үйсін, сақ, ғұн, қаңлы жəне сармат тайпалары қазақтардың арғы тегі болып табылады.
Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша үйсін тайпалары мен кейінгі қазақ этносының
арасында тікелей этногенетикалық байланыс бар. Оларда көшпелі өмір салты
мал
шаруашылығымен байланысты
, киіз үйді кең пайдаланған, ет-сүт өнімдерін тамаққа
пайдаланған, бидайдан нан пісірген жəне т.б. айқындаушы ұқсастықтар көп. Сонымен
қатар қоғамдық - əлеуметтік құрылымда да ұқсастық бар. Үйсін мемлекеті үш бөлікке
бөлінген: сол қанат, оң қанат жəне орталық қанат. Осы бөліністер олардың қазақ
жүздерімен сəйкестігін көрсетеді. Бұл этногенетикалық ұқсастықты дəлелдейді.
Ғалымдар қазақ халқының қалыптасуын түрік этногенезінің басталуына жатқызады.
Түркі кезеңіндегі шаруашылық-мəдени өмір кейін түркі халықтарының көбіне тəн
болды. Қазақстан жерін мекендеген түркі тайпалары монгол шапқыншылығы
қарсаңында біртұтас халық болып қалыптасуға даяр еді. Оған қимақ-қыпшақ
конфедерациясы мысал болады. Олардың Алтайдан Еділге дейін алып жатқан
территориясын парсы ақыны, саяхатшы Насир Хосроу «Қышақ даласы» деп атаған.
Алайда монғол шапқыншылығы бұл жердегі тайпаларды басқару жүйесіне
жəне де
шаруашылық жағдайына
, əдет - дəстүрге өзгеріс əкелді. Монғолдардың жаулап алу
саясаты этникалық құрамға біршама өзгеріс жасады. Қазақстан территориясы əртүрлі
этникалық топтардың қоныстану аренасына айналды. Ұлы қоныс аудару кезеңінде,
сосын түркі жəне монғол шапқыншылығы дəуіріндегі этникалық араласу қазақтардың
сыртқы түріне үлкен өзгеріс əкелді. Сонымен бірге этномиграциялық процесс
нəтижесінде
жергілікті
тайпалар
басқа
тайпалармен
араласып,
оларды
ассимиляциялады. Сондықтан да қазақтардың арғы тегіне Қазақстан территориясы
өзіне Отан болған тайпаларды жатқызуға болады. Жүз — орда, қазақ халқының үш
рулық-тайпалық бірлестіктерінің ортақ атауы. Дəстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден
тұрады:
Ұлы
жүз,
Орта
жүз,
Кіші
жүз.
Сарыүйсін,шапырашты,ошақты,ысты,албан,суан,дулат,сіргелі,қаңлы,жалайыр,шанышқ
ылы
рулары
ұлы
жүз,
арғын,найман,қыпшақ,қоңырат,керей
орта
жүз,байұлы,əлімұлы,жетіру кіші жүз құрамына кірді.Жүздер құрылуы туралы
əртүрлідеректер бар.Мысалы:Ш. Уəлихановтың пікірі бойынша, "Алтын Орда
мемлекетінің ыдырауы кезінде қазақтар өздері көшіп жүретін жерлердегі өз
құқықтарын қамтамасыз ету үшін осындай үлкен одақтар құрған". Н.А.Аристовтың
ойынша, "жүздерге бірігу жоңғар шапқыншылығы кезінде шыққан".деген.
Достарыңызбен бөлісу: