Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет113/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

 
Бет ашар – келін түсіру салты жасалған соң халықтың алдында келіннің 
бетін ашу, яғни беташар рәсімі жасалады. 
 
4. Өзара көмекке байланысты дәстүр мен ғұрыптар 
Асар – белгілі бір жанұяның тұрмысындағы қолдың күші қажет етілетін 
тірлігіне халықтың бірлесе ақысыз көмек көрсетуі. Әдетте бұл үй салу, шөп 
шабысу, түсірісу, егін егу, жинау т.б. жұмыстарында атқарылады. Бұндай 
дәстүр балаларға көпшілдік, ауызбіршілік, жанашырлық, ынтымақтастық 
сезімдерін оятуға себеп болады. 
Жылу (дәстүр) қыстың ақ-түтек боранында, көктемгі су тасқынында, 
өрт болғанда үй-жайынан, мал-мүлкінен айырылған отбасыларына, адамдарға 
бүкіл ауыл-аймақ тұрғындары жаппай хал қадірлерінше қолдарында бар 
ақшасын, малын, дүниесін беріп көмектеседі. Бұл да адамгершілік тұрғысынан 
алғанда тәрбиенің бір көрінісі. Балалар да бұндай жағдай кімнің басына болсын 
түсетіндігін сезінетін болады.  
Қол ұшын беру (дәстүр)кез-келген адамның істеп жатқан жұмысқа 
көмек көрсету дәстүрі. Асығыс өтіп бара жатқан адам да аялдап қол үшін беруі 
тиіс. Көре тұра көмек көрсетпегендік әдепсіздік, тәрбиесіздік болып саналады. 


259 
Бұл дәстүр балалар бойына тәрбиелік, көрегендік, әдептілік сияқты қасиеттерді 
дамытады. 
5. Тұрмыс-тіршілікке байланысты салт-дәстүрлер 
Көрші хақы (дәстүр)адамдардың күнделікті өмірлерінде көршінің 
орны бөлек. Өйткені туған-туыстарыңнан гөрі көршіңмен жиі араласып, 
көрісесің. Халқымызда «Көрші ақысы-тәңір ақысы» деген сөз бар. Көршің 
жақсы болса өзара сыйластықтан, бір-біріне деген қамқорлықтан бірге туғандай 
болып кетесің. Үлкендердің арасындағы осындай қарым-қатынастан үлгі алған 
балалар қайырымды, мейірімді, көпшіл, жауапкершілікті сезіне білетін азамат 
болып өседі. 
Сауға (ғұрып)өткен ғасырларда дала заңына қайшы келетін істеген 
әрекеті қылмыс деп есептеліп, өлім немесе ауыр жазаға кесілген адамға 
кешірім, бостандық, жеңілдік сұрайтын дәстүр болған. Өтеуі ретінде «құн» 
төлеп, келесі тарапты келісімге келуге шақырған. Сауға дәстүрінің негізі – 
өзара келісім, бітім, татулық. 
Мүшелтой (дәстүр) – бұл жеке отбасында ғана емес барша халық болып 
аталып өтетін дәстүр. Қоғамның әр саласында еліне еңбегі сіңген, сыйлы 
адамдар мен мемлекет және қоғам қайраткерлері, жазушылар, ғалымдардың, 
спортшылардың мүшел тойларына байланысты өткізілетін мерейтойлар. 
Сонымен қатар жаугершілік заманда елін, жерін қорғаған қазақ батырларының, 
ел амандығын сөзбен шеше білген аузы дуалы әулиелер мен билердің 
мерейтойлары да аталып өтіп тұрады. 
Бұл дәстүрдің болашақ ұрпақтың тәрбиесінде маңызы зор. Жастардың 
бойында Отанына, халқына, туған елі мен жеріне адал қызмет ету қасиеттерін 
сіңіру. Олар мүшел жастарында еңбектері ескеріліп, ерекше құрмет көрсетіліп 
жатқан мерейтой иелеріне еліктеп өсіп, солардың өмірінен, істерінен үлгі алуға 
тырысады. 
Туған жерге аунату (дәстүр)Адам баласына кіндік қаны тамған жер 
қашанда ыстық. Жер бетінің қай түкпірінде жүрсе де кез келген адам туған 
жерін ұмытпайды. Туған жерге аунатуда «Сен осы жерде тудың. Осы жердің 
перзенті екеніңді ұмытпа» деген тәлім бар. Бұл дәстүрде адам бойында туған 
жерге, туған жердің бір уыс топырағының қасиетіне деген құрмет жатыр.  
Сүйінші – қуанышты хабарды жеткізгенде сүйінші сұрайды, естіген адам 
сүйінші хабарды айтқан адамға сүйінші береді. Қазақтың салт-дәстүріндегі, 
әдет-ғұрпындағы тұрмыс-тіршілігіне байланысты барлық жақсылықтар 
сүйіншіленеді.  
6. Қонақжайлылыққа байланысты салт-дәстүрлер 
Уақыт өте келе ұлттық сипатқа айналған қазақтардың негізгі дәстүрі 
қонақжайлылық болып табылады. Қазақ халқы ежелден қонақжайлығымен 
танымал болған. Қазақ қоғамында көне заманан айтылған бейресми заң бар. 
Ол – қонағыңды құдайдай күт. Қазақ қоғамындағы қонақжайлылық қасиетті 
міндет болып саналады. Барлық уақытта дала тұрғындары қонақты қуанту 
үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Сондықтан әрбір жолаушы жолға 
аттанып бара жатып, оны қазақ жерінің кез келген бұрышында қарсы 
алатынына сенімді болған. 


260 
Қонақасы – бұл қонақты күтумен байланысты салт. Ең дәмдісін 
қазақтар әрқашан қонақтар үшін сақтаған. Қонақтар үш түрге бөлінді. 
«Арнайы қонақ» – арнайы шақырылған, «құдайы қонақ» – кездейсоқ 
жолсерік, «қыдырма қонақ» – күтпеген қонақ. 
 
Қонақкәде – бұл үй иесі қонақтан ән айтуды немесе музыкалық аспапта 
ойнауды сұрауға құқық беретін дәстүр. Қонақкәде – бұл қонақтың өнер 
сынағы, сонымен қатар көңілді мерекенің кілті. 
Соғым басы (дәстүр) – халқымыздың ежелгі дәстүрлерінің бірі – қысқы 
азықты дайындау ретінде сойылатын ірі қараның еті. Соғым сойылған соң 
міндетті түрде «соғым басы» деп қонақтар шақырылады. Арнайы астан дәм 
татқан қонақтар ризашылықтарын білдіріп, бата беріп тарқасады. Бұл дәстүр 
адамдар арасындағы ұлттық дәстүрді құрметтеу, адамдар арасындағы
сыйластықты білдіреді. 
Сәлемдеме (дәстүр)адамдардың арасындағы сыйластықтықты, бір-
біріне деген құрметін, адал көңілдерін білдіретін жанға жылу беретін дәстүрдің 
бірі түрі. Ара қашықтыққа қарамай бір-біріне тағам, зат түрінде жіберетін 
сыйлықтары. Сәлемдеме алушы ризалығын білдіріп, алғысын айтады, шын 
көңілімен батасын береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет