Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет100/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

 
5-қосымша 
Әдеби викторина оқырмандық құзыреттілікті қалыптастырудың тиімді 
әдісі ретінде болуы үшін мұғалім: балаларды кітап оқуға қызықтыру және 
олардың бойындағы осы қызығушылықты сақтап қалуға жағдай жасауы; 
балаларға қол жетімді, оқу бағдарламасына байланысты, бір немесе басқа 
оқырманның жеке мүдделеріне байланысты кітаптар ұсынуы; оларға әр кітапты 
оқуға, оны саналы түрде түсінуге, есте сақтауға көмектесуі; әр кітапқа және 
кітап оқуға саналы және белсенді түрде қарауға үйретуі тиіс. 
«Сабақтан тыс іс-шаралар» мектептегі оқу процесінің ажырамас бөлігі 
болып табылады, викториналарды сабақ барысында да, сабақтан тыс іс-шара 
ретінде де өткізуге болады. Сабақтан тыс жұмыстардың бір бағыты сыныптан 
тыс оқу сабақтарының жүйесі болуы мүмкін, оның аясында мұғалім үйде де, 


229 
мектептегі сабақтарда да білім алушылардың тәуелсіз оқуын ұйымдастыра 
алады. 
Білім алушылардың сабақтан тыс жұмыстарының нәтижелерін үш 
деңгейге бөлуге болады. 
Нәтижелердің бірінші деңгейі – білім алушының әдебиет саласында білім 
алуы, білім алушылардың оқу құзыреттілігін арттыру, оқырман көкжиегін 
кеңейту – әңгімелер, дидактикалық ойындар, викториналар, ересектермен бірге 
кітап оқу және тыңдау, әдеби олимпиадалар, ғылыми жобалар, оқу 
конференциялары, театрларға бару, әдеби мұражайлар мәдени саяхаттар жасау 
арқылы қол жеткізіледі. 
Нәтижелердің екінші деңгейі – эстетикалық қобалжу тәжірибесін алу
оқудың ішкі мотивациясын қалыптастыру, оқырманның өзін-өзі бағалауы мен 
сабақтан тыс жұмыстардың нәтижелеріне қанағаттануын арттыру – балалардың 
бір-бірімен тікелей қарым-қатынасы арқылы қол жеткізіледі. Бұл деңгейге қол 
жеткізу үшін проблемалық пікірталастар, диспуттар сияқты әдістер мен 
тәсілдерді қолдану маңызды, онда білім алушы өзінің оқырмандық пікірін 
қорғау, өзінің оқырмандық іс-әрекетіне барабар өзін-өзі бағалау қабілетін 
игереді. 
Нәтижелердің үшінші деңгейі –қоғамдық тәуелсіз іс-әрекет тәжірибесіне 
ие болу, оқу белсенділігінің артуы, әдеби және шығармашылық қабілеттердің 
дамуы. Олардың бәрі білім алушының ашық қоғамдық ортада кітап жинау, 
мектепке дейінгі балалар ұйымдарында әдеби мерекелер мен қайырымдылық 
концерттерін ұйымдастыру, қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі 
әдеби-шығармашылық акциялар мен іс-шараларға қатысу тәрізді өзара қарым-
қатынас жасау арқылы қол жеткізіледі. 
Әдеби ойындар, викториналар мектеп оқушылар үшін қызықты да 
пайдалы іс-шара түріне жатады Әдеби ойындардың негізінде жекелеген 
үзінділер бойынша көркем шығармаларды тану, берілген сөздер бойынша 
жолдар мен шумақтарды қайта құру, оқылған шығармалар бойынша күрделі 
сұрақтарды қою және шешу (викториналар, сөзжұмбақтар), әдеби 
кейіпкерлердің аттарын, авторлардың аттарын, бірқатар сұрақтар бойынша 
кітаптар мен шығармалардың аттарын болжау (шарадалар), кейіпкерлер мен 
кітаптарды сипаттама бойынша жаңғырту және т. б. жатады. Мұндай әдеби 
ойындар барысында ойыншылардың зияткерлік, моральдық, ерік-жігерлік 
қасиеттері дамиды, бейімділігі мен қабілеттері белсендіріледі. 
Әдеби ойындар – білім алушылардың сабақта және сабақтан тыс іс-
әрекеттерін үнемі жандандыру құралы болып табылады. Мектептегі ойындар ең 
алдымен жаңа білім беретін, баланың зейінін, жаңа материалға аударатын, 
қызықтыратын және ойландыратын болуы тиіс. Сонымен қатар тәрбиелік жағы 
да маңызды болып табылады. Ойын балалардан тапқырлықты, зейінді талап 
етеді, шыдамдылыққап, табандылыққа үйретеді, қиялын дамытады, дұрыс 
шешімдер қабылдауға үйретеді, ұжымшылдық сезімін тәрбиелейді. 
Белгілі телебағдарламалар түрінде өткізілетін әдеби ойындар: 
«Жұлдызды сәт», «Ғажайыптар алаңы», «Бақытты оқиға», «Сиқырлы алаң», 
«Сәттілік иірімдері», «Теңіз шайқасы» және тағы басқалар.


230 
Оқылған шығарма желісімен «Суреттеу бойынша тап» ойыны, яғни 
шығармадан кейіпкерді суреттейтін үзінді оқылады, балалар кейінкерді атайды. 
«Сиқырлы сандық» ойынында сандықтан алынған заттың иесін, яғни 
кейіпкерді атау. 
«Сөзжұмбақ». Тақырыпқа сәйкес құрастырылған сөзжұмбақты шешу. 
6-қосымша 
«Ата-аналарға арналған жадынама» 
 
Бала ата-анасының бойындағы кітап оқуға және кітапқа деген көзқарасын 
қабылдайды. 
Ата-аналарды баланың кітаппен қарым-қатынасы тек жағымды 
эмоциялар тудыратын және мұндай қарым-қатынастан жағымды әсер алумен 
байланысты болатын атмосфера құруға бағыттау қажет. Мектеп пәндерінің 
барлығы дерлік білім алушыларға тақырыптың мазмұнында берілген ақпаратты 
игеріп, есте сақтап, уақытында қолдануы тиіс дайын білім береді деп айтуға 
болады. Әдебиет пәнінде білім алушы шығарма кейіпкерлерінің және 
авторының өміріне жанашырлық таныту арқылы шығармадағы оқиғаларға 
қатысады деп айтуға болады. Оқу қызығушылығын дамытуға бағытталған 
жұмысты мектепте де, үйде де жүргізу қажет. Осыған байланысты ата-аналар 
жиналысында балалардың оқуға қызығушылығын арттыру тақырыбы қозғалуы 
тиіс. Мысалы, ата-аналарға арналған кеңестер жазылған буклеттер әзірлеуге 
болады. 
Буклеттегі кеңестер: 
• оқудан жағымды әсер алыңыз және сол арқылы балалардың бойындағы 
оқуға деген көзқарасын рахаттану ретінде дамытыңыз; 
• балаларға кішкентай кезінен бастап дауыстап оқыңыз. Кітаппен шынайы 
танысуды ертегілердің аудио жазбаларын тыңдаумен алмастырмаңыз; 
• балаларды өзіңізбен бірге кітапханаға апарыңыз және кітапхана қорын 
пайдалануға үйретіңіз; 
• кітап сатып алу, оларды сыйлық ретінде беру және сыйлыққа алу 
арқылы кітап оқуды бағалайтындығыңызды көрсетіңіз; 
• кітап оқуды уақытты қызықты өткізудің бір тәсіліне айналдырыңыз, 
яғни кітапта балалар өз өмірлерінде қолдана алатын керемет идеяларға толы 
екенін көрсетіңіз; 
• балалар кітаптар мен журналдарды өздері таңдасын; 
• баланың қызығушылығын ескере отырып (оның атына) балаларға 
арналған журналдарға жазылыңыз; 
• баланың өзінен кіші бауырларына немесе басқа да туыстарына дауыстап 
оқуын ұйымдастырыңыз және отбасылық әдетке айналдырыңыз; 
• кітап оқуды әрдайым қолдаңыз; 
• оқуды қажет ететін үстел ойындарын ойнаңыз; 
• үйде балалар кітапханасы болуы тиіс; 
• балаларыңызға бұл туралы тағы да оқуға шабыт беретін тақырыптар 
бойынша кітаптар жинаңыз (динозаврлар, ғарыштық саяхаттар және т. б.); 


231 
• фильмді көргенге дейін немесе одан кейін балаларға фильм желісі 
алынған шығарманы оқуды ұсыныңыз; 
• егер балалар теледидардан қызықты бағдарлама тамашалаған болса, сол 
тақырып бойынша кітап алыңыз; 
• үй театрын ұйымдастырыңыз: шығарма кейіпкерлеріне тән костюмдерді 
қолданып рольдермен оқыңыздар; 
• балалардың оқып жатқан кітаптары туралы пікірлерін жиі сұраңыз; 
• балаларға бастапқыда үлкен/ауқымды шығармалар оқығаннан гөрі, 
шағын/қысқа әңгімелер оқыған дұрыс, сол кезде ғана олардың бойында 
қанағаттандыру және аяқталғандық сезімі пйда болады [Коджаспирова, Г. М. 
Педагогический словарь [Текст] : учеб.пособие для студентов педвузов / Г. М. 
Коджаспирова, А. Ю. Коджаспиров. – М. : Издательский центр «Академия», 
2000. – 176 с.]. 
7-қосымша 
Кітап және оқу іс-әрекетітуралы дәйексөздер 
 
Қазақтың тілі соншалықты мол. Ләкин қазақтың тіліменен қандай кітап 
болса да жазуға болады. Қазақ тілі мұншалықты жатық әм анық болар еді, егер 
де біздің қазақтар аңғарып, бөтен тіл араластырмастан ілгері бастырып сөйлесе. 
Ыбырай Алтынсарин 
Артық ғылым кітапта,
Ерінбе оқып көруге.
Абай Құнанбаев 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет