Білім алушыларды химия туралы жалпы түсінікті қалыптастыру және қазіргі химияның маңызды бөлімдерін оқып, үйрету



бет5/55
Дата02.01.2022
өлшемі1.79 Mb.
#452331
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Химия УМКД 2019-2020

N2+3H2=2NH3; 2NO=N2O4

4.Мына тепе теңдік а) температура төмендегенде, ә) қысымды көтергенде қалай ығысады?



2CO+O2=2CO2+568,48кДж

2SO2+O2=2SO3+172,38кДж

2HBr=H2+Br2-53,83кДж

2H2+O2=2H2O-56,90кДж

5.Реакцияға қатысқан заттардың концентрациялары мынандай [H2]=0,3 моль/ л; [J2]=0,08моль/л; [HJ2]=0,35моль/л болғанда тепе теңдік орнайды. Иод пен сутектің бастапқы концентрациясын есептеңдер.

6.[N2O4]бастапқы концентрациясы 0,02 моль/л және тепе-теңдік кездегі оның диссоциясы 60% болады, N2O4 NO2 реакциясынның тепе теңдік тұрақтысын табыңдар.

Ерітінділер

1. 2%-т і ерітендіні алу үшін 250 г суда неше г AgNO3 еріту керек?

2. Сусыз тұзға есептегенде 5%-ті 200г ерітінді дайындау үшін неше г мыс купоросы CuSO4·5H2O қажет?

3. 500 мл ерітіндіде 30 г алюминий хлориді ерітілген. Ерітіндінің эквиваленттік концентрациясын есептеңдер.

4. 0,02н 100 мл фосфор қышқылы ерітіндісін дайындау үшін неше г H3PO4 қажет?

5. 250мл 1 М ерітінді дайындау үшін неше г натрий тиосульфаты Na2SO3·5H2O қажет?

6. 2 л 0,1н ерітіндіде неше г азот қышқылы еріген?

7. 5% калий хлориді ерітіндісінің молялдық концентрациясын табындар.

8. Тығыздығы 1,14 г/мл 20% күкірт қышқылы ерітіндісінің эквивалентті концентрациясын есептеңдер.

9. Аммоний нитратын өңдіру үшін 60% азот қышқылының ерітіндісін қолданады. Осы ерітіндінің мольдік және моляльдық концентрациясы қандай? Ерітіндінің тығыздығын кестеден қараңдар.

10. 2 л хлор (қ.ж.) 5 л суда ерітілген. Ерітіндінің көлемі судың көлеміне тең етіп алып, осы ерітіндінің проценттік концентрациясын және мольдік концентрациясын есептеңдер.

11. 2 н тең H2SO4 ерітіндісінің (ρ=1,063г/мл) проценттік концентрациясы қандай?

12. 66,8 г күкірт қышқылы 133,2 г суда ерітілген. Алынған ерітіндінің тығыздығы 1,25 г/мл. Осы ерітінің а) проценттік, ә) мольдік, б) эвивалентті концентрацияларын есептеңдер.

13. 1 л 10% (ρ=1,049г/мл) ерітінді дайындау үшін 37 % НCI (ρ=1,19г/мл) ерітіндісінің және судың қанша көлемі қажет?

14. 20% -ті ерітіңдіні алу үшін 96% H2SO4 ерітіндісімен суды қандай қатынаста араластыру қажет?

15. 50 мл 2н азот қышқылы ерітіндісін дайындау үшін 68%-ті НNO3 ерітіндісінің қандай көлемі қажет?

16. 2 н 20 мл H2SO4 ерітіндісімен әрекеттесу үшін 0,5 н BaCI2 ерітіндісінің қандай көлемі қажет?

17. 200 мл 0,5 М темір (ІІ)сульфаты ерітіндісіндегі темір (ІІ) иондарын Fe(OH)2 түрінде толық тұнбаға түсіру үшін 2 М КОН ерітіндісінің қандай көлемі қажет?

18. 25 мл Н2SO4 ерітіндісін бейтараптау үшін 0,1 н 40 мл NaOH жұмсалады. Қышқыл ерітіндісінің нормальдығы қандай?

Комплексті қосылыстар

1. Төмендегі комлексті қосылыстардың құрылысын жазып, ата4дар. Комплекс түзушінің тотығу дәрежесі мен координациялық санын табыңдар.

2. Калийдің гексацианоферратын (ІІІ) қалай алуға болады? Реакция теңдеулерін жазыңдар.

3. Мыс гидроксиді мен тетраамминмыс (ІІ)гидроксидінің қайсысы күштірек.

4. Мыс нитратының калий гексацианоферратымен (ІІ) әрекеттесу теңдеуін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.

5. Тұрақсыздық константасы мәні бойынша төменде келтірілген иондарды тұрақтылығы өсу ретімен орналастырыңдар.



[Cd(NH3)4]2+; [Cu(CN)4]2+; [Ag(NH3)2]+; [HgJ4]2-.

6. 25 мл 0,1н [Cr(H2O)5CI]CI-нен хлорид иондарын толық тұнбаға түсіру үшін күміс нитратының 0,05 н ерітіндісінің қандай көлемі қажет?

7. Диамминкүміс хлоридіне азот қышқылы немесе калий цианиді ерітінділерін қосса, немесе металл мырышты салса диамминкүміс катионы және жаңа комплексті ион түзіледі. Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар. Не себептен осы реакциясы жүретінін түсіндіріңдер.

8. Формуланы мынадай [Cu(NH3)4]2+; [HgJ4]2-; [Ag(CN)2]2-комплексті иондарда лигандалар мен орталық атомның арасындағы химиялық байланысқа сипаттама беріңдер. Орталық атом орбитальдары гибридтенуінің түрі қандай?



Тотығу-тотықсыздану реакциялары

1. Төменде келтірілген теңдеулердің коэффициенттерін қойып, тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсетіңдер:

























2. Ионды-электронды әдісті қолданып теңестіріңдер:





3. Селен қышқылы мен иодсутегі қышқылының ерітінділері бір ерітінді де бола ма?

4. Төменде берілген сызбаларға сәйкес келетін реакциялардың иондық және молекулалық теңдеулерін жазыңыз.Әр реакцияның мәнін түсіндіріп, тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсетіңіз:

а)

ә) ;

б) .

5. Метал магний азот қышқылымен әрекеттескенде , нитрат және су түзіледі. Реакция теңдеуін жазып, тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты анықта.

6. Мырыш өте сұйық азот қышқылымен әрекеттескенде екінитрат түзіледі. Реакция теңдеуін жазып, тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты анықта.

7. Қалайы азот қышқылымен әрекеттескенде қалайы қышқылы, азот диоксиді және су түзіледі. Реакция теңдеуін жазып, тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты анықта. 10 г қалайыны тотықтыру үшін қанша қышқыл керек?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет