Тапсырма №2. «Нөмірленген орындықтар» Концертте аудиториядағы барлық адамдарға сахнаның жақсы көрінісін беру үшін залдағы орындықтар арасында бос орын қалдырылып қойылған. Ол төмендегі жоспарда көрсетілген.
1 сұрақ. Нөмірленген орындықтар. Алдыңғы тоғыз қатардағы орындықтардың жалпы саны қанша? * 1 балл
2 сұрақ. Нөмірленген орындықтар. Дастан мен Ерік концертте кездесті. Мынау Дастанның билеті: Оның 26 нөмерлі орындығы үшінші қатарда және М бағанасында орналасқан. Еріктің орындығының нөмері 148. Еріктің орындығының орналасқан жері қандай (қатары мен бағанасы)? Қатардың саны: .............Бағана: .................. 1 балл
148 орын, орналасу 16 D
146 орын, орналасу 16 J
148 орын, орналасу 16 J
148 орын, орналасу 16 A
Тапсырма №3. «Мен «Алмасу оқушысы» бола аламын ба?» Мен де алмасу оқушысы бола аламын ба? Бұл ой мені қорқытады, бірақ, сонымен бірге өте қызығарлық. Егер мүлде қорықпасаңыз, бұл таңданарлық болар еді. Ең бастысы - сіз мұны қалайтыныңыз және сіздің күтулеріңіз толық орындалуы. Үміткерден не талап етіледі? Оқушылар алмасумен шұғылданатын әр түрлі ұйымдардың талаптарының айырмашылығы аз ғана, бірақ олардың барлығы үміткердің жасына, бітірген сынып санына, үлгеріміне және жеке басының қасиеттеріне нақты талаптар қояды. Әдетте жас шамасы 15-тен 18-ге дейін. Оқушы негізгі мектепті (9 сынып) немесе 10 сыныпты бітіруі талап етіледі. Оқушылар алмасу жұмысының алғашқы жылдарымен салыстырғанда, қазіргі кезде, үлгерім шешуші фактор емес. Көптеген жағдайларда, «орташа үлгерім» жеткілікті болады. Үлгерімнің біршама төмен деңгейінің есесі әңгіме өткізу кезінде оқушының жақсы әсер қалдыруымен қайтарылуы мүмкін. Көп жағдайларда мектептен немесе мұғалімнен мінездеме қажет болады. Бұдан басқа, өтінішіңізге сіздің мектептегі бағаларыңыз бар көшірмені қосу керек. Тілді білу жиі жазба жұмыс (тест) арқылы және өте сирек ауызша экзамен арқылы бағаланады. Сірә, үміткерден шет тілінде жүгіртіп сөйлей білу талап етілмеуі тиіс, өйткені тіл біліктілігі мен дағдысын дамыту оның шетелге оқуға баруға әзірлену себептерінің ішінде бірінші орында тұр. Әңгімелескенде үміткерлер күнделікті өмірдегі қатынаста ең болмағанда өздерінің пікірі мен қалауын қарапайым сөздермен білдіруі және қысқаша, жеңіл-желпі сөйлесе алуы ескеріледі. Жақсы денсаулық міндетті шарт. Бірақ сізге өз еліңізде мектепке баруға ештеңе кедергі жасамаса, онда сіздің алмасу оқушысы болмайтыныңыздың себебі де жоқ. Кейбір созылмалы аурулар, мысалы, қатты аллергия, сіз бірге тұратын, лайықты отбасын іздеу уақытын көбейтуі мүмкін. Бірақ бұл сізді тоқтатпауы тиіс. Барлық ұйымдар оқушының жеке басының қасиеттеріне ерекше көңіл аударады. Әсіресе ісі мен әрекеттеріндегі сенімділік, жақсы әдеттер, көңілді мінез, қарым-қатынас жасай білу, бейімделе алу, ұжымда жұмыс істей білу, кемелдену, оқуға ынтығу және ой өрісінің кең болуы маңызды деп есептеледі. Бұл қасиеттердің барлығы үміткермен жеке әңгімелесу барысында және мұғалім немесе мектеп әкімшілігі берген мінездеменің негізінде бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |