілік
жəне күш қолданбау, тұлғаның құқықтары мен қадір-қасиеті, хдлықаралық
келісімдер нормаларының басымдығы жəне т.б.) танитын тең құқықты серіктес
ретінде алып шықты. Төртіншіден, əлемдік қауымдастыққа кіруде Қазақстан
Республикасының ішкі саяси түрақтылығы ерекше мəнге ие болды. Осының
нəтижесінде Қазақстанды əлеуметтік қауымдастыққа, алдыңғы қатарлы елдерге
жақындататын инновациялық мəселелерді жүзеге асыруда берік болатын елдегі
əлеуметтік жағдайды болжауға болады. Қазақстан Республикасы тəуелсіз
мемлекет ретінде сыртқы саяси қызметтің нақты принциптері негізінде қызмет
етуі жəне мүдделерін халықаралық аренада бейнелейтін жеке сыртқы саяси
құндылықтары мен басымдықтарын жобалауы керек.Əрине, осы сыртқы саяси
принциптер, құндылықтар мен басымдықтар өлемдік қауымдастық үшін
деструктивті болмауы шарт.
Достарыңызбен бөлісу: