шапқыншылығына қарсы күресіне тікелей байланысты еді. Ол батырлар Бөгенбай,
Қабанбай, Малайсары, Олжабай, Наурызбай жəне басқалар. 19 ғасырда Ресей
империясының
отаршылдық экспансиясына
, сондай – ақ Орта Азия хандықтарының
зорлық – зомбылықтарына қарсы қазақтардың ұлт – азаттық қозғалысы кезінде ерекше
көзге түскен
Наурызбай
, Ағыбай, Бұқарбай, Иман, Жанқожа, Есет сияқты тағы басқа да
батырлардың есімдері мəңгі бақи халықтың есінде қалды Би — дəстүрлі қазақ
қоғамының
саяси-əлеуметтік
жүйесіндегі
демократиялық биліктің иесі.ежелгі
дəуірлерден 19 ғасырдың басына дейін қазақ қоғамы саяси потестарлы билік жүйесінің
негізінде дамығаны белгілі. Ең төменгі (бұқаралық)
билікті ауыл-аймаққа
, ру-тайпа
ішіне сыйлы, өмірлік тəжірибесі
мол ақсақалдар атқарса
, орта буындағы, яки,
потестарлы билік тізгінін ру-тайпа басылары — билер уысына ұстады. Ал мемлекеттік
жəне мемлекетаралық деңгейдегі мəселелерді қамтитын жоғары билікті төре тұқымы
—хандар мен сұлтандар иеленген.би
мемлекет басқару
жүйесінде кейбір айрықша
құқылар иеленді: “Жеті Жарғы” қағидаларына сай ол өзіне бағынышты ру-тайпа
шегінде сот жəне əкімшілік билік (ханмен қатар) жүргізді. Сот төрелігін жүзеге
асыратын. Сонымен қатар би ру-тайпаның басшысы ретінде əкімшілік қызметті де қоса
атқарып, өз қауымының тұрмыс-тіршілігін қадағалап, тəртіп-талабына жауапты болды.
ел тағдыры сынға түскен жаугершілік замандарда билер батыр-баһадүрлермен қатар
атқа қонып,
қарамағындағы
тайпаластарынан жасақ құрып, мемлекет тұтастығын,
ұрпақтар азаттығын қорғауға ұйытқы болған, қолбасшылық қызмет атқарған. би —
дипломат, елші. Ел бірлігіне, ұлт тұтастығына нұқсан келтірер ағайын араздығын
басып, руаралық дау-жанжалдарды бітістірумен шектелмей,
қазақ ұлысының
көрші
мемлекеттермен қарым-қатынас жасап, əр түрлі байланыс орнату ісінде де ханға
көмекші əрі кеңесші қызмет атқарғаны белгілі.би атағы мұрагерлік заңымен берілетін
лауазым емес. Көшпелілер мəдениетінің ерекше қыры — шешендік өнерді
меңгермейінше, тек əдет жосындарын жетік біліп, əділет принципін ұстану арқылы
ғана би атану, ел сенімін иелену мүмкін болмаған.
Достарыңызбен бөлісу: