Кенесары ханның соңғы шайқасы қырғыздардың Кекілік-Сеңгір деген жерінде болады.
Қырғыз манаптарымен Вишневскийдің отряды жəне Қоқан хандығының əскері
«Алмалы сай» шатқалында Кенесарының сарбаздарын үш жақтан қоршауға алады.
Өздерінен бірнеше есе күші көп жаумен болған шайқаста Кенесары хан 32 қазақ
сұлтанымен бірге тұтқынға түседі. Наурызбай батыр қаза табады. Қырғыздардың
қолына тұтқынға түсіп қалған Кенесары ханды патша тарапынан сыйлықтар алған
қырғыз манаптары өлтіреді.
Көтерілістің жеңілу себептері:• Қазақ феодалдарының біразы Кенесарыны қолдамады;•
Қазақ халқы арасында рулық алауыздық
пен руға бөліну болды
;• Ресей билеушілерінен
жеңілдіктер алған ақсүйектердің бір бөлігі орталықтанған феодалдық мемлекет құруға
мүдделі болмады;• Көтерілісті қолдамаған ауылдарға Кенесары аса қатты жаза
қолданды;•
Қазақтар қырғыздармен
, қоқандықтармен болған шайқастарда Кенесарыны
қолдамады.• Бұхар, Қоқан феодалдарымен соғысып, күшін сарқыған Кенесары қолы
Ресейге қарсы тұра алмады.
Достарыңызбен бөлісу: