Біліктілігі бойынша оқитындар үшін құрастырылған


«Кәсіби қазақ тілі» курсының мақсаты



бет2/3
Дата18.09.2022
өлшемі43.2 Kb.
#460877
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3
ВТиПО-24 РУП проф каз

«Кәсіби қазақ тілі» курсының мақсаты – студентерге мемлекеттік тілде құжаттарды сауатты толтыру ережесін, оларға қойылатын талаптарды жете меңгерту; іс қағаздар стилінің өзіндік лексикалық ерекшеліктерімен таныстыру. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, іскерлік дағдыларын жүйелі меңгерген мамандарды даярлау.
«Кәсіби қазақ тілі» курсын оқытудағы негізгі міндеттер:

  • студенттерде өз қызмет саласында кәсіби қарым-қатынасқа түсу үшін жеткілікті кәсіби қатысымдық тілдік және сөйлеу құзыреттері туралы түсінік қалыптастыру;

  • кәсіби қызметін табысты жүзеге асыру үшін қажетті тілдік, сөйлеу және дискурстық құзыреттерін жетілдіру;

  • білім алу және оны шынайы жағдаяттарда туындайтын кәсіби бағытталған проблемалық міндеттерді шешу үшін қолдану барысында студенттерде өз бетінше іздену-зерттеу қызметінің дағдылары, машықтары мен құзыреттерін қалыптастыруды қамтамасыз ету;

  • тілдің жалпы адамзаттық құндылық ретіндегі рөлін түсіндіру;

  • сөз мәдениетінің сатыларын таныту;

  • әр түрлі функциональдық стильдердегі және жанрлардағы әдебиеттерді оқу тәрізді жазбаша және ауызша қарым-қатынастарда қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;

  • күнделікті және кәсіби сипаттағы сұхбаттарға қатысуға және коммуникативті өз ойын жеткізуге үйрету;

  • тілдің эстетикалық табиғатын таныту;

  • жаңа тілдік жағдаяттарда қарым-қатынас жасауға дағдыландыру;

  • стиль түрлеріне сай тілдік талғамдарын жетілдіру;

  • жұрт алдында сөйлеуге төселдіру, көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымын меңгерту.

Өзектілігі: «Кәсіби қазақ тілі» - студенттердің кәсіптік, кәсіби деңгейлерін жоғарылатады, келешекте өз мамандықтары бойынша мүмкіншіліктерін дұрыс пайдалануға әсер тигізеді. 2 курс студенттері «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» үйренуге негіз болатын бөлімдер арқылы студенттердің жобаланған оқу нәтижелеріне жетуі қарастырылады.
Компьютерлік технологияларды қолдана отырып, кәсіптік қызметте қажетті қызметтік құжаттарды қазақ тілде құрастырады. Берілген пән студенттердің гуманитарлық дамуына бағытталған пән тақырыптарын дамытады.
Пререквизиттер
«Кәсіптік қазақ тілі» курсы - «Қазақ тілі», бейнелеу өнері, графика, экономика, математика, информатика пәндерімен байланыстыра отырып оқыту, тапқырлыққа, өнерге қызығушылық танытуға, мәдени-эстетикалық деңгейін көтеруге ықпал жасайды.
Пән аралық байланыс арқылы білім алушы өзінің ішкі рухани құндылығын және сыртқы дүниемен коммуникативтік, зияткерлік қарым-қатынас жасау дағдысын қалыптастыруды көздейді. Пәнаралық байланыстарды ұйымдастыру білім алушылардың шығармашылық қабілеттерінің оянуына да септігін тигізеді.
Постреквизиттер.
«Кәсіптік қазақ тілі» курсын игеру үшін студенттің қазақ тілінен, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, графика, информатика пәндерінен белгілі білім деңгейі болуы қажет.
Пән аралық байланыс арқылы білім алушы өзінің ішкі рухани құндылығын және сыртқы дүниемен коммуникативтік, зияткерлік қарым-қатынас жасау дағдысын қалыптастыруды көздейді. Пәнаралық байланыстарды ұйымдастыру білім алушылардың шығармашылық қабілеттерінің оянуына да септігін тигізеді.
Аталған пәннің басқа ғылымдар арасындағы орны мен рөлі: аталған пән ғылым ретінде лексиканы, грамматикалық құрылымды және кәсіби біліктілік спецификациясын қоса алғанда қазақ тілде адамның іскерлік қатынасының негізгі түрлерін оқиды. Аталған пәннің аясында алынған білім маманға әр түрлі сала бойынша ғылыми, кәсіпкерлік іскерлікте, тәжірибелік жұмыста, 6 қазақ елдік әріптестермен қатынаста және өзіндік басқа да мақсаттарда қазақ тілін қолдануға мүмкіндік береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет