50
Осындай тағылымы мол жақсы дәстүрлер отбасын біріктіреді. Осыған
дейін отбасында ата-анасынан, ата-әжесінен көрген өсиет-өнегесін, саналылық
пен жақсылықтың дәнін сақтай білуге, оларды өскелең ұрпаққа өнеге етуге
мүмкіндік береді. Отбасындағы дәстүрдің тәрбиелік күшінің мәні, онда
жинақтаған тәжірибені өскелең ұрпақтың неғұрлым табиғи түрде
қабылдайтындығында.
Отбасында өзіндік жақсы дәстүрлердің аз болуы, отбасылық ұжымның
қалыптаспауы балаға кері әсер ететіні белгілі. Сондықтан отбасында ең бірінші
ауызбіршілік пен ұжымшылдық қажет. Ата-аналардың осындай жіберетін
елеулі кемшіліктері мен қателіктері бала тәрбиесіне кедергі болады. Ата-
аналардың бала тәрбиесіндегі қателіктерін шартты түрде мынадай екі топқа
бөлуге болады:
1. Отбасындағы өмір жағдайының ретсіздігіне байланысты ата-аналар
өздерінің әртүрлі іс-әрекеттері арқылы балаларына өнеге
көрсете алмауы;
2. Баланың әрбір келеңсіз ісі мен қылығына байланысты ата-аналардың
нақтылы өнеге көрсетіп, тәрбиелей алмауы.
- отбасында бала тәрбиесінде кететін қателіктер, олар қандай?
- баланың нәрестелік кезеңінде тұрақты көңіл аударылмауы;
- балаға біркелкі және нақты талап қойылмауы;
- баланы шектен тыс, жақсы көріп, естен тана өбектеу:
- отбасының барлық мүшелерінің (ата-ана, ата-әже, туыстар т.б)
назарының жалғыз балада болуы;
- ата-аналар өздерінің балалық шағында бастарынан ауыр тұрмыс
кешкен, сондықтан баласының жеңіл-желпі, еш нәрседен тарықпай өмір сүруі
тиіс деп ойлауы;
- ата-ана басты назарын отбасын материалдық қажеттіліктермен
қамтамассыз етуге аударып, бала тәрбиесін екінші кезектегі іс деп санауы;
-
отбасының мақсат-міндеттері, өзіндік жақсы дәстүрлері жетілмеген;
- бала отбасында материалдық жағдайы өте жоғары, шектен тыс
дандайсыған;
- бала тәрбиесіндегі қарама-қайшылықтар: шектен тыс қатаңдық (ата-
ананың дөрекі билігі, ұрып-соғу, жазалау, өктемдік көрсетут.б);
- ата-аналардың өз балаларының мектеп пен мұғалімдерге наразылығын
қолдауы;
- ата-аналардың балаларын «сүйкімді» және «жұғымсыз» деп бөлуі.
Өкінішке орай, отбасында мұндай қателіктердің етек алуы балалардың
оқудағы жетістігіне ғана емес, сонымен қатар, басқа да сапаларына, қоғамдық
белсенділігіне де кері ықпал етеді. Отбасында тәрбиенің мақсат, міндеттері
айқын, отбасылық дәстүрлері орныққан отбасыларында балалардың қоғамдық
белсенділігі әлдеқайда жедел дамиды.
Жоғарыда аталған қателіктерден басқа, отбасында басқа да,
елеулі
бірқатар қателіктерді де атап өтуге болады:
- бала тәрбиесіне қамқорлық жасауды бала-бақшаға, мектепке жүктеу;
- балаларды әлі жетерлік үй шаруаларынан қорғаштау;
- мадақтау мен ынталандыру тәсілдерін пайдалана алмау;
51
- ұрып-соғу жазаларын қолдану;
- балалардың алдында әдеп сақтамау;
- баланың көзінше ұрысып-керісу;
- ата-аналарының тұрмыстағы жағымсыз қылығы (ішімдікке салыну);
- ата-ананың баласын асыра мадақтау;
- балаларына селқос қарау;
- материалдық жағынан шектен тыс еркелетіп жіберу т.б.
Осы аталған кемшіліктердің көпшілігі мектеп оқушыларының сабақ
үлгеріміне, қоғамдық белсенділігін арттыруға кедергі жасап қана қоймай,
сонымен қатар, еңбексүйгіштік,
ұжымшылдық, адалдық, өзіндік іс-әрекетін
ұйымдастыру, өмірлік жеке санасының қалыптасып, жетілуіне кедергісін
келтіреді. Отбасында кеткен қателіктерді түзету қажет, бәрінен де ең бастысы –
оның алдын алу. Ата-аналар соған үйрену керек. Тәрбие ісінде әрбір жіберілген
қателердің өзіндік шешімі болуы керек. Ата-аналарды тәрбие ісіндегі
қателіктерден сақтандыру – отбасында бала тәрбиесін жетілдірудің дұрыс жолы
болмақ.
Ата-аналардың отбасында, бала тәрбиесінде жіберіп отырған әрбір қатесі
балаға зиянды әсерін тигізері сөзсіз. Осындай қателерді болдырмай және оның
зардабын түзеу көп күш жұмсауды талап етеді. Сондықтан да ең бастысы
қателіктердің алдын алу, отбасына педагогикалық басшылық жасау маңызды.
Отбасы өмірінің педагогикалық мақсатқа сай ұйымшылдығы, қоғаммен тығыз
байланыстылығы қажет. Егер осы айтылғандардың
барлығын отбасы
тәрбиесінің тиімді шарттары деп түсінсек, онда бұл мәселенің басты
жағдайлары мыналар болады:
1. Қоғам отбасына қамқорлық жасайды, ата-ананың беделі адамның
азаматтық борыштарымен қатар қойылады.
2. Өскелең ұрпаққа «Отан – отбасынан басталады» деп, оның бойына
отбасына, отанына деген сүйіспеншілігін арттыру
3. Отбасы құрамы қоғам мүддесіне және педагогикалық мақсатқа сай: ата-
ана, отбасындағы балалар, отбасы құрамының ең ардақты мүшелері ата мен
әже.
4. Отбасы тіршілігінің негізі – ата-ананың қоғаммен байланысқан,
қоғамға пайдалы адал еңбекпен шұғылдануы болып табылады. Мұндай еңбек
болашақ ұрпаққа баға жетпес мұра ретінде ауысып отырады.
5. Отбасында ата-ананың
арасындағы қарым-қатынас, олардың өзара
сүйіспеншілігі мен сыйластығы, бір-біріне деген сенімі балаларды тәрбиелеу
ісіндегі азаматтық борышына негізделеді.
6. Отбасы мүшелері бір біріне қамқорлық жасап отыратын ынтымақты
ұжым. Бұл ұжымның болашақ игі мақсаттарға жетуде отбасы мүддесі және
отбасының жеке мүшелерінің мақсат мүдделері біріккен ортақ келешек
жоспары бар.
7. Отбасындағы ересек адамдар мен балалар өзара қарым-қатынас
шеңберінің неғұрлым кең әрі мазмұнды болуына талпынады.
8. Ата-аналар өздерінің педагогикалық мәдени деңгейін үнемі көтеріп
отырады, бала тәрбиелеуде өз бетінше педагогикалық білім алумен
52
айналысады. Бала тәрбиесіне әке де, ана да теңдей бірдей ат салысады.
Мектеппен және қоғаммен тығыз байланыста болады.
9. Отбасында балаларды тәрбиелеуге қойылатын талап-тілектердің бірлігі
мен келісімі бар. Бұл талаптар балаларды жақсылық пен сүйіспеншілік істерге
баулу, адамгершілік қасиеттерді құрметтеу істерімен байланысып жатады.
10. Ата-аналар балаларын тәрбиелеумен бірге, өздерінің оларға өнеге
көрсету істеріне де бақылау жасайды, тәрбиеде жіберген қателіктерін түзейді,
қазіргі кездегі істерінің балаларға ықпал етуін байқап, оның келешекте беретін
нәтижелеріне көз жібереді.
11. Ата-аналар мектептегі оқу-тәрбие істерін дамытуға көмектеседі,
қоғамдық ұйымдармен, жұртшылықпен тығыз байланыс жасауға ұмтылады.
12. Қоғам отбасындағы тәрбие ісіне, бірінші кезекте отбасына, ата-
аналардың педагогикалық мәдениетін арттыруға сыпайы басшылық жасайды.
Осы аталған отбасылық тәрбие мәселелері қай заманда болсын, қай
ғасырда болсын өзектілігін жоғалтпай ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе
жатқандығы белгілі.
Ұлы ғұлама, ойшылдардың шығармалары мен
өсиеттерінен оқып, біліп, үлгі алуымызға болады.
Достарыңызбен бөлісу: