Билеты Билет №1



бет6/7
Дата06.04.2024
өлшемі4.07 Mb.
#497823
1   2   3   4   5   6   7
Геронтология билет жауабы

Кеуде сарайын қарау.
Кеуде сарайына (конус тәрізді, эмфизематозды және т. б.), жүрек ұшы соққысына баға береді.
Алдыңғы құрсақ қуысын қарау.
Іштің формасын, өлшемін және тыныс алуда қатысуын бағалайды.
Лимфа түйіндерін қарау.
Қалыпты жағдайда лимфа түйіндері қолға сезілмейді және көрінбейді. Аурудың түріне қарай олардың көлемі бұршақтан алмаға дейін үлкеюі мүмкін. Лимфа түйіндерін қарағанда олардың ауырсынуына, жылжығыштығына, консистенциясына, терімен жалғасуына көңіл аудару керек. Көбінесе жақ асты, мойын, бұғана үсті, қолтық асты және шап түйіндері үлкееді

2.Созылмалы панкреатит.Симптомдары мен диагностикасы.Панкреатит емі.Асқынулары.
Созылмалы панкреатит – ұйқы безінің қабынуы.
Этиологиясы
.Ішкілікке салыну ,майлы, қуырылған тағамды асыра жеу, белоктың жетіспеушілігі, витаминдердің, әсіресе А витаминінін, тапшылығы.Вирустық инфекция .Дәрмектердің әсерлері (ұзақ қолданылған цитостатиктер, эстрогендер, нитрофурандар, қабынуға қарсы дәрмектер, ұйқыбездің паренхимасы мен тамырларына шамадан тыс май жиналуы және бос май қышқылдарының улық әсер етуі),ұйқыбездің түтіктерінде тастар түзілуі, Жедел панкреатиттің созылмалыға ауысуы
Симптомы
Белде буындардағыдай қатты ауыру ұстамалары оқта-текте болып тұрады. Ауырсыну эпигастрийде немесе сол қабырғаараллықта орналасады. Сонымен бірге өршу кезінде жүрек айнуы, құсу мазалайды. УДЗ-де бүл кездерде ұйқыбездің ісініп ұлғаюы анықталады.
Ауырсынулық түрі (үнемі ауыру синдромымен).- Дерттің бүл түрінде құрсақтың жоғарғы аймағы үнемі ауырады. Ауыру арқаға тарайды. Сонымен қатар диспепсиялық бұзылыстар да болады — тәбеттің төмендеуі, арықтау, іштің бір өтіп, бір қатуы, метеоризм; ұлғайып тығыздалған без кейде пальпация арқылы анықталады.
3. Өтпелі холестаз синдромы болады:сарғаю, терінің қышуы, зәр түсінің қоңырлануы, нәжістің ақшылдануы.
4. Латентті (ауырсынусыз). Бүл түрде ауырсыну болмайды немесе болмашы, көріністе басты орын алатын диспепсиялық бұзылыстар - жүрек айнуы, кекіру, төбеттің төмендеуі, іштің жиі өтуі. Тексергенде — бездің экзо және эндокриндік функцияларының бұзылыстары анықталады.
5.Склероздаушы түрі — созылмалы панкреатиттің ақырғы сатысы.
Диагностика
Лабораториялық зерттеудің
нәтижелері:
1. Өршу кезінде лейкоцитоз, ЭТЖ-ның жоғарылауы және жедел фазалық белоктардың көбеюі байқалады.
2. Қан мен несепте ұйқыбез ферменттерінің (диастазаның, липазаның) көбеюі (ферменттердің
ауытқу феномені), бұл белгілер көбіне өршудің алғашқы тәуліктерінде анықталады.
3. Он екі елі ішектің сөлінде — ұйқыбездік ферменттер, гидрокарбонаттар мөлшерінің, сөл
көлемінің өзгерістері. Бұлардың мөлшерін секретин немесе панкреозиминмен стимуляция жасар алдында және жасағаннан кейін кайталап тексереді.
Панкреатиттің алғашқы кезеңінде — гиперсекреция, фиброз дамыған кезде гипосекреция анықталады.
4. Копрограммада — стеаторея, креаторея және нәжісте трипсиннің немесе химотрипсиннің азаюы.
Панкреатиттің басты белгісі — липазаның жетіспеушілігінен нәжіс құрамында нейтральдық
майлардың көбеюі.
5.Бездің эндокриндік жетіспеушілігінде гипергликемия және гликемиялық қисықтың қос өркештелуі анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет