Бильярд үстелі” және “ойындар өткізуге арналған жеке компьютер” түрлері бойынша түркелген салықтың болжалды мөлшерлемелерінің жобасы



Дата04.07.2016
өлшемі16.59 Kb.
#177280
Бильярд үстелі” және “ойындар өткізуге арналған жеке компьютер”

түрлері бойынша түркелген салықтың болжалды

мөлшерлемелерінің жобасы
Бесқарағай ауданы бойынша салық басқармасы 2009 жылғы қаңтардың 1-нен күшіне енетін “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасы Кодексіне (Салық Кодексі) сәйкес тіркелген салық енгізілетінін хабарлайды. Салық Кодексінің 422-бабы 2-тармағына сәйкес қызметін бір әкімшілік-аумақтық бірліктік аумағында жүзеге асырылатын барлық салық төлеушілер үшін жергілікті атқарушы органдар бекіткен базалық мөлшерлеме шегінде бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілейді. 421бабына сәйкес:

  1. бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматтары;

  2. біреуден артық ойыншалардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматтары;

  3. ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер;

  4. ойын жолы;

  5. карт;

  6. бильярд үстелі тіркелгенсалық салу объектісі болып табылады.

2006 жылғы 12 желтоқсанында Бесқарағай ауданының маслихаты № 23-5 шешімімен ауданның аймағында келесі салық салу объектілері бойынша тіркелген салық мөлшерлемелері бекітілген болатын: 1) “Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер” – жылына 10 айлық есептік көрсеткіш немесе айына салық объектісінің бірлігі үшін 0,8 айлық есептік көрсеткіш, 2) “бильярд үстелі” - жылына 30 айлық есептік көрсеткіш немесе айына салық объектісінің бірлігі үшін 2,5 айлық есептік көрсеткіш.

Қабылданған Салық Кодексінің 422 бабы 1 тармағына сәйкес тіркелген салықтың айына ең төмен және ең жоғары базалық мөлшерлемесі белгіленген: 1) “Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер” – айына салық объектісінің бірлігі үшін 1-ден 4 айлық есептік көрсеткішке дейін, 2) “бильярд үстелі” - айына салық объектісінің бірлігі үшін 1-ден 4 айлық есептік көрсеткішке дейін.


Жоғарыда айтылғанның негізінде Бесқарағай ауданы бойынша салық басқармасы жаңа қабылданған тіркелген салықтың мөлшерлемелерін қарастырып, бұрын бекітілген тіркелген салық мөлшерлемелерін ескере отырып, жергілікті әкімшілік органның қарауына аудан аймағындағы тіркелген салық салу объектілерінің келесі мөлшерлемелерін ұсынады.

  1. “Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер” – айына салық объектісінің бірлігі үшін 1айлық есептік көрсеткіш.

  2. “Бильярд үстелі” - айына салық объектісінің бірлігі үшін 3 айлық есептік көрсеткіш.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет