Білім алушыларды химия туралы жалпы түсінікті қалыптастыру және қазіргі химияның маңызды бөлімдерін оқып, үйрету



бет4/55
Дата02.01.2022
өлшемі1.79 Mb.
#452331
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Химия УМКД 2019-2020

Периодтық заң және элементтердің периодтық жүйесі

1. Калий мен марганец атомдарының электрондық - графикалық формуласын жазыңыздар. 2. Реттік нөмірі 20 және 35 элементтерінің электрондық және графикалық формуласын жазыңыздар. Бұлар қандай элементтерге жата

3. 9 және 27-ші элементтердің графикалық формуласын жазыңыздар. Бұлардың қайсысы р - элементтерге жатады?

4.Бірінші элемент атомының сыртқы энергетикалық деңгейлерінің құрылысы , ал екінші элементтің атом құрылысы . Осы элементтердің толық электрондық формуласын жазыңыздар. Бұлардың қайсысы s-элементтерге жатады?

5. Бейметалдардың тотықтырғыш қасиеті период және топ бойынша реттік нөмірлерінің өсу бағытында қалай өзгереді? Электрон тартқыштық дегеніміз не?

6. Металдардың тотықсыздандырғыш қасиеті период және топ бойынша реттік нөмірлерінің өсу бағытында қалайөзгереді? Иондану энергиясы дегеніміз не?

7. Массасы 10,8 г үш валентті металл жанғанда 20,4 г оксид түзілген. Бұл қай металл?

8. 5,4 г үш валентті металды күйдіргенде 10,2 г оксид түзілді. Бұл - қай металл?

9. Массасы 15 г екі валентті металл сумен әрекеттестірілгенде 0,75 г сутегі бөлінген. Бұл қай металл?

10. Бір валентті металл оксидінде 53,3 % оттегі бар. Бұл қай металл?

11. Электрондық құрылымы болатын элементті атаңыздар.

12. Төменде келтірілген конфигурациялардың қайсысы кездесетінін және кездеспейтінін көрсетіңіздер: а) ә) б) в) г) ғ) д) е) ж) з) и)



Химиялық байланыс

1. Химиялық байланыстардың түрлері.

2. Валенттік байланыс әдісінің негізгі ұстанымы.

3. Ковалентті байланыстың сипаттамалар; а) беріктігі, ұзындығы; ә )қанығу себебі; б)бағытталуы.

4. Байланыстың полюстілігі дегеніміз не? Оның сандық сипаттамасы қандай?диполь моменті.

5. Орбиталдардың гибридтенуі.

6. σ-және π- байланыстар.

7. Мына заттар H2, CI2, BCI2, CCI4, CH4, C2H4, H2SO4, BeCI2, HNO3 молекуласындағы химиялық байланыстарды талдаңдар, олардың кеңістіктегі пішіндері қандай?

8. NO2-дегі аззоттың, KJO3-тегі иодтың, Cu(NO3)2-дегі азоттың, KMnO4-дегі марганецтің, K2Cr2O 7-дегі хромның тотығу дәрежесін анықтаңдар.

9. Молекулалық орбиталь әдісі, негізгі қағидалары. Мысалдар келтіріңдер. МО- әдісі бойынша азот, оттегі, көміртегі (ІІ)оксиді мелекулаларының түзілуі.

10. МО- әдісін пайдаланып, мына молекулаларды H2, H2+,N2, O2, F2, CO, NO, NH3 энергетикалық сызбанұсқасын және байланыс еселігін есептеңдер.

11. Иондық байланыс және тотығу дәрежелері туралы түсінік.

12. Сутегіндік байланыс. Мысалдар келтіру.

Химиялық реакциялардың жылдамдығы.

Химиялық тепе теңдік. Катализ

1.Реакция теңдеулері төмендегідей реакциялардың жылдамдығының математикалық түрін жазыңдар.



H2+CI2=2HCI; 2H2+O2=2H2O; CuO+H2=Cu+H2O.

2.Егер NO контентрациясы екі есе әссе: ә) NO мен O2-нің концентрациясы бір мезгілде үш есе өссе мына реакция 2NO+O2=2NO2 жылдамдығы қалай өзгереді?

3.Химиялық тепе- теңдіктің тұрақтысының математикалық өрнегін жазыңдар:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет