Билет №18 Аңырақай шайқасы


Билет 23 1.Ұлы жібек жолындағы Қазақстанның түркі дəуіріндегі ортағасырлық



Pdf көрінісі
бет13/49
Дата26.12.2023
өлшемі0.78 Mb.
#487979
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   49
Билет 18-35

Билет 23
1.Ұлы жібек жолындағы Қазақстанның түркі дəуіріндегі ортағасырлық
сəулет ескерткіштері.


Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихына үңілсек, осынау тарихи жолдың
жібек саудасына байланысты «Жібек жолы» атанғаны түсінікті. Ал «Ұлы»
сөзінің оған қосылуы жолдың кең байтақ Шығыс пен Батыс өлкелерін
байланыстыруында болды. Сондықтан бұл жол «Ұлы Жібек жолы» деп
аталды.Біздің заманымыздан бұрынғы екінші ғасырдың орта шенінде Жібек
жолы елшіліктің жəне сауда-саттықтың тұрақты желісі ретінде қызмет атқара
бастайды.Ұлы Жібек жолының тарихи маңызын атап көрсетсек: мұсылмандық
діни орындар (мешіт, шығыс моншалары, ғибадатханалар, мавзолейлер тағы
басқа) салынды;жер жаһанның барлық территориясын белгілі бір дəрежеде
қамтыды; əлемдік өркениеттер осы осы жол арқылы бір-бірімен ассимиляцияға
түсе
отырып, жаңа саясимəдени өркениеттердің қалыптасуына əсерін
тигізді.Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда қазіргі кезге дейін сақталған
архитектуралық құрылыстар саны көп емес жəне мұсылмандық орта ғасырлар
дəуірімен шектелген. Сондықтан сəулет енері тарихының жалпы проблемаларын
шешу, архитектуралық-көркемдік бейне эволюциясын ашып көрсету, сəулет
өнері дамуының зандылыктарын зерттеу көбінесе сəулет енері ескерткіштерін
археологиялық зертгеуге байланысты.Бүгінде Қазақстан жерінде Айша бибі,
Жошы хан, Қожа Ахмет Йасауи кесенелері сияқты ортағасырлық атақты сəулет
өнерінің туындылары сақталған. ▪ Айша бибі кесенесі Айша бибі (ХІ - ХІІ ғғ.)
Қараханидтер əулетінің негізін қалаушы Қараханның қалыңдығы, қазіргі Тараз
қаласының жанындағы, сонау скифтер заманынан бастап ақ қазақтың қол
өнеріне енген, содан бері қолданылып келе жатқан ою өрнек, əшекей түрлерінің
бəрін қамтитын күрделі арихитектуралық əсем ескерткіштің иесі. ▪ Жошы хан
кесенесі Жошы Хан Күмбезі – Жезқазған қаласынан солтүстік – шығысқа қарай
50 км жерде, Кеңгір өзенінің жағасында орналасқан көне архитектуралық
ескерткіш. Күмбезде сақталған таңбаларға қарағанда, оны салуға Жошыға
бағынған тайпалардың бəрі (оғыз, арғын, қыпшақ, керей, найман, қоңырат,
қаңлы, т. б.) қатысқан. Қожа Ахмет Йасауи кесенесі Ахмет Йасауи кесенесі —
Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық
ғимарат. Қожа Ахмет Йасауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуы мен
өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене
мұсылмандардың жаппай тəуептеу орнына айналды. ▪ Алаша хан күмбезі Алаша
хан күмбезі Ұлытаудың Қаракеңгір өзен жағасында (Сарыкеңгір өзенінің
құярлық саласында) биік жотаның үстінде тұр. Ғалымдар күмбезді Қарахан
əулетіне, оғыз - қыпшақ заманындағы (10 - 13 ғ. ғ.) сəулет өнерінің қатарына
қосады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет