139
2
ОҚУ
САУАТТЫЛЫҒЫ
БОЙЫНША
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ ШОЛУ
ХХІ ғасырдың әлемдік экономикасындағы бәсекелестік экономикалық
ортаға бейімделу қажеттілігін тудырған өзгерістер білім беру сапасының
проблемаларын ушықтырды, өйткені халықтың «білім беру интеллектісі»
мемлекеттің маңызды стратегиялық ресурсы болып саналады.
Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер өскелең ұрпақты оқыту
мен тәрбиелеудің жаңа параметрлерін белгіледі, білім беру мақсаттарын,
нәтижелерін, оқытудың дәстүрлі әдістерін, қол жеткізілген нәтижелерді бағалау
жүйелерін түбегейлі қайта қарауды талап етті. Білім беру нәтижелерін ұсыну
деңгейлерінің бірі тұлғаның білімі, дағдысы және біліктілігі негізінде белгілі
бір мәдени ортаға мүмкіндігінше тез бейімделе отырып, әлеуметтік қатынастар
жүйесіндегі қабілеті ретінде анықталатын – функционалды сауаттылық болып
табылады. «Функционалдық сауаттылық» ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың 60-
жылдарының соңында Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және
Мәдениет жөніндегі Ұйымы United Nations Educational, Scientific and Cultural
Organizationс (бұдан әрі – UNESCO) құжаттарында пайда болды және кейінірек
зерттеушілердің зерттеу нысанына айналды.
ЮНЕСКО функционалдық сауаттылықты «әлеуметтік өмірдің әртүрлі
салаларында қолданылатын, сондай-ақ жеке тұлғаның қоғамға бейімделуіне
әсер ететін бағаланатын оқу, жазу және математикалық дағдылары» деп
анықтайды. Сондықтан сауаттылық тек оқу мен жаза білуді ғана емес, сонымен
қатар тиімді және нәтижелі әлеуметтік қызмет үшін қажетті дағдыларды
меңгеруді де көздейді.
«Оқу сауаттылығы» ұғымына – білім алушылардың жазбаша мәтінді
ұғына оқу және оған рефлексия жасау, олардың мазмұнын өз мақсаттарына қол
жеткізу үшін қолдану, білімдері мен дағдыларын қоғамның белсенді өміріне
араласуы үшін дамыту қабілеттілігі деген тұжырымдама, сонымен қатар, оқу
сауаттылығын тексеру оқу техникасы немесе мәтіннің мазмұнын нақты
түсінуін бағалау емес, оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын
өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға, оқушыларды
әлеуметтенуге және дербестеуге бағыттау, болашақ кәсіби қызметі саласын
жауапты таңдауына дайындау
деген тұжырымдама беруге болады [6].
Оқу сауаттылығын бағалау үшін
көркем әдебиет, ғылыми танымал
мәтіндер, ресми құжаттар, қоғамдық маңызды жағдайлар туралы мәліметтер,
кестелер, графиктер, диаграммалар мен карталар, яғни әр түрлі форматта
берілген материалдар қолданылады. Білім алушылардың осы материалдармен
жұмыс істеу дағдыларын алты деңгейге бөлуге болады (1-кесте).
1-кесте – Білім алушылардың оқу сауаттылығын меңгеру деңгейлері
Деңгей
Білім алушылар не істей алулары тиіс?
6
деңгей
Оқу дағдылары 6-деңгейге сәйкес келетін білім алушылар мәнмәтіндік ақпарат
мәтінге терең енгізілген және тапсырмамен жанама түрде ғана байланысты
140
болатын ауқымды (ұзын) және абстрактілі (дерексіз) мәтіндерді түсінеді. Олар
бірнеше және бір-біріне қарама-қайшы көзқарастарды білдіретін ақпаратты
салыстыра, теңестіре және біріктіре алады.
Ол үшін білім алушылардың осы ақпаратты пайдалану әдісін анықтау
барысында бірнеше критерийлерді қолдану және ақпараттың қашықтағы
бөліктері арқылы логикалық байланыс жасау қабілеттері бар. Олар мәтіндер
арасындағы ақпаратты салыстыра және теңестіре, ақпарат көздері туралы
қорытынды жасау арқылы мәтінаралық алшақтықтар мен қарама-
қайшылықтарды анықтай және жоя алады.
6-деңгейдің міндеттері оқырманнан жан-жақты ойластырылған, бірнеше
критерийді қамтитын жоспар құруды талап етеді. Бұл деңгейдің тапсырмалары
бір немесе бірнеше күрделі және қарама-қайшы көзқарастарды қамтитын
мәтіндерден тұрады. Мақсатты ақпарат мәтінге немесе мәтіндерге терең енетін
және қарама-қайшы ақпаратпен жасырылатын мәліметтер түрінде болуы
мүмкін.
5
деңгей
5-деңгейдегі оқырмандар ауқымды (ұзын) мәтіндегі ақпараттың қайсысы
маңызды екеніне қорытынды жасай отырып, түсіне алады. Олар мәтіннің
кеңейтілген бөліктерін терең түсінуге негізделген себеп-салдарлық немесе
басқа да пайымдау формаларын орындай алады. Сонымен қатар, сұрақ пен
ақпараттың бір немесе бірнеше үзінділерінің арасындағы байланысты көрсете
отырып жанама сұрақтарға жауап бере алады.
Рефлексивті тапсырмалар нақты ақпаратқа сүйене отырып, болжамдар
әзірлеуді немесе сыни бағалауды қажет етеді. Оқырмандар мазмұны мен
мақсаты арасындағы айырмашылықты анықтай, сонымен қатар мәтінде
ұсынылған мәлімдемелердің немесе жалпылаулардың сенімділігіне қатысты
қорытындылар жасай алады. Бұл деңгейдің міндеттері оқырманның ақпаратты
салыстыруы және сәйкестендіруі үшін бір мәтіннен екінші мәтінге ауыса
отырып, бірнеше көлемді мәтінді өңдеуі қажет болуы мүмкін.
4
деңгей
4-деңгей білім алушылардың бір немесе бірнеше мәтінде берілген кеңейтілген
үзінділерді түсіну дағдыларының болуын болжайды. Олар мәтінді тұтастай
қарастыра отырып, мәтін бөлігіндегі тіл ерекшеліктерінің мағынасын
түсіндіреді. Басқа түсіндіру тапсырмаларында білім алушылар арнайы
санаттарды түсіну мен қолдану дағдыларын көрсетеді. Олар бірнеше
дереккөздер негізінде болашақтағы жағдайды салыстыра және қорытынды
жасай алады.
Білім алушылар алаңдаушылық тудыратын ықтимал факторлар болған
жағдайда ақпараттың кіріктірілген бірнеше бөлігін іздей, таба және біріктіре
алады. Олар мақсатты ақпараттың өзектілігін бағалау үшін міндет қою
негізінде қорытынды жасай алады, бұрынғы (алдыңғы) міндеттердің
мәнмәтінін есте сақтауды қажет ететін тапсырмаларды өңдеуді жүзеге
асырады.
Сонымен қатар, осы деңгейдегі білім алушылар нақты мәлімдемелермен және
адамның тақырып бойынша жалпы көзқарасы немесе тұжырымы арасындағы
байланысты
бағалай
алады.
Олар
бірнеше
мәтіндерде
айтылған
мәлімдемелерді салыстырып және өз көзқарастарын айта, сонымен қатар
негізгі критерийлер негізінде дереккөздердің сенімділігін бағалай алады.
4-деңгейге арналған мәтіндер көлемді немесе күрделі болып келеді, ал
олардың мазмұны немесе формасы стандартты болмауы мүмкін.
3
деңгей
3-деңгейдегі оқырмандар нақты мазмұн немесе ұйымдастырушылық кеңестер
болмаған кезде бір немесе бірнеше мәтіннің тура мағынасын ұсына, мазмұнды
біріктіре алады, негізгі және күрделі тұжырымдар жасайды. Сонымен қатар,
ақпарат бір бетте орналастырылған жағдайда мәтіннің негізгі идеясын анықтау
141
үшін, сөздің немесе ұғымның мағынасын не олардың арасындағы байланысты
түсіну үшін бірнеше үзінділерді біріктіре алады.
Жанама сұраныстырға сүйене отырып олар қажетті ақпаратты іздей, көрінетін
жерде орналастырылмаған және /немесе алаңдатушы факторлардың болуы
жағдайында келтірілген мақсатты ақпаратты таба алады. Кейбір жағдайларда
бұл деңгейдің оқырмандары бірнеше критерийлер негізінде ақпараттың
бірнеше бөліктерінің арасындағы өзара байланысты байқайды.
3-деңгейдің міндеттері оқырман ақпаратты салыстыру, сәйкестендіру немесе
санаттау кезінде көптеген ерекшеліктерді ескеруін талап етеді. Қажетті
ақпарат көбінесе көрінбейді немесе бәсекелес ақпараттың көп мөлшері болуы
мүмкін.
2
деңгей
2-деңгейдегі оқырмандар шағын мәтіннің үзіндісіндегі негізгі идеяны анықтай
алады. Олар бірнеше жартылай жасырын критерийлерді ескере отырып,
ақпараттың бір немесе бірнеше фрагменттерін таба алады.
2-деңгейдегі оқырмандар орташа/шағын көлемді мәтіндердегі жалпы мақсат
немесе нақты мәліметтерді көрсете алады. Сонымен қатар олар қарапайым
визуалды немесе типографиялық ерекшеліктерді де көрсете алады. Қысқа,
айқын мәлімдемелер негізінде шағымдарды салыстырады және оларды
негіздейтін себептерді бағалай алады. 2-деңгейдегі тапсырмалар мәтіндегі бір
функцияға негізделген салыстырулар немесе қарама-қайшылықтарды қамтуы
мүмкін. Бұл деңгейдегі типтік рефлексивті тапсырмалар оқырмандардан жеке
тәжірибе мен көзқарастарға сүйене отырып, мәтін мен сыртқы білім
арасындағы салыстыруды немесе байланысты талап етеді.
1
деңгей
1-деңгейіндегі оқырмандар сөйлемдердің немесе қысқа үзінділердің тура
мағынасын түсіне алады. Бұл деңгейдегі оқырмандар мәтіннің белгілі бір
бөлігінде негізгі тақырыпты немесе автордың мақсатын таба алады және
ақпараттың бірнеше бөліктері арасында немесе берілген ақпарат пен өз
білімдері арасында қарапайым байланыс орнатады. Олар қарапайым кеңестер
негізде шағын жиынтықтан тиісті бетті және қысқа мәтіндерден ақпараттың
бір немесе бірнеше тәуелсіз үзінділерін таба алады.
Осы деңгейдегі тапсырмалардың көпшілігінде не істеу керек, оны қалай жасау
керек және мәтінде/мәтіндерде оқырмандар назарын аударуы керек екендігі
туралы нақты нұсқаулар бар.
Дереккөз: Table I.B1.1, Table I.5.1 в OECD (2019) [1]. PISA 2018 Results (Volume I). Paris: OECD Publishing.
doi:https://doi.org/10.1787/5f07
Мектеп
оқушыларының
функционалдық
сауаттылығын
бағауға
бағытталған Programme for International Student Assessment (бұдан әрі – PISA),
Trends in Mathematics and Science Study (бұдан әрі – TIMSS), Progress in
International Reading Literacy Study (бұдан әрі – PIRLS) халықаралық
зерттеулері бар.
PISA
халықаралық
зерттеуі
білім
алушылардың
математика,
жаратылыстану-ғылыми және тіл мен әдебиет білім салалары пәндерінен
игерген білім жетістіктерін анықтауды, оқу барысында меңгерген білімдері мен
біліктерін өмірлік жағдайларда қолдана білу дағдыларын бағалауды көздейді.
Негізгі міндеті – білім беру саласындағы әлемдік басымдықтарды сипаттайтын
зерттеу құралдарының негізінде объективті өлшеулер арқылы алынған айқын
нәтижелерді талдау болып табылады.
142
PISA халықаралық зерттеуі білім алушылардың білім жетістіктерін
бағалауды
«математикалық
сауаттылық»,
«жаратылыстану-ғылыми
сауаттылығы» және «оқу сауаттылығы» деп үш бағытқа бөледі.
Оқу сауаттылығы – жазба мәтіндерді түсіну, өз мақсатына жету үшін
оның мазмұнын қолдану, қоғам өміріне белсенді қатысу үшін білімі мен
мүмкіншіліктерін дамыту қабілеті.
PISA-ның PIRLS-тен айырмашылығы бұл зерттеуге 15 жасар балалар
қатысады.
PISA-2000, PISA-2009 және PISA-2018 зерттеулерінде оқуды бағалау
негізгі бағыт болып анықталған. Зерттеу жүргізілген он сегіз жылда мәтін
оқудың сапасы айтарлықтай өзгеріске ұшырағаны байқалады. Оның себебі
технологиялардың таралуының қарқындылығымен байланысты. Мысалы, PISA
оқырмандық сауаттылықты бағалау шеңбері алғаш әзірленген кезде (1997 ж.)
интернетті әлем халқының тек 1,7%-і ғана пайдаланды, Экономикалық
ынтымақтастық және даму ұйымының деректері бойынша 2014 жылы олардың
саны 40,4%-ке жоғарылады, яғни үш млрд адамды құрады.
PISA-2018 зерттеуінде Қазақстандық білім алушылар оқу сауаттылығы
бойынша орта есеппен 387 балл жинады.
ЭЫДҰ бойынша орташа нәтижеден
Қазақстан 100 балға, сонымен қатар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (бұдан
әрі – ТМД) елдерінен де айтарлықтай артта қалуы байқалады. Атап айтқанда,
Қазақстан
зерттеудің
компьютерлік
форматына
қатысқан
Беларусь
Республикасынан 87 балл (474 балл) және Ресейден 92 балл (479 балл) артта
қалып отыр. Барлық қатысушы елдер мен аумақтар арасында Қытайдың Пекин,
Шанхай, Цзянсу және Чжэцзян тәрізді төрт провинциясының білім алушылары
үздік нәтиже (555 балл) көрсетті. Келесі үш орында Сингапур (549 балл), Макао
(525 балл), Гонконг (524 балл) тұр [7].
2018 жылғы PISA зерттеуінде мәтін оқудың мәтінмен жұмыс және
Достарыңызбен бөлісу: |