Тарихағымындағы халық Тәуелсіз Қазақстанның мәдениеті. «Мәдени мұра», «Тарих ағымындағы халық» мемлекеттік бағдарламалары: мақсаты мен негізгі кезеңдері.
Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы – мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктердің маңызды қоймасын жасау және қорғау бағдарламасы.
2003 жылы сәуірде Қазақстан халқына жолдауында арнайы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Елбасының жолдауымен қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қазіргі Қазақстанның әлемдік өркендеуінің дәлелі.
Мәдени мұра өркениетті қоғамның ең маңызды себебі болып табылады, ол өзіндік рухани – өнегелілік пен материалдық құндылықтардан тұрып, ол бір ұрпақтан келесі ұрпаққа жай өтіп ғана қоймай, оларды жоғалтып алмас үшін, ұлттық, мемлекеттік масштабтағы үлкен күш пен құралдарды салуды талап етеді.
Оның ең бірінші аспекті халықтың бай мәдени мұрасы арқылы қазақстандықтардың ұлттық сана сезімін дамыту мен бекітуге бағыттылған.
«Мәдени мұраның» екінші маңызды аспектісі - әлемге бай ұлттық рухани қазынасын ашу.
Бағдарламаның үшінші аспектісі – тарих, философия, этнография, тіл, әдебиет, көркем өнер, музыка және т.б
«Мәдени мұра» бағдарламасын орындау барысында 2004 бастап бүгінгі күнге дейін 73 аса археологиялық және сәулет ескерткіштеріне қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, 40 аса археологиялық, 26 ғылыми қолданбалы зерттемелері жүргізілді.
Мәдени мұра» ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асырудың мақсаты, тапсырмасы қазақстандықтардың қазіргі ұрпағына, Ұлы қазақ даласында өмір сүрген және өмір сүріп жатқан халықтың мәдени игілігін сақтау болып табылады.
22 билет Түрік қағанаты мәдениеті, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы
Түрік қағанаты (552-603) – Парсы мен Қытай арасында қалыптасқан ортағасырдағы алғашқы мемлекет.Шығыста Алтайға дейін,батыста Каспийге дейін созылып,Оңтүстік батысында Парсы елімен шектесіп жатты.Түркі қағанатының негізгі құрамы түркі тілдес теле тайпасынан тұрды.Оның мағынасы «Түрік» деген мағынаны білдіреді.Қытай деректерінде 542ж кездеседі.Түріктердің бастапқыда мемлекеті болмады.Олар жужандарға тәуелді болып,темір балқытқан.
545 жылы Түріктер көсемі Бумын Қытаймен елшілік алмасып,одақ құрады.Жужан билеушісі Анағұйды жеңгеннен кейін Бумын Түрік қағанатының билеушісі болып, «Елхан» деген атақ алады.Жужандардың жеңілуі түріктердің қағанатқа айналуына ықпал еткен оқиға болды.Жеңіліске Анағұй шыдамай өзін-өзі өлтіреді.
552 ж.Бумын Түрік билеушісі болады.Түрік билеушілері Ашина руынан шыққан.Ол текті қасқыр,аспаннан жаралған,көктүрік дегенді білдіреді.Бумын қайтыс болған соң билікке баласы Мұқан келеді.Оның кезінде түріктер жужандарды біржола жеңеді.Ол 553-572 жылдар арасында билік етеді.Оның кезінде Қытай түріктерге 100 мыңға жібек жылына салық төлеген.Мұқаннан кейін 572-581 жылдарда,оның бауыры Тобо қаған келеді.Ол мемлекеттің саяси ықпалын сақтап қалды.Орта Азияны басып алғаннан кейін Түріктер Жерорта теңізіне апаратын Ұлы Жібек жолының тармақтарын өзіне қаратты.Иштеми қаған тұсында түріктер өз билігін тек шығыста емес,батыста да жүргізе бастады.Ол 555ж Арал теңізіне дейін,Ташкенттен Сырдарияға дейінгі аралықты жаулап алады.
Соғдылар мен эфталиттермен соғыс
Каспий теңізінен Солтүстік Үндістан мен Шығыс Түркістанға дейінгі жерді Орта Азияның отырықшы мемлекетін Эфталиттер мекен етті.561-563жж. Түрік қағанаты Иранмен парсылармен одақтасты.Түріктер солтүстіктен,парсылар батыстан шабуыл жасап,Эфталиттер мемлекеті құлады.Көп бөлігін түріктер жаулап алды Оңтүстік Қазақстан мен Орталық Азия.Әскерді Иштеми басқарды.
570жж. Солтүстік Кавказ,Қара теңізді жаулап алды.Маньчжуриядан Босфорға дейін Қытай,Иран,Византияға ықпал еткен империяға айналды.568ж Византиямен елшілік алмасып,сауда дипломатиялық қатынастар орнатты.Византияға барған Түрік елшісі-Маниах,ал Византиядан түрік қағанатына келген елші-Зимарх.
Жалпы 570-580жж. Түрік қағанатының шығыстағы саяси ықпалының күшті болуы Тобо қаған тұсында болды.Ол Қытайдың екі жағымен де жақсы қарым-қатынаста болуды көздеді.VI ғ 2-ші жартысында Түрік қағанаты Қытай,Иран,Византия сияқты атақты ірі мемлекеттермен бір қатарда болды.Тобо қаған қайтыс болғаннан кейін 581ж Түрік қағанатының өз ішінде соғыстар басталды.Сөйтіп,603 жылы Түрік қағанаты батыс және шығыс болып 2-ге бөлінді.
Шаруашылығын айта кетсек, көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты.Түріктерде қала болғандығы жөнінде Күлтегін ескерткішінде айтылады.Ең алғашқы кезеңдерде түріктердің жерлеу рәсімінде мәйітті өртеу болды.Жерлеу орындарынан түріктердің отқа табынуын білеміз.