Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы


БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ НЕГІЗІ



Pdf көрінісі
бет2/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

1 БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ НЕГІЗІ 
БАҒЫТТАРЫ 
Қазақстан Республикасында Білім беруді және ғылымды дамытудың 
2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мектепте, 
мәдениетте, мінез-құлықта және басқалармен қарым-қатынаста көрініс табатын 
құндылыққа бағдарланған тәсіл көрсетілген. 
Құндылықтар 
білім 
беру 
ұйымдарындағы 
«Рухани 
жаңғыру» 
бағдарламасын іске асыру жағдайында тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері 
контекстінде оқу-тәрбие қызметінің негізгі бағыттары ретінде айқындалды. 
Бүгінгі таңда Қазақстанда балалар мен жастарды тәрбиелеу жүйесін 
жетілдіру бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізіліп жатыр, тәрбие жұмыстары 
басым бағыт ретінде айқындалды.
Сонымен қатар бірқатар өзекті мәселелерді шешу талап етіледі. Олардың 
арасында білім алушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша 
тәрбие жұмысын жетілдірудің маңыздылығына байланысты мәселелер, атап 
айтқанда: 
- білім алушылардың денсаулығын барлық аспектілерде (адамгершілік, 
дене, психикалық, әлеуметтік) жүйелі түрде төмендеуі;

алкогольді пайдалану, темекі шегу, жасөспірімдер арасында 
нашақорлықтың болуы; 
- суицид жағдайларының көбеюі;
- ерте жыныстық қатынасқа түсу; ерте ана болу және баланың некеден 
тыс туылуы; 
- отбасындағы балаларға қатысты зорлық-зомбылық, әлеуметтік жетімдік, 
балаларды жалғызбасты аналардың ғана емес, жалғызбасты әкелердің 
тәрбиелеуі және т. б.; 
- оқушылардың оқу сауаттылығының төмендігі; 
- білім алушылардың құқықтық сауаттылығының жеткіліксіздігі өзекті 
болып қалып отыр. 
Бұл көрсеткіштерге әсер ететін факторлардың қатарына отбасы мен мектептегі 
тәрбиенің жеткіліксіздігі, интернеттегі теріс ақпараттың жаппай таралуы
қазіргі жаһандану дәуіріндегі жастарға көптеген міндеттің артылуы мен 
проблемалардың болуы жатады. 
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттық 
қаржыландыру аясында «Бақытты бала» ҚҚ жүргізген әлеуметтік зерттеу 
заманауи қауіп-қатерлер мен уақыт қойған міндеттерді ескере отырып
өскелең ұрпақтың отбасындағы тәрбиесін қалыптастыруда төмендегідей 
бірқатар мәселелерді анықтады: 
- қазіргі заманғы отбасы заманауи жаһандық проблемаларға (қаржылық 
қауіптер, әлеуметтік күйзелістер, әлеуметтік қақтығыстар) бағытталған, бұл 
отбасындағы баланың дамуына назар аудармайды; 
- ата-аналар мен аға буын туыстарының (әжелер, аталар) балалармен 
қарым-қатынас жасауына аз уақыт бөлінеді; 

мәдениетті, отбасы құндылықтарын сіңіру арқылы ұлттық 



құндылықтарды сақтауға және өзін-өзі анықтауға жеткілікті көңіл бөлінбейді; 
- ата-аналар балалармен бейресми жағдайда (табиғатта серуендеу, 
театрға, көрмелерге, концерттерге бару және т.б.) аз уақыт өткізеді; 
- білім беру жүйесінде «Отбасы» вакумы пайда болып, отбасылық 
тәрбие 
мәселелері 
бойынша 
педагогикалық 
қоғамдастықпен 
өзара 
ынтымақтастық процесінде отбасының рөлі әлсіреді. 
Жоғарыда аталған мәселелерді шешу мақсатымен тәрбие жұмыстарында 
құндылыққа бағдарланған тәсілді іске асыру үшін он жобадан тұратын 
бағдарлама әзірленді: 
Бағдарламаның мақсаты мектептердің білім беру ортасын, білім беру 
процесіндегі барлық қатысушының санасын трансформациялау, білім 
алушылардың дамуы үшін қолайлы орта құруды қамтамасыз ететін, бұл ретте 
моральдық және адамгершілік құндылықтарды арттыра отырып, академиялық 
артықшылыққа ұмтылуды ынталандыратын адамгершілік өмір салтын 
қалыптастыру болып табылады. 
Бағдарламаның міндеттері: 
- білім алушылардың рухани-адамгершілік дамуын қамтамасыз ету;
- балаларды ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды қастерлеуге 
тәрбиелеу;
- академиялық үлгерімді арттыру;
- экологиялық мәдениетті, салауатты және қауіпсіз өмір салты мәдениетін 
ойдағыдай әлеуметтендіруге және кәсіптік бағдарлауға, қалыптастыруға көмек
көрсету. 
Бағдарламаның негізгі бағыттары төмендегі аталған жобаларды іске 
асыру болып табылады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет