Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет1/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 
 
 
 
 
 
 
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕ
ҚҰНДЫЛЫҚҚА БАҒЫТТАЛҒАН ТӘСІЛДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ 
БАҒДАРЛАМАСЫ
(1 бөлім) 
Нұр-Сұлтан
2021 



Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен 
баспаға ұсынылды (2021 жылғы 03 маусым №7 хаттама)
Білім алушыларды тәрбиелеуде құндылыққа бағытталған тәсілді жүзеге 
асыру бағдарламасы.
Бағдарлама. – Нұр-Сұлтан: Ы. Алтынсарин атындағы 
Ұлттық білім академиясы, 2021. – 567 б. 
Білім алушыларды тәрбиелеуде құндылыққа бағытталған тәсілді жүзеге 
асыру бағдарламасында10 әдістемелік жоба әзірленіп, ұсынылды. 
Бағдарлама мазмұны мектептегі тәрбие процесін ұйымдастыруда 
әдістемелік көмек беруге бағытталған. 
Бағдарлама мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі 
орынбасарларына, 
әлеуметтік 
педагогтерге, 
психологтерге, 
сынып 
жетекшілеріне, әдіскерлерге, жалпы білім беретін мектептердің пән 
мұғалімдеріне, қосымша білім беру ұйымдарының, қоғамдық ұйымдардың 
отбасымен ынтымақтастықта жұмыс істейтін мамандарына арналған. 
© Ы. Алтынсарин атындағы 
Ұлттық білім академиясы, 2021 
 



КІРІСПЕ
 
ХХІ ғасыр – адамның қарым-қатынасы, мінез-құлқы менталитеті өзгеше 
мазмұн мен өзгеше тәсілдемені көздейтін білім беруді ізгілендіру ғасыры. 
Бүгінгі таңда ғалымдар жаңа гуманистік парадигма жағдайында 
аксиологиялық (құндылықты) көзқарасты ажыратады. Өзін-өзі анықтау 
құндылықтары өмірдегі, қоғамдағы өз орнын анықтау, өзінің азаматтық, 
ұлттық, әлеуметтік және кәсіби мүдделерін іске асыру мүмкіндігі ретінде білім 
алушының жеке басын дамытудың танымдық, дүниетанымдық және 
әлеуметтік-мәдени аспектілерінде көрініс табуы керек. Құндылықтар білім беру 
процесінің барлық қатысушысын біріктіруі тиіс.
Педагогтің міндеті жеке тұлғаның сапалы білім алуын қамтамасыз ету
оның жеке қабілеттерін дамыту; қазақстандық қоғамның мәдени сан 
алуандығын тануға негізделген білім алушылардың азаматтық өзін-өзі тану, 
патриотизм сезімін тәрбиелеу; жеке, қоғамдық, рухани өмірде және кәсіби 
салада құндылық мұраттарын еркін, саналы, жауапты таңдауға қабілетті 
тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру болып табылады. 
Білім алушылардың құндылық бағдарларын қалыптастыру көптеген 
факторларға байланысты күрделі, ұзақ процесс. Бұл жағдайда білім беру 
ұйымдарындағы тәрбиенің қазіргі жағдайына тән мазмұны әлеуметтік 
сұранысқа ие құндылықтар, мінез-құлық тәжірибесінің дәстүрлері тұрғысынан 
жаңартуға бағытталуы керек. Білім беру ұйымы – мәдениет әлеміммен 
модельденетін үй. Бұл үйге білім алушылар тек оқуға ғана емес, өмір сүруге, 
белгілі бір мәдени кеңістікті құруға, оны игеруге келеді.
Тәрбие мазмұнының негізінде жалпыадамзаттық және ұлттық 
құндылықтар құруы тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет