Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет12/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

 
 


33 
2 «ОТБАСЫ – ОРТА МЕКТЕП» ТӘРБИЕ ЖОБАСЫ НЕГІЗІНДЕ 
ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ 
«Отбасы – орта мектеп» тәрбие жобасында білім алушылардың бойында 
жалпыұлттық құндылықтарды қалыптастыру аспектісінде ата-аналармен 
ынтымақтастық – бұл көп деңгейлі және күрделі процесс. Ынтымақтастықтың 
жоғары деңгейіне жету үшін қажетті жағдайлар жасау қажет. 
Қазіргі заманғы мектеп ресми емес, мүдделі міндеттемелерді көрсете 
отырып, қолайлы жағдайды қамтамасыз ете алады: 
- білім беру процесіндегі жалпыұлттық құндылықтарға; 
- тәрбие компонентіндегі нақты адамгершілік ұстанымдарға; 
- ата-аналар тәрбиесіне қатысу және үлгілі отбасының әлеуетіне; 
- кең мағынада әлеуметтік-мәдени құндылықтар жүйесін қалыптастыру 
ісіндегі қоғамдық ұйымдардың оң тәжірибесі мен бастамалары. 
Бұл процестің сәттілігінің негізгі шарты – ұлттық құндылықтарды қазіргі 
таңдалған әдістердің, формалардың және білім беру құралдарының жиынтығы 
ретінде жүзеге асыру әдістемесі болып табылады. 
Отбасымен 
белсенді 
ынтымақтастық 
орнату 
үшін 
мектептің 
педагогикалық ұжымын дайындау қажет. Мұғалімдердің отбасымен жұмыс 
істеуге қабілетсіздігі оның проблемаларын одан әрі қиындатады және оның 
білім берудегі өзекті мәселелерді шешуге қатысуына кері әсер етеді. 
Жалпыұлттық құндылықтарға, оның ішінде материалдық және рухани 
мәдени құндылықтарға негізделген отбасылық тәрбие әдістемесінің 
семантикалық негізі – ұрпақтардың рухани дамуына, тұлғаның эмоционалды 
жетілуіне және оның басқаларға адамгершілік көзқарасына арналған ұлттық 
педагогика болып табылады. 
 
Отбасындағы идеялық құндылықтарды қалыптастыруға ықпал 
етуде мектептің рөлі зор.
Оқу процесін білім алушылардың ынта-ықласымен ұштастыру, олардың 
өмір тәжірибесіне сүйеніп, баяндауға эмоциялық өң беріп, публистикалық 
мақалаларды пайдалану, қате, тоғышар ұғымдарды талдау мұғалімнің 
тәжірибелік тапсырмаларды (бақылау, дерекке ой жүгірту, талдау, сыни пікір 
қалыптастыру, сауалнама алу т.б.) алдын-ала беріп, осы нақты педагогикалық 
тапсырмалардың тиімді пайдаланылмауынан туындайды. Сондықтан оқу 
процесінде түрлі әдістемелік тәсілдерді пайдалануға айырықша көңіл бөлуіміз 
керек. (әңгімелеу, сұрақ-жауап, мәтінмен дербес жұмыс, өзіндік талдау жасау, 
сыни пікір алмасу) мүмкіндік болса, ережелерді білім алушыларға даяр түрінде 
ұсынбай, олардың осы ережелерді өздері жасауға жағдай жасауымыз қажет.
Отбасының идеялық құндылықтарының мәні неде? Білім алушыларға 
отбасылық құндылықтарды айқындап, түсініктерін нығайту мақсатында 
төмендегі сұрақтарды қоюға болады:
«Отбасы» ұғымына сипаттама беріңіз? 
Отбасының негізгі міндеттерін атап, сипаттама беріңіз? 
Отбасылық қатынас негізі неде? 
Отбасының ең маңызды құндылықтары қандай? 


34 
Берілген сұрақтарға жауап бере келе, білім алушыға отбасылық қарым-
қатынастың әке мен ана арасындағы сүйіспеншілік пен борышына, ата-аналық 
сүйіспеншілікке, ұл бала мен қыз баланың перзенттік борышына 
негізделгендігін түсінуге көмектеседі. Отбасының негізгі құндылықтарын, 
идеялық құндылықтар мен адамгершілік, сүйіспеншілік, ұжымшылдық пен 
еңбекке адалдық көзқарасты қалыптастыру мәселесін оқу-тәрбие процесінде 
талдап, осы бағытта жүргізілетін іс-шаралар жүйелі болып отырса, тәрбиенің 
тиімділігі артатыны сөзсіз. Отбасының идеялық құндылықтары отбасылық
дәстүрлерден көрініп отырады.
Рухани-адамгершілік өмірдің байлығы, қоғам мен отбасы мүдделерінің 
үйлесімді ұштасып келуі, отбасының тәрбиелеушілік мүмкіндіктерінің күшеюі, 
яғни балаларды тәрбиелеуде жауапкершіліктің артуымен сипатталады. Осы 
мақсатта білім алушыларға: адам мінезінің қалыптасып, шыңдалуына ең күшті, 
ең алдымен тікелей әсер ететін кітаптар ма, мұғалім бе, достары, отбасы, 
көркем фильмдер ме, әлде қоғамдық ұйымдар ма? деген сұрақтармен жетелеуге 
болады. Зерттеулердің нәтижесінде білім алушылардың жауаптары отбасы 
екендігін басты орынға қояды. Яғни бала тәрбиесінде ең бірінші ата-ана тікелей 
міндетті және жауапты. Кейде ата-ана баланы мектепке беріп, оқыту мен 
тәрбиелеу мектептің ісі деген қате пікірде болады. Бұл жерде басқа келтірілген 
деректерді жоққа шығаруға болмайды. Білім алушыларға кітап оқу логикалық 
ойлауы мен құндылықтың негізгі идеяларын қалыптастырып, отбасының 
құндылықтарын құрметтеуге сүйіспеншіліктерін арттыруға мүмкіндік берері 
сөзсіз. 
Отбасының рухани құндылықтары қатарынан ең маңызды орын алатын 
құндылық ол идеялық құндылықтар. Идеялық құндылық дегенді қалай түсінуге 
болады? Отбасылық құндылықтар ол: идеялық сенімділік, ұлттық сана, 
патриоттық сезім, белсенді азаматтық тұлға позициясын ұстауы, еңбек 
дәстүрлерімен ұштасқан отбасылық дәстүрлерді жатқызуға болады. Отбасының 
идеялық құндылықтарының кейбіреуін атап кетсек. Ол білім мен сенім және 
тәжірибелік әрекет жиынтығы ретіндегі ұлттық идея жеке тұлғаны 
айқындайтын қасиет болып табылады. Әділдік пен ізгіліктің салтанатына деген 
сенімді бойына сіңірген, алдына қойған мұраттармен ұштасқан ұлттық әдет-
ғұрып, салт-дәстүрлерді сақтай отырып, идеялық құндылықтарды бойына 
сіңірген тұлға. Жеке тұлғаға байланысты отбасы қоғамның идеялық 
құндылықтарының иесі.
Қазіргі отбасылар үшін отбасылық қатынасты материалдық мүдделерден 
гөрі адамгершілік-психологиялық және адамгершілік-эстетикалық жаққа 
ауыстыру маңызды.
Білім беру жүйесінде берілетін құндылықтар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет