Науқасты объективті тексеру әдісі — науқасты клиникалық тексеру әдістерінің бірі. Науқасты объективті тексеру нәтижесінде алынған симптомдар диагнозды дұрыс қоюға өте маңызды. Объективті әдіс: қарау, сипап–сезу (пальпация), соққылау (перкуссия), тыңдаудан (аускультация) тұрады.
Қарау[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Қарау кезінде науқастың жалпы көрінісін және жағдайын байқаймыз. Науқастың жалпы жағдайын қанағаттанарлық, орташа ауырлықта, ауыр және өте ауыр болып бөлінеді. Алдымен науқастың төсектегі қалпын, сыртқы жабындылардың түсін (терісі, шырышты қабаттары), дененің жеке бөліктерін қарайды (бет, бас, мойын, дене, аяқ – қол). Науқастың төсектегі қалпы. Науқастың төсектегі қалпы активті, пассивті және мәжбүрлік болып бөлінеді. Активті дегеніміз ол отырып, тұрып, өзіне – өзі қарай алатын науқастарды айтамыз. Пассивті дегеніміз ол науқас өте әлсіз, күйзелген, ес түссіз жатқан, әдетте төсекте жатып, өзгенің көмегінсіз дене қалпын өзгерте алмайды. Кей ауруларда науқас өзін бір қалыпта ғана жақсы сезінеді оны мәжбүрлі қалып деп айтамыз. Мысалы, жүрек ауруларында ентікпе әсерінен көбіне отырғанды қалайды. Мәжбүрлі қалып науқастың жағдайын жеңілдетеді, бірақ аурудан жазылуға көмектеспейді. Мысалы, өкпенің жарылған абсцессінде науқас «ауырған» жағында жатады, бұл қақырықтың шығуын ауырлатады және инфекцияның одан ары таралуына жағдай туғызады.
Сана–сезімнің жағдайы
Сана – сезімнің бірнеше жағдайын ажыратады:
анық ес;
ступор – науқас сыртқы ортада нашар хабардар болады, сұрақтарға нашар немесе кешігіп жауап береді.
сопор (субкома) – ұйқы жағдайы. Егер науқасты осы жағдайдан қатты дауыспен оятса, онда ол сұраққа жауап береді ле, қайта терең ұйқыға кетеді.
кома – сана–сезімнің толық болмауы. Ол бас миының орталықтарының зақымдануымен байланысты. Комада бұлшық еттердің босаңсуы, сезімталдықтың және рефлекстердің болмауы, кез келген тітіркендіргіштерге (жарықтық, ауырлық, дауыстық) жауап бермейді. Кома қант диабетінде, миға қан кеткенде, улануда, бауырдың ауыр зақымдануында, бүйрек жетімсіздігінде болуы мүмкін.
Кейбір ауруларда орталық жүйке жүйесінің қозуынан сана– сезімнің зақымдануы болады. Оларға сандырақтау, галлюцинация (есту және көру) жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |