Білім алушыларды химия туралы жалпы түсінікті қалыптастыру және қазіргі химияның маңызды бөлімдерін оқып, үйрету


Атом-молекулалық ілім, химияның негізгі түсініктері мен заңдары



бет8/55
Дата02.01.2022
өлшемі1.79 Mb.
#452331
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   55
Химия УМКД 2019-2020

Атом-молекулалық ілім, химияның негізгі түсініктері мен заңдары.

  1. Атом-молекулалық теориясы: 1748 жылы М.В.Ломоносов ашқан атом-молекулалық ілім химияның ғылыми негізі болып табылады.

1) барлық заттар элементтерден (атомдар) және корпускуладан (молекула) тұрады.

2) бұл бөлшектер үздіксіз қозғалыста болады, яғни жылудың табиғи әсерімен түсіндіріледі.



  1. Масса және салмақ түсінігі.

Масса – дененің немесе заттың қасиеті. Масса – гравитациялық өріс көрсету қабылетімен сипатталады да, m – деп белгіленеді. Өлшем бірлігі СИ-жүйесінде – кг, г.

Салмақ – дененің гравитациялық өріспен әрекеттесуі нәтижсінде пайда болатын күш және салмақ еркін түсу үдеуінде (g)-ға тәуелді: h=m*g.

Заттың массасы арнайы таразыларда (иінді, пружиналы) өлшенеді, дене салмағы – динамометрмен өлшенеді. Химияда көбінесе масса түсінігі жиі қолданылады.

3.Салыстырмалы атомдық және молекулалық масса. Массаның атомдық бірлігі.

Атомдар мен молекулалардың абсолютті массасы өте аз шама:

mа(Н)=1,674*10-24г,

mа(С)=1,993*10-23г,

mм(Н2О)=2,99*10-23г.

Мұндай шамалармен есептеулер өте күрделі, ыңғайсыз. 1961 жылдан бастап а.м.б. ретінде көміртегі 12 изотобының атомы массасының 1/12 бөлігі алынған. 1,66-10-24 г тең. Осыдан, мысалы





A
r(H) – дегеніміз сутегі атомының салыстырмалы массасы, бұл шама сутегі атомы а.м.б. неше есе ауыр екенін көрсететін, өлшем бірліксіз шама. Mr(H2O) – судың салыстырмалы молекулалық массасы.

Судың салыстырмалы молекулалық массасын – сутегінің және оттегінің салыстырмалы атомдық массаларының қосындысымен есептеуге де болады:

Mr(H2O)=2*1.0079+15.999=18.015



4 Моль. Молярлық масса. Авогадро тұрақтысы.

СИ – жүйесінде моль – зат мөлшерінің өлшем белгіленуі ν(Са)=1,2 моль, ν(NаOH)=3 моль.

Моль дегеніміз – көміртегі С-изотобында 12 г қанша атом болса, сонша құрылымдық бөл-шектер (молекула, атом, иондар) болатын заттың мөлшері болып табылады. 12 г-да 6,02*1023 құрылымдық бөлшектер болатыны анықталған.

Авогадро тұрақтысы деген осы шама:



Молярлық масса заттың молінің массасы, өлшем бірлігі г/моль. M(NaOH)=40 г/моль. Молярлық массасы сандық және салыстырмалы молекулалық массаға тең болады:

M=Mr.

Заттың мөлшері мен молярлық массасы массамен төмендегідей қатынаста болады:



немесе m=*M

Заттың молекулалық массасын жеке молекула массасымен Авогадро тұрақтысы арқылы есептеуге болады.

M(H2O)=2.99*10-23г*6,02*1023моль-1=18г/моль

Жеке атомның немесе молекуланың массасының сандық мәнің м.а.б. немесе Авагадро тұрақтысын қолдана отырып табуға болады:

Ma(Fe)=1.66*10-24г*56=9.29*10-23г немесе



5. Химияның негізгі заңдары.

Массаның және энергияның сақталу заңын 1748 жылы М.В.Ломоносов тұжырымдаған: Химиялық реакцияға қатысушы заттардың массасы өзгермейді. 1905 жылы Эйнштейн энергиямен массаның өзара байланысын, тәуелділігін көрсеткен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет