427
ҚОРЫТЫНДЫ
Инновациялық әлеует
Жобаны іске асыру білім алушының құқықтық сауаттылығы
мен құқықтық санасының деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Жобаны іске
асыру нәтижесінде мынадай жетістіктерге қол жеткізу көзделіп отыр:
- құқықтық сауаттылық пен құқықтық сананы арттыру;
- құқықтық сауаттылық пен құқықтық сана негізі ретінде білім
алушыларда құқықтық білімнің тұтас жүйесін қалыптастыру;
- мемлекет пен қоғам
өмірінің құқықтық саласына, оның ішінде ерте
жастан бастап қызығушылықты арттыру;
- заңға бағынуды әлеуметтік мінез-құлықтың басым үлгісі
ретінде
қалыптастыру;
- қоғамдағы құқықтық нигилизмді жеңу үшін жағдай жасау;
- құқықтық проблематиканы кеңінен ақпараттық жария ету және құқық
құндылықтарын насихаттау, құқықтық
идеяларды бұқаралық ақпарат
құралдарында және азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық
санасын қалыптастыратын өзге де мәселелерді танымал ету;
- азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің
қол жетімділігі мен
түсінікті болуын, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын қорғаудың заңды
құралдарының қол жетімділігін қамтамасыз ету.
Нәтижелерді ұсыну нысаны:
- құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша білім беру және тәжірибеге
бағытталған іс-шаралар кешені;
- құқықтық білім негіздерін дәріптеу бойынша
ақпараттық компания;
- әдістемелік ұсыныстармен, мереке сценарийлерімен,
тақырыптық
сынып сағаттарымен, конференциялармен отбасымен құқықтық сана саласында
жұмыс тәжірибесін жинақтау бойынша жинақ шығару.
-
ата-аналар активімен жұмыс: мектептің басқарушы Кеңесі,
қамқоршылық кеңесі, сынып және мектеп ата-аналар комитеті.