Билет билет билет



бет28/36
Дата04.01.2023
өлшемі3.04 Mb.
#468109
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   36
Билеты МОӘТ-2

Кеңесте 174 диссертация, оның ішінде Математиканы оқыту әдістемесінен — 88 (10 докторлық, 78 кандидаттық диссертация), физиканы оқыту әдістемесінен 33 (3 Докторлық, 30 кандидаттық диссертация), химия мен биологияны оқыту әдістемесінен - 49(5 докторлык, 44 кандидаттык диссертация), математика және информатика 4 кандидаттық диссертация мамандықтары бойынша корғалды.
Диссертациялық жұмыстар еліміздің жоғары оқу орындарынын сәйкес кафедраларында, оның ішінде Қырғыз Республикасының жоғары оқу орындарында, жалпы білім беретін мектептерде орындалған.
Айта кететін жай, сол жылдары профессор А.Е.Әбілқасымованың жетекшілігімен "Математиканы оқыту әдістемесі" кафедрасының жанында "Орта және жоғары мектеп Дидактикасы" республикалық әдіснамалық семинары жұмыс істеді. Қорғауға ұсынылып отырган сәйкес мамандықтар бойынша диссертациялық жұмыстарды талқылауда семинардың рөлі мацызды болды. Қазіргі таңда семинар жұмысын жалғастыруда.
Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесінен қорғалған диссертациялар үздіксіз білім жүйесінің әртүрлі аспектілерін қамтыды. Мысалы, жалпы білім беретін мектепте математиканы оқыту әдістемесін жетілдірудің дидактикалык-әдістемелік негіздері бойынша докторлық диссертациялық жұмыстарды Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті математика кафедрасының доценті, п.ғ.к. М.Е.Есмұқан “Оқушылардың математикалык білімін қалыптастыруды және ойлау қабілетін дамытуды құрылымдаудың дидактикалық негіздері”, М.Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті бастауыш мектеп математикасын оқытудың әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, доцент, п.ғ.к. Л.Т.Искакова "Деңгейлі есептердің әдістемелік жүйесі орта мектепте математикаға үйрету нәтижелерін бақылау мен есепке алу шарты ретінде", И.Жансугуров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті математика және физика кафедрасының доценті, физика-математика ғылымдарының кандидаты Е.Ж.Смагулов "Үздіксіз математикалық білім беру жүйесіндегі оқушылардың математикалық ойлау қабілетін қалыптастырудың дидактикалық негіздері” және т.б. қорғады.
Сонымен қатар, диссертациялық кеңесте ЖББ мектептерде физика, информатика, химияны оқыту әдістемесін және болашақ химия, физика мұғалімдерін даярлаудың дидактикалық-әдістемелік негіздерін жетілдіру бойынша докторлық және кандидаттық диссертациялық жұмыстар қорғалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет