261
Келіндер ата-енесін, үлкендерге иіліп сәлем беріп, ерекше құрмет көрсетеді.
Бұл әрекет келіннің тәрбиелі, әдепті, инабатты екендігін көрсетеді.
Әдеп (дәстүр, тәрбие) – адам баласының қай жасында болмасын,
тұрмыс-тіршіліктің қай жағдайында да қарым-қатынаста әдеп сақтау –
қалыптасқан заң. «Үлкен-кіші болсын әдеп сақтау ұлттық тәлім-тәрбиенің аса
үлгілі, тәрбие ісіндегі қалыптасқан заңы, жолы бар ерекше қасиетті тәлімдік
дәстүрі» [28].
Әдеп талаптары арқылы әр жастың, яғни үлкеннің кішінің, кішінің
үлкеннің алдында, оқушының ұстаздың алдында, келін мен күйеу баланың ата-
ене алдында,
әйел адамның ер адамның, ер адамның әйел адамның алдында
тәрбие шегінен шықпай, халықтың әдет-ғұрпында тұрақтанып қалыптасқан.
Бата – игілікті іс, жақсылыққа бастар жол алдында, қуаныш баянды болу
үшін аса сыйлы құрметті адамдардан бата сұралады, бата беріледі. Осыған
сәйкес батаның бірнеше түрі бар. Бата алған адамның берген батаға лайықты
болып үмітті ақтау үшін тырысары анық.
Бата қонағы үшін бар тәтті – дәмдісін алдына тосқан, ақ пейіліменен
дастархан жайған иесіне, нақты айтқанда дастарханға,
қысыл-таяңда,
қиыншылықта қол ұшын берген адамға ризашылық ретінде, адам өмірінің
кезеңдеріне байланысты қуаныштарға беріледі. «Батаменен ел көгерер,
жаңбырменен жер көгерер дейді» дана халқымыз.
Қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары тұрмыс-тіршілігінің
барлық саласынан мысалы, қол өнерден, киім-кешектерінен, ұлттық ойын
түрлерінен, отбасылық және ұлттық мерекелерден көрініс тапқан [29].
Ою-өрнектер. Қазақ ұлттық мәдениетінің ең көне,
ерекше бағаланатын
байлықтарының бірі – қолөнер, оның ішінде ою-өрнек өнері болып табылады.
«Көпшілік жұрт қазақтың ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғұрпының сырын
біле білмейді. Оларды жүйелеп, көңілге қонарлықтай етіп бекзаттыққа,
имандылыққа, ізгілікке қатысты білім-танымның талаптарына сай пайдаланып
жүргендер жоқтың қасы», - деп жазды өзінің бір сұхбатында Ө. Жәнібеков.
Негізінен біле білген адамға қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері мейлі
бала тәрбиесінде болсын, адамгершілік тұрғысынан болсын тағылымы мол
таптырмас құрал [29].
Ежелгі дәуірде ою-өрнек салттық мәнге ие болған. Мысалы, қазақтарда
күн, ай, аспан символдары бар қола және күміс тұмарлар болды. Әшекейленген
тұмарлар сиқырдың белгісі, бақыт пен өркендеудің символы, діни идеялардың
ортасы болды. Көне заманда тасқа, ағашқа, сүйекке түсірілген ою-өрнек,
таңбалар бертін келе киізге, кілемге, алашаға, матаға, әр түрлі бұйымдарға
салынатын болған. Ою-өрнектер
арқылы елді-мекенді, тайпа-руды, мал
шаруашылғы мен көшпелі өмір салтын бейнелеген тағы да басқа белгілерді
анықтап, түсінілген.
Шапандардың өзіндік ерекшеліктері бар әр өңірдің өзіне тән оюлары
болады. Оңтүстік пен солтүстік, шығыс пен батыс хандары мен билері бір-
бірінің қайдан келгенін сұрамай-ақ танитын болған.
Шеберлер қолданатын материалдардың түсіне, реңіне аса көңіл бөлген.
Мәселен, қызыл түс жалын атқан отқа, өмірлік күшке, сары түс күнге, жасыл
262
түс өсімдіктер әлеміне баланды. Аспан символы көк түске ерекше құрмет
көрсетіледі. Ал ақ түс болса, күні бүгінге дейін молшылыққа, бақытты
тұрмысқа балама ретінде аталады.
Осылайша, қазақтың қас шеберлері кестеленген
ою-өрнектер тілсіз сыр
шертетін болған.
Дана халқымыз әр ою мен өрнекті сөйлете білген. Әр қайсысының мәні
мен мағынасы және оларды орнымен қолдану ерекшеліктері бар.
Ұлттық құндылықтарымызды насихаттау, танымдық жұмыстардың
жүйелі түрде жүргізілмеген қазіргі кезеңде ою-өрнектер ретсіз, бейнелеу
талаптары өрескел бұзыла бастағаны белгілі. Сол себепті ең бастысы ою-
өрнектердің тарихына, мағынасы мен мәніне, қолдану ерекшеліктеріне басты
көңіл бөлінуі тиіс.
Бүгінгі таңда ұлттық ою-өрнек тақырыбына көңіл бөлу аса өзекті.
Тәуелсіздік
жылдарында, әсіресе 90-шы жылдары Қазақстанның бейнелеу
өнеріндегі бұл тақырып өз шығармашылығында этно және сәндік стильді
дамытатын қолданбалы суретшілер арасында ерекше танымал. Ұлттық
қолөнерді қолдау және сақтауда әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар жасалуда.
Ою-өрнекпен безендіруді барлық жерде: мемлекеттік рәміздерде, құрылыс-
сәулет кешендерінде, өнеркәсіптік графика мен дизайнда, ғимараттарда, білім
беру мекемелерінде, саябақтарда және т. б. кездестіруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: