басқарды. Алғашқы кезде құрамына Хорезм, көшпелі түрікмендердің Маңғыстаудағы
Дихистан мен Үзбой бойындағы аумақтары мен Хорасанн кірді.Орталық Азия үшін
күресте Ұлыбританиямен бəсекелескен Ресей үкіметі 1839 — 40 жылы В.А.
Перовскийдің басшылығымен Хиуа хандығына қарсы əскери шабуыл ұйымдастырды.
Кіші жүзді билеген кейбір қазақ билеушілерінің көмегіне қарамастан Ресей
империясының бұл əрекеті сəтсіз аяқталды. Бірақ Орталық Азияға біржолата орнығуды
көздеген Ресей отаршылдары Хиуа хандығына үнемі əскери жəне экономикалық қысым
жасап отырды. Ақыры 1873 жылы К.П. Кауфман бастаған Ресей əскерлері Хиуаны
басып алды. 1873 жылы келісім бойынша Хиуа хандығы Əмударияның оң
жағалауындағы жерлерден бас тартты, егемендігінен айрылып, Ресей протекторатына
айналды. Хиуа хандығының тұрғын халқы өзбек, түрікмен,
қарақалпақ
, қазақтар
суармалы егіншілікпен жəне мал шаруашылығымен айналысты. Экспортқа мақта,
кептірілген жеміс, мал терісі мен жүн шығарылды. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен
кейін көп ұзамай кеңес үкіметінің қысымымен 1920 жылы 2 ақпанда Хиуа хандығы
құлап, оның орнына Хорезм Халық Кеңес Республикасы құрылды. 1924-25 жылдары
кеңес үкіметі орталық Азия республикаларының шекараларын межелеген кезде
көпшілік бөлігі Өзбекстанның құрамына, қалған бөлігі Түрікменстанның құрамына
енгізілді.
Абылай хан 1711-1781 жылдары өмір сүрген. Ол қазақ хандығының бұрынғы
шекарасын қалпына келтіріп, елдің саяси-экономикалық дамуына өзгерістер енгізген
мемлекеттік қайраткер. Абылай қаракерей Қабанбай, шапырашты Наурызбай,
қанжығалы Бөгенбай
, тарақты Байғозы, Малайсары, Баян батырлардың күшін біріктіре
білді.
1740 жылы тамызда Абылай хан жəне Орта жүз ханы Əбілмəмбет, тағы да басқа 120
старшынмен Орынборға келіп, Ресей мемлекетіне ант берді. Сонымен қатар, қазақ
халқының тұтастығын сақтау мақсатында Цинь империясымен де қарым қатынасты
үзбеді.
Достарыңызбен бөлісу: