Білгірлер бәйгесі Мақсаты



бет2/5
Дата03.10.2023
өлшемі56.15 Kb.
#479671
1   2   3   4   5
Білгірлер бәйгесі

1-кезең
І жүргізуші.
Ғылымдардың патшасы атанған,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған
Төзбейтін өтірікке жалғандыққа
Ақыл ойды тәртіпке келтіретін
Нағыз пән ғой математика, – дей келе, әр топ өздерін таныстырып кетсін.
2-кезең «Кім тапқыр» сайысы
Жүргізуші.
Мықты болсаң – алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт, — деп алғашқы сайысымыз «Кім тапқыр» сайысына кезек береміз. (Әр топтың мүшелері ұсынылып отырған тақырыптын біреуін таңдап, бірінен соң бірі сұрақтарға жауап беру керек. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі).
- Әдебиеттегі сандар
1. Қазақ халық мақалында қанша құмалақ бір қарын майды бүлдіреді? (бір)
2. Атасы 56 жаста, ал немересі 14 жаста.Неше жылдан кейін атасының жасы немересінен екі есе үлкен болады (28 жылдан кейін )
3. Сиқырлы қаптағы сұрақ: Арыстан 1 қойды 2 сағатта,қасқыр 3 сағатта, ал ит 6 сағатта жеп, тауыса алады.Барлығы бірігіп жегенде қойды қанша сағатта жеп бітіреді? (бір)
4. Наурыз мерекесінде 20 адам би биледі. Ләззат 7 жігітпен, Гүлзат 8 жігітпен, Алмагүл 9 жігітпен, ал Айдана сол мерекеге келген барлық жігітпен би биледі. Мерекеде қанша жігіт болған? (13 жігіт)
- Ойлан, тап
1. Ноль санын алғашқы ойлап тапқан адам ?(Парсы математигі аль-Хорезми )(787–850)
2. Кімді математика королі атаған? (Карл Гаусс)
3. Үнділіктер оны «Сунья»,ал араб математиктері «Сифр» деп атаған. Біз оны қазір қалай атаймыз? (0)
4. Сиқырлы қаптағы сұрақ Егіз сандар деп қандай сандарды айтамыз?( Айырмасы 2-ге тең жай сандар ,мысалы:5 пен7)

- Бөлшектер
1 Бөлшек сызығының үстіне жазылған сан қалай аталады?Бөлшек сызығының астына жазылған сан қалай аталады? (Алым. Бөлім)
2. Бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан қалай аталады?(аралас сан)
3 Сиқырлы қаптағы сұрақ Қандай бөлшек дұрыс деп аталады? Мысал келтір. (Алымы бөлімінен кіші бөлшек дұрыс деп аталады.Мысалы.1/2 )
4. Бөлшектің негізгі қасиеті қалай айтылады? (Бөлшектің алымын да, бөлімін де бірдей натурал санға көбейткеннен бөлшектің мәні өзгермейді.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет