Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қай реформасын алсақта, халық игілігін жақсарту
үшін бағытталған. Жалпы, реформалардың басты мақсаты – Қазақстан халқының
əл-ауқатын арттырып,
тұрмыс сапасын жақсартып
, əлеуметтік теңдікті орнатуға
бағытталған. Қасым-Жомарт Кемелұлы «Күшті Президент – ықпалды Парламент –
есеп беретін Үкімет» қағидатын басшылыққа ала отырып, қоғамның қажеттілігіне
негізделген еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынды. Бүгінгі
таңда Президент реформалары өз нəтижесін беруде. Конституцияға өзгерістер
енгізіліп, Сенат пен Парламент Мəжілісінің міндеттері артты. Бұл жерде барлық
деңгейдегі мəслихаттың құзыреті артқанын да айта кеткен жөн. Мəслихат өз алдына
жеке институт ретінде қалыптасты. Мəслихат
депутаттары бюджетті бекітетін
,
қарастыратын, оны қадағалайтын органдардың біріне айналды. Ендігі кезекте елдің
бағыты да, ұраны -ашықтық болады. Өйткені Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев
алғаш өзінің қызметтік
лауазымына келгеннен кейін
, бірден елді демократияландыруды
қолға алды, билікке халықтың жақындауын басты мақсат етті, «Халық үнін еститін
мемлекет» тұжырымдамасы арқылы бүгінгі күні елдің үнін, тілегін, ниетін жоғары
билік құрылымы еститін болды.
Біріншіден, Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі
жалақы мөлшерін 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге дейін көбейту туралы шешімін
жария етті. Бұл шара 1 млн.
адамды тікелей қамтитын болса
, еңбек етіп жүрген барлық
азаматтарға жанама түрде əсер етеді. Екіншіден, соңғы 10 жылда кəсіпорын иелерінің
табысынан 60 пайызға артта қалып келген еңбекақы қорын көтеру қажеттігін айтты.
Осы орайда Үкіметке жұмысшылардың жалақысын көтеру үшін бизнесті ынталандыру
шараларын əзірлеуді тапсырды. Жұмысшыларының жалақыларын өсірген жұмыс
берушілерге сатып алуларда жеңілдік қарастырылып, мемлекеттік қолдауда басымдық
беріледі. Үшіншіден, Мемлекет басшысы микро жəне шағын кəсіпкерліктің еңбекақы
төлеу қорынан алынатын бірыңғай төлем көлемін 34 пайыздан 25 пайызға дейін
төмендетуді ұсынды. Бұл бизнестің мыңдаған қызметкерін «көлеңкелі айналымнан»
шығаруға
, зейнетақы, əлеуметтік жəне медициналық сақтандыру жүйелерінің толық
қатысушысы болуына ықпал етеді. Төртіншіден, Президент 2022 жылдан 2025 жылға
дейін
мəдениет қызметкерлерінің
, мұрағатшылардың, кітапханашылардың,
техникалық
қызметкерлердің
,
қорықшылардың,
көлік жүргізушілерінің жəне басқалардың
жалақысын жыл сайын орта есеппен 20 пайызға өсіруді тапсырды. Бұл бастаманың
игілігін тұтастай алғанда тағы 600 мың қазақстандық көреді. Бесіншіден,
Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы қорындағы жинақтың алуға болатын бөлігін «Отбасы
банктегі»
есепшотқа аударып
, сол арқылы баспана сатып алуға рұқсат беру керек деп
санайды. Оның айтуынша, бұл қаржыны дұрыс жинап, сауатты пайдалану дағдысына
үйретеді.
Достарыңызбен бөлісу: