Билет №2
1.Жүректің ишемиялық ауруы: миокард инфаркты.
Жүректің ишемиялық ауруы — жүректе қанайналымы толық тоқтағандықтан немесе қажетті шамадан кем болғандықтан дамитын сырқат.
Миокард инфарктысы — жүрек бұлшық етінің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуынан онда өлі еттену (некроз) ошағының пайда болуы. Миокард инфарктысының пайда болуына атеросклерозбен зақымданған тәждік артерия қан тамырларының қуысының тарылуы себепші болады. Сонымен бірге зақымданған қан тамыр аймағындағы атеросклероздық процеске тромбоз (тамырдың бітеліп қалуы) қосылады да, нәтижесінде жүрек бұлшық етінің осы бөлігіне қанның келуі толығымен не ішінара тоқталады.
2.Этиологиясы мен симптомдары.Диагностикасы.Миокард инфаркты кезіндегі шұғыл көмек.
Миокард инфарктісінің негізгі себебі – тәж артерияларының стеноздаушы артеросклерозы. Миокард инфаркті дамуының тікелей себептері: 1) тромбоздың салдарынан тәж артериясының окклюзиясы; 2) артеросклероз түймедағының арасында қан құйылып ісінуінен тәж артериясының бітелуі; 3) критикалық стеноз нәтижесінде тәж артериясының түйілуі; 4) тәж артериясының критикалық стенозы кезінде миокардтың оттегіге сұранысының күрт артуы (мәселен ауыр дене қызметінен симпатоадренал жүйесі белсенділігінің аса жоғарылауынан). Аталған тікелей себептермен бірге миокард инфарктісінің дамуында келесі бейімдеуші факторлардың маңызы зор: тәж артерияларының тармақаралық коллатеральдік байланыстарының жеткіліксіздігі, қанның тромбтар түзу қасиетінің артуы, микроциркуляциялық бұзылыстар.
Диагностикасы
Нақты диагноз электрокардиограмма немесе эхокардиограмма бойынша қойылады. Жедел кезеңнен кейін коронарография тағайындалуы мүмкін.
Алғашқы көмек
Инфарктке күдік туындаса, науқасты отырғызып, оны тыныштандырып, киімінің түймесін ағыту қажет. Науқастың «қазір бәрі жақсы болады» дегеніне қарамай жедел жәрдемді шұғыл шақырту керек немесе өздігімен ауруханаға апару қажет. Егер науқасқа нитроглицерин тағайындалса, онда оны тілдің астына салған жөн. Нитроглицеринді 2 реттен артық беруге болмайды. Аспирин дәрісін шайнау қажет (аллергия болмаса), міндетті түрде шайнау қажет, жұта салуға болмайды. Осы жағдайда дәрі тезірек әсер көрсетеді.
Егер науқас есінен танып қалса, тыныс алу мен жүрек соғысы болмаса, дереу жан сақтау шараларын бастаған жөн. Науқасты еденге жатқызып, төс аймағын жұдырықпен қатты ұру керек. Одан кейін жүрекке тікелей емес массаж жасау (міндетті түрде қатты, түзу жерде жасаған жөн) және жасанды тыныс беру қажет. Мысалы, әр 15 «компрессиядан» кейін 2 дем алу мен дем шығаруды жасау керек, одан кейін осы іс-әрекетті науқас есін жиғанша немесе жедел жәрдем келгенше қайталау керек.
3.Жүрек ақауларының түрлері.Диагностикасы мен емі.
Журе бара пайда болатын журек
акауларынын себептері: ревматизмдік
эндокардит, бактериялы эндокардит, атеросклероз, мерез,
кеуденін, жаракаттануы жане т.б.
Журе бара болатын журек
акаулары себептерінін ішінде кос
жармалы какпак шамасыздытын
тудыратын жиі себептерге ревматизм
мен
атсросклероз жатады.

•
• Жүрек қан тамырларының жарылуы – жүрек бұлшық етін қанмен қамтамасыз етіп отыратын қан тасымалдаушы тамырлардың зақымдалуы;
• Бас қан тамырларының ауруы – миға қан тасымалдайтын тамырдың зақымдалуы;
• Перифериялық артерия ауруы – аяқ пен қолға қан тасымалдайтын қан тасымалдаушы тамырлардың ауруы;
• Ревмокардит – стрептокок бактерияларының ревматикалық шабуылының нәтижесінде жүрек бұлшық еті мен жүрек клапанының зақымдалуы;
• Туа біткен жүрек ақауы – баланың дүниеге келген шағынан жүрегінің деформациялануы;
• Терең тамырлардың тромбозы және өкпе эмболиясы – жүрек пен өкпеге жететін қанды тасымалдайтын аяқ қан тамырларында қанның ұйып қалуы;
• Инфаркт пен инсульт, әдетте, жүрек пен миға баратын тамырлар бітеліп қалған кезде мазалайды.
Журек ауруларынын жиі кездесетін турлері: ревматизм, гипертония, журек акауы, журек демікпесі, журек жане кан
тамыр неврозы, миокард инфаркты, гипотония,
Жүрек ауруының алдын алу үшін жеміс-жидек мен көкөністер жеу және диета сақтау маңызды.
• болмашы нәрсеге алаңдап, ашуланбаңыз,
• жиі жүгіріп тұруды әдетке айналдырыңыз;
• салмақ қоспауға және өз салмағыңызды сақтауға мән беріңіз;
• тым ауыр, шаршататын жұмыстардан аулақ болыңыз;
• уақытылы ұйқы және демалуды назардан тыс қалдырмаңыз;
• күніне кем дегенде 10 минут таза ауада серуендеу пайдалы;
• емделуі қажет тістерді емдетіңіз;
• көп мөлшердегі майлы еттерді, сүтті тағамдарды тұтынбаңыз. Консерві, шұжық, сыр, маринадталған тағамдар, балық, шоколад сияқты азықтарды аз тұтыну қажет.
Жүрек ауруын өз бетімен үй жағдайында емдеуге болмайды. Кардиолог мамандардың айтуынша, бұл организмдегі басқа аурудың туындауына себепші болуы мүмкін. Сондықтан, әр 6 ай сайын жүрегіңізді тексертіп тұрған жөн.
Билет №3
1.Асқазан мен он екі елі ішек жара ауруы.Симптомдары мен диагностикасы.Емі.
Жара ауруы – созылмалы рецидивті ауру, негізгі белгісі асқазан мен 12 елі ішек қабатында жараның түзілуі болып табылады.
Эндоскоп арқылы алынған асқазан жарасы
12 елі ішек жарасы, асқазан жарасына қарағанда 4 есе жиі кездеседі. Жаралардың дуоденалды орналасуының басым болуы жас адамдарда, әсіресе ер адамдарға тән.
Асқазан жарасы бар науқастар арасында әйелдер мен еректер қатынасы 1:2, 12 елі ішек жарасы кезінде ол 1:4-1:7болады.
2.Ишемиялық инсульт.Диагностикасы,емі.
3.Гломерулонефрит.Диагностикасы мен емі.
Билет №4
1.Артериялық гипертония,классификациясы.Симптомдары мен диагностикасы.Емі.
2.Пневмония.Классификациясы,диагностикасы мен емі.
3.Миокард инфаркті.Біріншілік деңгейдегі көмек.
Миокард инфаркті деген не
Миокард инфаркті (МИ) – жүрек артерияларының бірінің атеросклеротикалық түйіншекпен бітелуі (тромбоз) салдарынан жүрек бұлшықетін қанмен қамтамасыз етудің жедел бұзылуынан туындаған жүрек бұлшықетінің зақымдалуы. Бұл жағдайда бұлшықеттің зақымдалған бөлігі өледі, яғни онда некроз пайда болады. Жасушаның өлімі тамырдағы қан ағымы тоқтаған сәттен бастап 20-40 минут ішінде басталады.
Билет №5
1.Жүректің ишемиялық ауруы:стенокардия.Симптомдары мен диагностикасы.Классификациясы мен емі.
Жб : Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) – бұл жүрекке қан мен оттегіні жеткізетін шағын қан тамырларының (коронар тамырлары) тарылуынан пайда болатын ауру. Себептері Жүректің ишемиялық ауруы ерлер мен әйелдер арасындағы өлімнің жетекші себебі болып табылады.Симптомдары Кейде жүректің ишемиялық ауруы білінбей өтуі мүмкін. Бұл, әсіресе, аурудың дамуының бастапқы сатысына тән. Жүректің ишемиялық ауруының басты симптомы ретінде ауырсыну болып табылады. Аурудың пайда болу орыны, таралымы стенокардияға ұксас болып, көбіне төс немесе жүрек аймағында пайда болады. Ауырсунудың басты себебі жүрекке оттегі мен қанның қажетті көлемде жетпеуі. Ауырсынудың бірнеше түрлері болады. Төс немесе жүрек аймағы басып, сыздап, ашып аурады. Ауру әдетте сол қол, иық, мойын, жауырын кейде екі қолға да, жақ сүйегіне тараладыЖүректің ишемиялық ауруының басқа симптомдары: Демікпе; Шаршағандық; Жалпы әлсірегендік. Диагностикасы Дәрігер диагнозды дұрыс қою үшін бірнеше диагностика тәсілдерімен пайдаланады: Коронароангиография – бұл жүректің қан тамырларының рентген көмегімен инвазивті зерттеу тәсілі; Стресс – эхокардиография Электрокардиография (ЭКГ) Электронды-сәулелі компьютерлік томография (ЭСКТ) – кальцийдің артерия қабырғаларында жиналуын анықтайтын диагностика тәсілі; Жүректің компьютерлік томографиясы; Нуклеарлы стресс-тест Емі Дәрігер жоғары қан қысымының, қант диабеті және қандағы холестерин деңгейінің коррекция мақсатында, сізге бірнеше препараттарды тағайындауы мүмкін. Жүректің ишемиялық ауруының емінің мақсаттары: Қан қысымының деңгейі 140/90 тең немесе одан төмен болуы тиіс; HbA1cқалыпты деңгейінде ұстау; Төмен тығыздықтағы липопротеидтердің деңгейі 100 мг/дл тең немесе одан төмен болуы тиіс
2.Аорта коарктациясы.Диагностикасы мен емі.
Жб : Қолқаның коарктациясы жиі кездесетін туа біткен (туған кезде болатын) жүрек ақауы.Коарктация латынның coartare сөзінен шыққан, «бірге басу» дегенді білдіреді. Аортаның коарктациясында қолқа бір жерде немесе оның ұзындығының бір бөлігінде қысылады немесе тарылады. Бұл тарылту аорта арқылы қалыпты қан ағымын шектейді.Симптомдар тарылудың ауырлығына байланысты.Ауыр жағдайлар көбінесе туған кезде немесе өмірдің алғашқы айларында диагноз қойылады. Жеңіл жағдайларда адам ересек жасқа дейін симптомсыз болуы мүмкін. Ересектердегі белгілерге жаттығуларға төзбеушілік, бас ауруы, ентігу, кеудедегі ауырсыну, мұрыннан қан кету, жаттығудан кейін суық аяқтар немесе аяқтың ауыруы немесе бақылау қиын жоғары қан қысымы (гипертония) болуы мүмкін.Диагностика:Қолқа коарктациясы әдетте қан тамырларының қолқадан дененің жоғарғы бөлігіне таралатын жері мен қан тамырларының төменгі денеге таралатын жері арасында болады. Осы позицияға байланысты аорта коарктациясы қолдар мен дененің жоғарғы бөлігінде жоғары қан қысымын және төменгі денеде және аяқтарда төмен қан қысымын тудырады. Бұл қан қысымының айырмашылығы аорта коарктациясының ең ерекше диагностикалық факторларының бірі болып табылады. Басқа ерекшеленетін клиникалық белгілерге шап пен мойын аймағындағы импульстағы айырмашылықтар және пациенттің арқасына қойылған стетоскоппен естуге болатын ерекше қатты жүрек шуы жатады.Емдеу:Жиырма жыл бұрын аорта коарктациясын емдеудің жалғыз әдісі хирургия болды. Хирургия әлі күнге дейін алтын стандарт болып саналады, бірақ бүгінгі күні мұндай жағдайы бар ересектер үшін емдеу нұсқалары сонымен қатар баллонды ангиопластика, стентинг, стентті егу немесе гибридті жөндеуді (ашық хирургия мен стенттік трансплантацияның комбинациясы) қамтиды. Емдеу әдісін таңдау адамның жалпы денсаулығына, коарктацияның мөлшері мен ауырлығына, байланысты аневризмаға немесе клапан ауруына және оның нақты орналасуына негізделген.
3.Өкпе артериясының тромбоэмболиясы.Диагностикасы.Шұғыл көмек.
Жб: Өкпе артерияның тромбоэмболиясы (ӨАТЭ) – өкпе артериясы негізгі бағаны немесе тармағының кенеттен эмболмен (тромбпен) бітелуінен өкпе паренхимасында қанайналымның тоқтауын айтады.
Диагностика критерилері
ӨАТЭ айқын кардиореспираторлы бұзылыстармен жүреді, ал майда тармақтар окклюзиясы кезінде өкпе инфаркты деп аталатын өкпелік паренхиманың геморрагиямен тығыздалуы (жиі келесі некрозданумен)
Шұғыл көмек
1. ӨАТЭ күдік туғанда барлық жағдайда антикоагулянтты терапияны жүргізеді:
- гепарин 5 000 ХБ көк тамырға, құю;
- варфарин 2,5 мг, немесе ацетилсалицил қышқылы 160-325 мг ішке, шайнау.
2. Тромболитикалық терапияны міндетті түрде жүргізу:
- преднизолонды 60-90 мг көк тамырға струйно енгізгеннен кейін, 30 мин ішінде;
- стрептокиназа 250 000 ХБ көк тамырға тамшылатып, сонан соң 1 250 000 ХБ тамшы түрінде 100 000 ХБ/сағ жылдамдығында енгізу;
- алтеплаза (актилизе) 15 мг вк/т болюсті, сонан соң 0,75 мг/кг 30 мин ішінде, сосын 0,5 мг/кг 60 мин ішінде енгізу.
3. Қан айналымы тоқтаған кезде жүрек - өкпелік реанимацияны жүргізу.
4. Гипоксия коррекциясы – ұзақ оксигенотерапия.
5. Ауыру синдромын жою
Билет № 6
1.Қант диабеті және оның асқынулары.Диабеттік кома.
Жб: Әлемде бүгінгі таңда миллиондаған адам қант диабетіне шалдыққан. Зат алмасу бұзылған жағдайда, қанда қанттың жоғары деңгейі үнемі байқалып тұрады. Негізінен, қант диабеті жасырын түрде дамиды, сондықтан ол көбінесе тым кеш анықталады. Қандағы қан деңгейін тиімсіз бақылау, көбінесе қант диабетінен де қауіпті болатын ілеспелі аурулардың дамуына алып келеді. Қант диабетінде көптеген ілеспелі аурулардың даму себебі – барлық жағдайда, қандағы глюкозаның шамадан тыс деңгейі болып табылады. Демек, жасушаларға глюкозаның шамадан тыс мөлшерін ыдыратуға тура келеді, бұл ретте оттек қамтитын бос радикалдар, нақтырақ айтқанда қосымша асқынуларға түрткі болатын супероксидті аниондар босатылады. Алдымен, олар ұсақ қан тарату тамырларының, содан соң ірі қан тарату тамырларының бұзылуына себеп болып, кейін жүйке жүйесінің, көру қабілетінің және болашақта, бүйрек жетіспеушілігінің дамуына алып келеді. Тромбоз бен атеросклероздың даму қаупіне байланысты, миокард инфаркты мен инсульттің туындау қаупі арта түседі.
Диабеттік кома – диабеттің өмір үшін қатерлі асқынуы, бұл кезде адам есін жоғалтуға дейін барады. Қандағы қанттың жоғары (гипергликемия) немесе төмен (гипогликемия) мөлшері аса қауіпті, себебі, екеуі де диабеттік комаға апаруы мүмкін. Диабеттік комаға ұшыраған науқас тірі болғанмен, оның жағдай ұйқыдағыдай секілді, есін толығымен жоғалтады, сыртқы тітіркендіргіштерге серпіні болмайды. Шұғыл ем көрсетілмеген жағдайда диабеттік кома өлім-жітімге апарады. Диабеттік команың пайда болу ықтималдығы өмір үшін қауіпті, бірақ, оның алдын алуға болады. Ол үшін алдымен, диабетті дұрыс емдеуден бастау қажет. Симптомдары Диабеттік команың алдында қандағы қанттың деңгейінің артуын немесе төмендеуін көрсететін телімді симптомдары болады
2.Қант диабетінің емі.
Жб: Қант диабеті – бұл гипергликемия, яғни қандағы глюкоза деңгейінің артуы біріктіретін аурулардың бүтіндей бір тобы. Бұл ұйқы безіндегі белгілі бір жасушалардың өліміне алып келетін инсулин түзілуіндегі немесе жұмысындағы ақау салдарынан болады.
Қант диабеті кейбір органдардың, әсіресе көз, бүйрек, жүйке, жүрек және қан жолдары тамырларының зақымдалуына немесе тиісті деңгейде жұмыс істей алмауына алып келеді.
Қант диабетін емдеу және алдын алу
Қант диабетінің 1-ші түрі инсулин көмегімен ғана емделеді. Бірақ бұл тұста да бірнеше нұсқа бар.
Бұл адам күніне бірнеше рет ине салдыратын базис-болюсты терапия болуы мүмкін. Сондай-ақ науқас тұрақты режимде ағзаға инсулин жіберіп отыратын арнайы аппарат – помпаны қолдана алады.
Қазіргі уақытта донордағы ұйқы безін трансплантациялаудың тиімділігі туралы мәселе қарастырылып жатыр. Мұндай бірнеше ота жасалып та қойды.
Қант диабетінің 2-ші түрінде емдеу нұсқасы көбірек. Біріншіден, белгілі бір диета мен өмір салтын өзгерту жеткілікті болуы мүмкін. Дәрігер науқас жағдайына қарай дәрі тағайындауы мүмкін. Егер ұйқы безі өзінің инсулин қорын түгел жұмсап қойса, терапияға инсулин қосылады.
3.Тромбофлебит.Диагностикасы мен емі.
Жб:Тромбофлебит – бұл әдетте аяқтардағы бір немесе бірнеше веналардың пайда болуына және бітелуіне әкелетін қабыну процесі. Зақымдалған вена теріңіздің бетіне жақын болуы мүмкін (беткей тромбофлебит) немесе бұлшықет ішінде терең (терең тамыр тромбозы). Себептер жарақат, операция немесе ұзақ әрекетсіздікті қамтиды.
Тромбофлебит диагностикасы
Тромбофлебитті диагностикалау үшін дәрігер сізден ыңғайсыздық туралы сұрайды және тері бетінің жанында зақымдалған тамырларды іздейді. Сізде беткей тромбофлебит немесе терең тамыр тромбозы бар-жоғын анықтау үшін дәрігер келесі сынақтардың бірін таңдауы мүмкін:
Ультрадыбыстық. Аяғыңыздың зақымдалған аймағына жылжытылған таяқша тәрізді құрылғы (түрлендіргіш) дыбыс толқындарын аяғыңызға жібереді. Дыбыс толқындары аяқтың тіндері арқылы өтіп, кері шағылысқан кезде, компьютер толқындарды бейне экранда қозғалатын кескінге айналдырады
Бұл сынақ диагнозды растай алады және беткей және терең тамыр тромбозын ажырата алады.
Қан сынағы. Қан ұйығымен ауыратындардың барлығында дерлік D dimer деп аталатын табиғи түрде пайда болатын, ұюды ерітетін заттың қан деңгейі жоғарылайды. Бірақ D dimer деңгейі басқа жағдайларда көтерілуі мүмкін. Сондықтан D dimer үшін сынақ қорытынды емес, бірақ одан әрі тестілеу қажеттілігін көрсете алады.
Бұл терең тамыр тромбозын болдырмау және тромбофлебиттің қайталану қаупі бар адамдарды анықтау үшін де пайдалы.
Тромбофлебитті емдеу
Беткей тромбофлебит үшін дәрігер ауыратын аймаққа жылуды қолдануды, зақымдалған аяқты көтеруді, рецептсіз стероид емес қабынуға қарсы препаратты қолдануды және мүмкін қысқыш шұлықтарды киюді ұсынуы мүмкін. Беткейлік тромбофлебит әдетте өздігінен жақсарады.
Билет №7
1.Науқасты жалпы қарау.Науқас жағдайының ауырлығын анықтау.
Жб: Науқасты объективті тексеру әдісі — науқасты клиникалық тексеру әдістерінің бірі. Науқасты объективті тексеру нәтижесінде алынған симптомдар диагнозды дұрыс қоюға өте маңызды. Объективті әдіс: қарау, сипап–сезу (пальпация), соққылау (перкуссия), тыңдаудан (аускультация) тұрады.
Қарау
Қарау кезінде науқастың жалпы көрінісін және жағдайын байқаймыз. Науқастың жалпы жағдайын қанағаттанарлық, орташа ауырлықта, ауыр және өте ауыр болып бөлінеді. Алдымен науқастың төсектегі қалпын, сыртқы жабындылардың түсін (терісі, шырышты қабаттары), дененің жеке бөліктерін қарайды (бет, бас, мойын, дене, аяқ – қол). Науқастың төсектегі қалпы. Науқастың төсектегі қалпы активті, пассивті және мәжбүрлік болып бөлінеді. Активті дегеніміз ол отырып, тұрып, өзіне – өзі қарай алатын науқастарды айтамыз. Пассивті дегеніміз ол науқас өте әлсіз, күйзелген, ес түссіз жатқан, әдетте төсекте жатып, өзгенің көмегінсіз дене қалпын өзгерте алмайды. Кей ауруларда науқас өзін бір қалыпта ғана жақсы сезінеді оны мәжбүрлі қалып деп айтамыз. Мысалы, жүрек ауруларында ентікпе әсерінен көбіне отырғанды қалайды. Мәжбүрлі қалып науқастың жағдайын жеңілдетеді, бірақ аурудан жазылуға көмектеспейді. Мысалы, өкпенің жарылған абсцессінде науқас «ауырған» жағында жатады, бұл қақырықтың шығуын ауырлатады және инфекцияның одан ары таралуына жағдай туғызады.
2.Геморрагический синдром:ДВС синдром.Симптомдары.Диагностикасы мен емі.
Жб:Геморрагиялық синдром (терінің геморрагиялық синдромы) - бұл терінің және шырышты қабықшалардан қан кету үрдісі. Бұл жағдайда қанның бүлінбеген тамырларынан өздігінен босатылуы байқалады. Синдром гемостаздың бір немесе бірнеше байланыстарының өзгеруімен байланысты - ағзадағы сұйықтық жағдайында қанның сақталуын қамтамасыз ететін организмнің жүйесі, бұл қан тоқтату және олардың функцияларын орындаған қан жиналып кетуіне көмектеседі.
Геморрагиялық синдромның диагностикасы
Диагнозды растау үшін бірқатар зерттеулер қажет, оның ішінде:
геморрагиялық синдром диагнозы
қан мен зәрдің толық анализі;
коагуляциялық сынақтар;
протромбин мен фибриногеннің мөлшерін зерттеу;
перифериялық қанда тромбоциттерді санау және т.б.
Геморрагиялық синдромды емдеу
Геморрагиялық синдромы бар науқастарды емдеу принциптері патологияның себептері, симптомдардың ауырлығы және онымен байланысты аурулармен анықталады. Әдетте, дәрумен К дәрумені, гемостатика, аскорбин қышқылы және т.б. қолдану арқылы тағайындалады. Кейбір жағдайларда плазма мен қан компоненттерін құю ұсынылады.
ДВС-синдром - науқастар үшін үлкен қауіп төндіретін кең таралған гемостаздың патологиялық түрі. Ол қан ұю нәтижесінде тромб түзілумен сипатталады. Бұл екі процестің нәтижесі:
1) қан ұю факторларының массифті түрде жоғалуы;
2)фибринолиздің активтілігінің шамадан тыс жоғарылауы. Мұның нәтижесінде әр түрлі локализациялардан қан кетудің көрінуі.
3.Қант диабеті.Түрлері.Емі.
Жб: Қант диабеті – бұл гипергликемия, яғни қандағы глюкоза деңгейінің артуы біріктіретін аурулардың бүтіндей бір тобы. Бұл ұйқы безіндегі белгілі бір жасушалардың өліміне алып келетін инсулин түзілуіндегі немесе жұмысындағы ақау салдарынан болады.
Қант диабеті кейбір органдардың, әсіресе көз, бүйрек, жүйке, жүрек және қан жолдары тамырларының зақымдалуына немесе тиісті деңгейде жұмыс істей алмауына алып келеді.
Оның себептері әртүрлі болады және диабет түрі осыған байланысты.
Ресми статистикаға сүйенсек, қант диабетінің 2-ші түрі кең таралған. ДДҰ статистикасы бойынша 2025 жылға қарай әлемде осы ауруға шалдыққан адам саны 380 миллионға жетеді. Алайда бұл болжамды көрсеткіш іс жүзінде әлдеқайда көп болатыны анық. Себебі қазірдің өзінде қант диабетінің 2-ші түріне шалдыққандар саны 422 миллионға жетіп отыр.
Ресми есептеулерге сүйенсек, әрбір 10 секунд сайын әлемде қант диабетімен ауыратындар саны екі адамға артып отыр. Дүниежүзілік диабетке қарсы күрес күнінің болуы да таңғаларлық жайт емес. Ал әлемдегі барлық дерлік мемлекет осы дерттің өсуін төмендетіп, адам өлімін азайту үшін түрлі шаралар қабылдап жатыр.
Қант диабетінің түрлері
Қант диабетінің бірнеше түрі бар.
Қант диабетінің 1-ші түрі. Бұл ұйқы безінің өздігінен инсулин өндіре алмауы салдарынан қан құрамында осы гормонның тапшылығы туындауы. Бұл көбіне жас адамдарда кездеседі.
Қант диабетінің 2-ші түрі. Бұл ең көп таралған түрі. Ол ұйқы безі тым көп инсулин түзіп, бірақ глюкоза молекуласының ағза жасушаларына жеткізілуін қамтамасыз ете алмауы кезінде туындайды.
Қант диабетін емдеу және алдын алу
Қант диабетінің 1-ші түрі инсулин көмегімен ғана емделеді. Бірақ бұл тұста да бірнеше нұсқа бар.
Бұл адам күніне бірнеше рет ине салдыратын базис-болюсты терапия болуы мүмкін. Сондай-ақ науқас тұрақты режимде ағзаға инсулин жіберіп отыратын арнайы аппарат – помпаны қолдана алады.
Қазіргі уақытта донордағы ұйқы безін трансплантациялаудың тиімділігі туралы мәселе қарастырылып жатыр. Мұндай бірнеше ота жасалып та қойды.
Қант диабетінің 2-ші түрінде емдеу нұсқасы көбірек. Біріншіден, белгілі бір диета мен өмір салтын өзгерту жеткілікті болуы мүмкін. Дәрігер науқас жағдайына қарай дәрі тағайындауы мүмкін. Егер ұйқы безі өзінің инсулин қорын түгел жұмсап қойса, терапияға инсулин қосылады.
Билет №8
1.Өкпе аускультациясының алгоритмі.
Жб Өкпе аускультациясы – өкпедегі негізгі және қосымша тыныс шуларын анықтау.
Аускультация үшін келесідей шарттар қойылады:
1) Аускультациясы жүргізілетін орын жылы болуы қажет
2) Мүмкіншілігіне байланысты науқас тік тұруы қажет;
3) Стетоскоп немесе фонендоскоп денеге жақсы жанасуы керек;
4) Әр тыңдау нүктесінде 2-3 тыныс айналымын тыңдау қажет;
5) Науқас адам ауызымен тыныс алады;
2.Созылмалы лимфолейкоз.Симптомдары мен диагностикасы.
Жб:Созылмалы лимфолейкоз - имунокомпонентті клеткалардың қатерсіз өспелеріне жатады. Бұл аурумен көбінесе 45 жастан асқан ер адамдар ауырады.
Аурудың негізінде В-Т лимфоциттердің әр түрлерінің көбейіп, жиналуы жатады. Лимфоциттер барлық жүйелерді зақымдайды. Жалпы бұл ауру көп уақыт бойы байқалмауы мүмкін. Алғашқы белгілері: жалпы әлсіздік, тез шаршап қалу, көңілдің тез өзгеруі. Біртіндеп әлсіздік артып дене қызуы субфебрильды, қабырға астылық ауырсыну сезімі, тершеңдік қосылады. Бұл аурудың клиникалық көріністері айқындалған кезеңінде науқастың перифериялық лимфобездері үлкейе түседі 2-3 см. Қосымша шағымдар лимфоидты сүзгісінің орналасқан жерііне байланысты болады: диспепсия және іш өту, ентігу және демікпе терінің құрғауы және қышуы, қызаруы және т.б. Лейкемиялық инфильтраттың сүйек миында орналасқан кезінде геморрагиялық көріністер мен анемия туындайды.
3.Муковисцидоз.Диагностикасы мен емі.
Жб:Цистикалық фиброз (Муковисцидоз) бұл өкпеде, ас қорыту жүйесінде және басқа да мүшелерде қою және жабысқақ шырышының жиналуы. Муковисцидоз балалар мен ересектердің арасында созылмалы өкпе ауруларының ішіндегі жиі кездесетін сырқаттарының бір түрі. Муковисцидоз адам өміріне өте қауіпті болып табылады.
Диагностикасы ЦФ анықтау үшін қан анализдерін зерттейді. Олар ЦФ генің табу үшін жасалынады. ЦФ диагностикасының арнайы тесттері: Иммунореактивті трипсиноген (ИРТ) бұл жаңадан туған нәрестеге жасалатын стандартты скрининг – тест. Егер ИРТ-нің деңгейі жоғары болса, онда нәрестеде ЦФ болуы мүмкін деп есептеледі және оның диагностикасын ары қарай жалғастыруы қажет. Тер сұйықтығындағы хлоридтерді анықтау - стандартты диагностикалық тест. Терідегі сөлдің деңгейі жоғары болғаны аурудың белгісі болып саналады.
Емі Муковисциоздың ерте жасалған диагностикамен тиісті емдеу жоспары науқастың тіршілікке қабілеттілігін және өмір сүру сапасын жақсартуына мүмкіндік береді. Бұл жағдайда, бақылау және мониторинг жүргізу өте маңызды. Мүмкіншілік туындаса, муковисцидоз ауруын емдеугемамандандырылған клиникаларында ем курсын өтуі керек. Балалар өскен кезде, олар ересектерге арналған муковисцидозды емдеу орталықтарына ауыстырылуы тиіс
Билет №9
1.Науқасты жалпы тексеру реттілігі.Науқастың жағдайына баға беру.
Науқасты объективті тексеру әдісі — науқасты клиникалық тексеру әдістерінің бірі. Науқасты объективті тексеру нәтижесінде алынған симптомдар диагнозды дұрыс қоюға өте маңызды. Объективті әдіс: қарау, сипап–сезу (пальпация), соққылау (перкуссия), тыңдаудан (аускультация) тұрады.
Қарау
Қарау кезінде науқастың жалпы көрінісін және жағдайын байқаймыз. Науқастың жалпы жағдайын қанағаттанарлық, орташа ауырлықта, ауыр және өте ауыр болып бөлінеді. Алдымен науқастың төсектегі қалпын, сыртқы жабындылардың түсін (терісі, шырышты қабаттары), дененің жеке бөліктерін қарайды (бет, бас, мойын, дене, аяқ – қол). Науқастың төсектегі қалпы. Науқастың төсектегі қалпы активті, пассивті және мәжбүрлік болып бөлінеді. Активті дегеніміз ол отырып, тұрып, өзіне – өзі қарай алатын науқастарды айтамыз. Пассивті дегеніміз ол науқас өте әлсіз, күйзелген, ес түссіз жатқан, әдетте төсекте жатып, өзгенің көмегінсіз дене қалпын өзгерте алмайды. Кей ауруларда науқас өзін бір қалыпта ғана жақсы сезінеді оны мәжбүрлі қалып деп айтамыз. Мысалы, жүрек ауруларында ентікпе әсерінен көбіне отырғанды қалайды. Мәжбүрлі қалып науқастың жағдайын жеңілдетеді, бірақ аурудан жазылуға көмектеспейді. Мысалы, өкпенің жарылған абсцессінде науқас «ауырған» жағында жатады, бұл қақырықтың шығуын ауырлатады және инфекцияның одан ары таралуына жағдай туғызады.
2.Анемия.Классификациясы.Постгеморрагиялық анемия.Диагностикасы мен емі.
Жб :Анемия – гемоглобин концентрациясының төмендеуімен және көпшілік жағдайда бір уақытта эритроциттің де төмендеуімен сипатталатын патология. Анемия өзіндік ауруға жатпайды, бұл адам ағзасында қандайда –бір болып жатқан ақаудың белгісі болып саналады. Анемияның негізгі себебін анықтау – диагностиканың басты тапсырмасы, себебін дұрыс анықтағаннан кейін емдеу тез және сөзсіз нәтижеге жеткізеді. Гемоглобиннің төмендеуін қарапайым қан анализін анықтауға мүмкіндік береді, соған қарап дәрігер қосымша зерттеулер тағайындауы мүмкін.
Классификация
Медицина тәжірибесінде анемияның бірнеше классификациясы қолданылады.
Түстік көрсеткіш бойынша
Түстік көрсеткіш (ТК) – гемоглобиннің қаншалықты эритроцитпен қаныққандығын көрсететін ерекше бірлік. Қалыпты мөлшері 0,86—1,1 құрайды. ТК бойынша ажыратылады:
Гипохромды анемия – ТК 0, 8 төмен;
Нормохромды анемия. Көрсеткіш қалыптыдан ауытқымайды;
Гиперхромды анемия. ТК жоғарылаған жаққа ауытқиды.
Жіті постгеморрагиялық анемияның дамуы қан тамырларының жарақатымен немесе оның кенересінің іріп-шіріп, желініп кетуімен байланысты. Мысалы, денеге оқ тигенде, жарақаттанғанда сол жерден қан ағады. Асқазан жарасының түбіндегі қан тамырларының немесе жатырдан тыс жүктілік кезіндегі жатыр өзегінің қан тамырларының желініп кетуі жіті анемияға соқтырады.Қолқаның кеңейген жері жарылып кеткенде ауру бірнеше минут ішінде өліп қалады. Өлген кісіні жарып қарағанда оның ішкі ағзаларының оншалықты қансызданбағаны анықталады. Ауру кенеттен қан келмей қалғанына байланысты жүректің тоқтауынан өледі.
Созылмалы постгеморрагиялық анемияда өлікті жарып көргенде ішкі ағзалар анемиясымен бір қатарда қан жасаушы жүйеде регенерация белгілері табылады. Ұзын сүйектердегі сары жілік сайының қызыл майға айналғанын, экстрамедулярлы қан жасап шығару ошақтарының пайда болғанын көреміз. Ұзаққа созылған гипоксия нәтижесінде жүректе, бауырда және бүйректерде дистрофиялық өзгерістер байқалады
3.Аяқ веналарының варикозды ауруы.Диагностикасы мен емі.
Жб Аяқ көктамырларының (веналарының) варикозды кеңею ауруы олардың ұзарып, ішкі қуысы кеңейіп, сыртқы пішіндері жұлдыз, қапшық немесе иірілген жылан тәрізді болып өзгеруімен сипатталады. Бұл ауру жиі кездесетін сырқаттар қатарына жатады. А. Шербюк және басқ. (2002) деректеріне көңіл аударсақ, Ресейде 30 млн адам осы ауруға шалдыққан және олардың 15%-ның аяқтарында, осы аурудың салдарынан пайда болатын, трофикалық өзгерістер анықталады.
Аяқ веналарының варикозды ауруы.Диагностикасы мен емі.
Жб Аяқ көктамырларының (веналарының) варикозды кеңею ауруы олардың ұзарып, ішкі қуысы кеңейіп, сыртқы пішіндері жұлдыз, қапшық немесе иірілген жылан тәрізді болып өзгеруімен сипатталады. Бұл ауру жиі кездесетін сырқаттар қатарына жатады. А. Шербюк және басқ. (2002) деректеріне көңіл аударсақ, Ресейде 30 млн адам осы ауруға шалдыққан және олардың 15%-ның аяқтарында, осы аурудың салдарынан пайда болатын, трофикалық өзгерістер анықталады.
Клиникалық көріністері және диагностикасы. Сырқаттың бастапқы кезендерінде белгілері көп білінбейді, тіпті ол көп уақыт еш белгісіз дамиды(бірінші, яғни компенсация кезеңі).
Бұл кезенде ауру адамдарда еш шағым болмауы мүмкін. Олар дәрігерге тек аяқ көктамырларының кеңейіп, косметикалық тұрғыдан мазасыздандыратына шағымданады. Осы себептен, кобінесе, сырқаттың нақ басталған мерзімін және даму барысын анықтау мүмкіншілігі болмайды.
Кейбір ғалымдардың айтуынша көктамырлардың варикозды кеңеюі пациенттердің жас кездеріңде басталып, біртіндеп дамиды, ал клиникалық белгілері кеш, яғни адамдар орта жастан асқанда ғана, яғни сырқаттың басталу мерзімінен біраз жылдар откен соң ғана біліне бастайды. Осы себептен клиникада аталмыш аурумен емделіп жатқан ауру адамдардың көбі осы жасқа келген адамдарды құрайды.
Емдеу. Аяқ көктамырларының варикозды кеңею ауруын емдеу тәсілдерін үш топқа белуге болады. а) консервативті ем; б) венаны склероздау тәсілі; және в) хирургиялық ем.
Билет №10
1.Қан қысымын өлшеу,дене температурасын өлшеу.Классификациясы.
Жб Қан қысымының қалыпты көрсеткіші:
20 жас – ер адамдарда – 123/76; әйелдерде – 116/75;
30 жасқа дейін – ер адамдарда 126/79; әйелдерде - 120/75;
30-40 жас – ер адамдарда – 129/81; әйелдерде – 127/80;
40-50 жас – ер адамдарда – 135/83; әйелдерде – 137/84;
50-60 жас – ер адамдарда – 142/85; әйелдерде – 144/85;
70 жастан жоғары – ер адамдарда – 142/80; әйелдерде – 159/85.
Жүрек соғысы минутына 60-80
2.Созылмалы гастрит.Этиологиясы.Классификациясы.Симптоматикасы және диагностикасы.Емі.
Жб Созылмалы гастрит (gastritis chronica) асқорыту жүйесi аурулары ішінде кеңінен тараған дерт болып есептелiнедi.
Созылмалы гастриті бар адамдарды объективтi қарау кезiнде көп өзгерic болмайды, кейбiр жағдайларда пальпация кезiнде асқазан ауруы бар екендiгi анықталады.
Созылмалы гастриттің диагностикасында асқазанның қышқыл және пепсин түзгiш кызметі зерттеледі. Оны асқазанды фракциялық немесе асқазанiшiлiк рН-метрия әдістерімен зерттей отырып анықтайды. Рентгенологиялық зерттеу асқазанның моторикасының бұзылуын анықтауға кемектеседi. Ол асқазанның кiлегей қабаты бетiнiң пiшiнiн сипаттайды. Дегенмен созылмалы гастриттің диагностикасында негізгі зерттеу әдісі эндоскопия болып табылады. Созылмалы гастрит панкреатит, колит, энтерит, холецистит ауруларымен жиi серiктес, сондықтан осы жағдайды ескере отырып, науқасты жан-жақты тексерген жөн.
Созылмалы гастрит ұзақ уақыт бойы жай дамуымен, көптеген жылдар ішінде үдеу және ремиссия кезендерінің алмасуымен, пайда болған өзгерiстердiң бiртiндеп ұлғаюымен сипатталады. Фундальды бөлiмiнiң атрофиясы аутоиммундық өзгерiстерге, эпителиiнiң дистрофиясына жетелейдi, онын өзi обырдың дамуына әкелетін бiрден-бiр себеп болып табылады. Аурудың жеңiл түрлерiнде ем қолданылмайды. Созылмалы гастриттің үдеу кезеңінде емдемдік тағамдану, симптоматикалық терапия, санаторлы-курорттық ем түрлерi тағайындалады
3.Қан тамырлары аурулары.Классификациясы.Жүрек ақаулары.Аорта аневризмасы.
Жб Жүрек-қан тамырлары аурулары - бұл жүрек, артериялар және тамырлар сияқты қанайналым жүйесінің патологиясымен сипатталатын аурулар.
Ең көп таралған ЖҚА - гипертония, атеросклероз, жүректің ишемиялық ауруы, аритмия және басқалар
Жүрек ақауы – жүрек қарыншалары мен жүрекшелерінің арасындағы қан өтетін саңылау тарылып, жүрек қызметінің бұзылуы. Мұның туа және жүре пайда болатын түрлері бар. Туа пайда болған жүрек ақауы көбіне ұрықтың дамуы кезінде, жүректің қалыпты жетілмеуінен болады. Жүре пайда болатын жүрек ақауы, негізінен, баспа, мерез, т.б. аурулардың асқынуынан болады. Бұл жағдайда жүректің ішкі қабаты қабынып, қақпақшалар беріштеніп, кішірейіп, жүрекше арасындағы саңылауды толық жаба алмайды. Сондықтан қарынша жиырылғанда қан жүрекшеге қайта құйылып, оны кернеп әлсіретеді. Қан айналысы бұзылып, жүрек қызметі нашарлайды. Адам алғашқы кезде ауруын сезбейді. Ауру асқынған кезде науқас ентігеді, жүрегі қағып, шаншып, қан айналысы төмендейді, қол-аяғы ісінеді.
Аорта аневризмасы - аорта қабырғасының патологиялық локальды (қап тәрізді) және диффузды (циркулярлы) аорта бөлігінің кеңеюі.
Жіктелуі:
Орналасуына байланысты аневризманың келесі түрлерін ажыратады: Вальсальв синусының, кеуде аортасының жоғарлаған және төмендеген бөлігіндегі аневризмасы, аорта доғасының, құрсақ аортасының аневризмалары.
Этиологиясына байланысты туа пайда болған (сирек кездеседі) және жүре пайда болған аневризмаларды ажыратады. Себебіне қарай: қабынулық (сифилитикалық, аортит, туберкулезді, ревматикалық, инфекционды) және қабынулық емес (атеросклездық, травмалық).
Аневризма ақырындап, бірақ үнемі өсе береді. Аневризма қуысында тромб түзілген жағдайда, ол қан ағымы арқылы төменгі артерияларға түсіп олардың бітеп, жедел ишемия мен гангрена шақырады. Аневризманың жыртылуы кенеттен болатындықтан массивті қан кетуден науқас өліп кетеді.
Билет №11
1.Науқасты жалпы қарау.Науқас жағдайының ауырлығын анықтау.
Науқасты объективті тексеру әдісі
Достарыңызбен бөлісу: |