Қазан хандығын, 1556 жылы Астрахан хандығын басып алды. Енді
шығысқа қарай кеңейіп келе жатқан Орыс мемлекеті шегарасын Қазақ
хандығына жақындата түсті. Енді Хақназардың хандығы шығыста Ертіс
бойынан батыстағы Ембіге дейін, ал оңтүстікте Сыр бойынан солтүстіктегі
башқұрттар аймағына дейін созылып жатты. 1563 жылы Қазақ
хандығының күшеюінен қатты қорыққан сібірлік Көшім хан Қазақ
хандығына дұшпандық саясат ұстанды. Оның үстіне моғол билеушілері
мен қазақ хандары арасында да қақтығыстар болып тұрды. Осындай қиын
уақытта Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті.
Шайбандық сұлтандар арасындағы өзара тартыстарды пайдаланған
Хақназар шебер дипломатиялық жолдармен Абдолланы уақытша болса да
өзінің жағына тарта білді. Өзінен бұрынғы қазақ хандары үнемі жауласып
келген Мауренахрдағы шайбанилық Бұхара ханы Абдаллах жəне қазақ
ханы Хақназар «қастаспай дос болып, өзара көмектесу» жөнінде одақтық
келісімшарт жасасты. Соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады,
қазақтардың
Орта
Азия
халқымен
сауда-саттық
қарымқатынасы,
экономикалық байланысы жақсарды. Мұның өзі Қазақ хандығының ішкі
жағдайын жақсартуға, шаруашылық өмірдің оңалуына тиімді болды. Қазақ
хандығы күшейе түсті. Хақназар хан Бұхара ханы Абдаллах ташкенттік
Баба сұлтанға қарсы күресте қолдап, соңғыны өлтіруге əрекеттер жасады.
Осыны сезген жəне бұрыннан өшіккен Баба сұлтан жедел қимылдап,
Хақназар ханның жасағына тұтқиылдан бас салып, ханның өзін де өлтірді.
Хақназар хан қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300
жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған
емес.ханның Ханық сұлтан ханымнан туған баласы. Хақназар хан тұсында
қазақ хандығы қайта бірігіп дами түсті.
Достарыңызбен бөлісу: