Билет №18 Аңырақай шайқасы


 жылғы «Жетісу жəне Сырдария облыстарын басқару туралы



Pdf көрінісі
бет39/49
Дата26.12.2023
өлшемі0.78 Mb.
#487979
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   49
Билет 18-35

2.1867 жылғы «Жетісу жəне Сырдария облыстарын басқару туралы
уақытша ереженің» жəне 1868 жылғы 21 қазандағы «Орынбор жəне
Батыс Сібір бас үкіметтерінің Дала облыстарын басқару туралы
уақытша ереженің» жүзеге асырылуы.
Ресей империясы үкіметі 1867-1868 жылдары Қазақсьан аумағында
əкімшілік реформа жүргізді.Оның негізгі мақсаты сұлтандар тобын өкімет
бөлігінен біржолата ығыстырып, жалпы империялық басқару тəртібін
енгізу еді. Жаңадан енгізілген шаралар өлкені шаруашылық жағынан
отарлауға ықпал етуге жəне оған Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныс
аударатын шаруаларды одан сайын қаптатуды қамтамасыз етуге тиіс
болды. 1867 – 1868 жылдардағы реформалар «уақытша» сипат алып, екі
жылға тəжірибе ретінде енгізілді, бірақ заңды тұрғыдан бекітілмей, ХIX ғ.
80-90 жылдарға дейін қолданылды.Аумақтық өзгерістер: ІІ Александар
патша 1867 ж. 11 шілдеде «Жетісу, Сырдария облыстарын басқару
туралы», 1868 ж. 21 қазанда «Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын
басқару туралы» уақытша ережелер жобасын бекітті. «Уақытша ережелер»
бойынша Қазақстан жері үш генерал-губернаторлыққа бағынды. Олар:
Батыс-Сібір, Орынбор, Түркістан. Батыс Сібір генерал-губернаторлығына
– Ақмола, Семей; Орынбор генерал-губернаторлығына – Орал, Торғай;
Түркістан генерал-губернаторлығына – Жетісу, Сырдария облыстары кірді.
1870 ж. Маңғыстауьприставтығы – Кавказ əскери округына, 1872 ж. Бөкей
ордасы – Астрахан губерниясына қарады. Басқарудағы өзгерістер: 1867 –
1868 жж. басқару жүйесі өзгеріссіз қалды. Генерал-губернаторлықты
генерал-губернатор, облысты əскери-губернатор, уезді уезд бастығы,
болысты
болыс,
ауылды
ауыл
старшыны
басқарды.
Облыс
орталықтарында – полицейлік басқармалар, уездік қалаларда – полицейлік
приставтықтар сияқты тəртіп бақылау мекемелері құрылды. Отаршылдық
билеудің күшейгені сонша, сайланған болыс пен ауыл старшынын бекіту
не бекітпеу əскери губернатордың қолында болды. Егер ол сайлау
нəтижесін бекітпей қайта сайлау жүргіземін деп шешсе, оған ешкім қарсы
келе алмайтын еді. Отырықшы тұрғындар мен қоныс аударушылар құқық
тұрғысынан
Ресейдегі
селоның
жəне
қаланың
тұрғындарымен
теңестірілді. Бұл ереже қазақ жеріне сырттан көшіп келгендердің
мəртебесін арттырды. Қазақ ақсүйектері барлық артықшылықтарынан
айырылды. Сот жүйесіндегі өзгерістер: Халық дəстүрі мен ислам
қағидаларына сүйенген халық соты қатаң түрде билік орындарының
бақылауында болды. Христиан дініне қарсы əрекет, жаңа басқару жүйесіне


наразылық таныту, алымсалық төлеуден жəне мемлекет үшін əртүрлі
міндеттер атқарудан бас тарту сияқты қылмыстар билер сотының
қарауынан алынып, жергілікті отаршылдық биліктің құзіретіне берілді.
1867-1868 жылдардағы ережелер бойынша болыстық соттың үш буыны
болған еді: билердің төтенше съезі, билердің болыстық соты, бидің жеке
соты. Билердің төтенше съезі тек əскери губернатордың рұқсатымен
шақырылды, ал сот процесі уезд бастығы немесе Облыстық басқарма
құқығына ие болған шенеунік қатысқан жағдайда ғана заңды болды. Билер
3 жылға сайланды, олардың қызметін уездік начальник қатаң бақылап
отырды. Салық жүйесіндегі өзгерістер: 1867 – 1868 жж. реформалар
бойынша қазақ халқы жылына бір рет «түтін салығын» төлейтін еді. Оның
мөлшері: Орынбор, Батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы қазақтар
үшін 3 сом, Түркістан генерал-губернаторлығындағы қазақтар үшін 2 сом
75 тиын болып белгіленді. Шыңғыс ұрпақтары салықтан босатылды.
1867-1868 жылғы ереженің қазақтарға ең басты ауыртпалығы жер мəселесі
болды. Онда қазақ жері Ресей империясының мемлекеттік меншігі деп
жарияланып, қазақтарға «қоғамдық пайдалануға» берілді. Экономикалық
жағдайы: Қазақ жері үш генерал-губернаторлыққа бөлінді: Түркістан –
орталығы Ташкент, Орынбор – орталығы Орынбор, Батыс Сібір –
орталығы Омбы. 1872 жылдан бұрынғы Бөкей хандығының жері Астрахан
губерниясына, ал Маңғыстау приставтығы 1870 жылдан Кавказ əскери
округінің басқаруына, кейіннен Закаспий облысына енгізілді. Түркістан
генерал-губернаторлығына Қытай жəне Иранмен дипломатиялық келіссөз
жүргізуге рұқсат етілді. 1867-1868 жылдардағы реформаның түйінді жері
əскери жəне азаматтық биліктің генералгубернатор қолында шоғырлануы
болды. Генерал-губернаторлықтар жеке облыстарға жіктелді. Орынбор
генерал-губернаторлығына Орынбор жəне Торғай облыстары, Түркістан
генерал-губернаторлығына Жетісу жəне Сырдария облыстары, Батыс Сібір
генерал-губернаторлығына Ақмола жəне Семей облыстары біріктірілді.
Облыс басында тұрған əскери губернатор сонымен қатар, сол аймақтағы
казак əскерінің үкімет тағайындаған атаманы болып есептелді. Əскери
губернатор жанында іс жүргізумен айналысатын облыстық басқармалар
ұйымдастырылды. Ол шаруашылық, сот істері, жарлықты жүзеге асыру
бөлімдерінен
тұрды.
Облыстық
басқарма
істерін
қадағалау
вице-губернаторларға
тапсырылды.
Уездер
аумақтық
принципке
негізделген болыстарға, ал болыстар 100-200 шаңырақтан тұратын
ауылдарға бөлінді. Сұлтандар үкіметтен өмірлік зейнетақымен қамтамасыз


етіліп,
салықтардан
босатылды.
Реформаның
таптық
мазмұнын,
отаршылдық бағытын осыдан көруге болады. Сырдарияның отырықшы
елді мекендерінің басқару билігі ақсақалдар қолына берілді. Облыстық
əскери губернаторлар бекіткен ақсақалдар өкілдер жиынында 3 жылға
сайланатын. Болыстық жəне ауылдық старшындар сияқты ақсақалдарға да
қоладан құйылған арнайы белгі мен мөр тапсырылатын. Сот ісін басқару
құрылымы үшке бөлінді. Əскери-сот комиссиялары, уездік соттар, билер
мен қазылар соты. Сырдария облысында қазылар соты сақталса да, əскери
уездік соттардың дауларды шешудегі əсері басым болды. Əскери
губернатор бекіткен билер мен қазылар соты патша үкіметінің
Қазақстандағы отаршылдық сот жүйесінің төменгі буыны болды.
1867-1868
жылдардағы
реформалар
Қазақстанның
əлеуметтік-экономикалық дамуында белді орын алды. Өлкенің табиғи
байлықтарын
игеруге
қолайлы
жағдайлар
қалыптасты.
Феодалдықпатриархалдық қатынасты əлсіреткен капиталистік құбылыстар
ене бастады. Таптық жіктелу салдарынан жатақтар қалыптаса бастады,
яғни кедейленген қазақтардың өндіріс орындарына шоғырлануы. Реформа
арқылы отарлық басқару, билік нығайтылды. Абай Құнанбайұлы, Ыбырай
Алтынсарыұлы реформаның теріс жақтарын өз шығармаларында
мысқалдап, сынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет