Билет билет билет



бет30/36
Дата04.01.2023
өлшемі3.04 Mb.
#468109
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   36
Билеты МОӘТ-2

Әміржан Сыдықұлы (1898 - 1984). Көпке танымал ғалым – ұстаз, педагогика ғылымдарынын кандидаты, Қазақстанда кеңес үкіметі тұсында халық ағарту ісі мен педагогика ғылымының іргетасын қалаушылардың бірі Әміржан Сыдықұлы ұстаздық жолын 1918 ж бастауыш мектеп мұғалімінен бастады. 1924 жылы халыққа білім беру Орталық институтын тәмамдады. Оның тағылым алған ұстаздары А. Блонский, Н.К. Крупская секілді аса көрнекті ғалым - педагогтар болды. Ә.Сыдықұлы халық ағарту саласындағы жұмысын педагогика және мотодика жөніндегі шығармашылық қызметімен орайлы ұштастыра білді. Оның тұңғыш ғылыми мақалалары «Темір қазық» және «Таң» журналдарында жарық көрді. 1932 жылы ппрофессор Ш.Әлжановпен бірге «Маркстік педагогика жөніндегі хрестоматия» деген еңбекті құрастырды. 1949 ж «Ы.Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен ағартушылық қызметі» атты монографиясын жазып республикадағы педагогика ғылымы тарихына елеулі үлес қосты. Ә.Сыдықұлының оқыту методикасы саласындағы еңбегі де айтарлықтай мол.
Оқулық туралы:
«Математика сабағы» оқулығы Қазақстан баспасынан латын алфавитімен басылып шыққан. Кітаптың сыртында «Колхоз жастары мектебінің 1-інші оқу жылына,жеті жылдық мектептердің 5-інші оқу жылына және өз бетімен білім алушыларға арналған кітап» деп атап көрсетілген.
Кітаптың «Жазушылардан» деп аталатын алғы сөзінде «...бұл математике кітабы қазақ тілінде алғаш рет шыққан кітап» екендігі атап көрсетіліп, сол кезеңдегі 5-ші сыныптарда оқытылатын оқу материалына сипаттама берілген және оқулықта пайдаланылған математика терминдері туралы айтылған.
Көлемі 192 беттен тұратын осы оқулық 90 параграфқа бөлінген 12 бөлімді қамтиды. Соңында қосымша ретінде КСРО-ның халық шаруашылығына байланысты кестелер мен диаграммалар түріндегі сандық мәліметтер, сондай-ақ латын әріптерінің баспа және жазба түрлері, оқылулары енгізілген.
Оқулықтың негізгі ерекшеліктерінің бірі – онда пайдаланылған математикалық терминдердің сипатында. Авторлар, алғысөзде атап көрсетілгендей, Мемлекетттік білім кеңесі бекіткен терминдерден ауытқымауға тырысқан. Бұл жөнінде авторлар былай деп жазады: «...қолданылған атаулар түгелімен білім кеңесі мақұлдаған пән атаулары. Қазақ оқытушылары – өздерінше басқа атаулар қойып, білім кеңесінде алынған сөздерді қолданбауы лайық емес. Бұл сөздердің ұнамсыздары, дұрыс ұғым бере алмайтындары болса – оларды сын ретінде газетке, журналға, білім кеңесінің өзіне білдіруі тиіс...».
Оқулықта берілген есептердің негізгі ерекшеліктері ретінде мыналарды атауға болады:
-олардың мазмұнында сол кездегі қоғамдық және тұрмыстық жағдайларға байланысты мәселелер қамтылған;
-мазмұны мен сандық мәліметтері нақты өмірден және оқушыларға коммунистік тәрбие беру ісіне жәрдемдесетіндей етіліп алынған;
-есептерде оқушының жасына, оның мүддесіне лайықты мәселелер қарастырылған;
-есептердің мазмұнының оқушыға таныс немесе оңай түсінетіндей оқиғалардан алынуына мән берілген, т.б.
Оқулыққа барлығы 795 жаттығу (мысалдар, есептер, практикалық жаттығулар және т.б.) енгізілген. Бұның әрине оқушылардың математикалық білімдерді тәжірибемен ұштастыра отырып игерулеріне мол мүмкіндік туғызатыны сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет