Ново-Огарёвода жаңа мемлекетаралық ұйым - Егемен мемлекеттер одағын
құруға ниет білдірді. Жеті мемлекет басшылары 1991 жылдың аяғына дейін одақ
туралы жаңа шартқа қол қою туралы шешім қабылдады. 1991 жылы 25 қарашада
оған қол қою жоспарланған болатын. Бірақ бұл болмады. Тек М.Горбачев қол
қойып, жоба өзі жеті республиканың парламентіне бекітуге жіберілді. Бұл жай
ғана сылтау болды. Шын мəнінде, барлығы 1991 жылы 1 желтоқсанға
белгіленген Украинаның тəуелсіздігі туралы референдумның нəтижесін күтті.
1991 жылғы желтоқсанда Украина халқы Украинаның толық тəуелсіздігін
жақтап, М. Горбачевтің КСРО-ны сақтап қалуға ниеті орындалмады .
Орталықтың əлсіздігі 1991 жылы 8 желтоқсанда Брестке жақын орналасқан
Беловежя Пущасында Беларусь, Ресей жəне Украинаның басшылары Тəуелсіз
Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құру туралы келісімге қол қойды. Онда «1922
жылғы одақтық шартқа қол қойған КСРО құрылтайшылары КСРО халықаралық
құқықтың субьектісі ретіндегі жұмысын тоқтатады» шешілді. Бұл келісім 1922
жылғы КСРО құру туралы шарттың күшін жойды жəне оның орнына ТМД
құрылды.
Достарыңызбен бөлісу: