Білім алушыларға арналған пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені


- дәріс Тақырыбы: «Шамалар және оларды өлшеу» мазмұндық-әдістемелік желісінің материалдарын оқыту технологиясы



бет25/50
Дата02.01.2022
өлшемі164.91 Kb.
#452115
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   50
математика 1 к

13- дәріс

Тақырыбы: «Шамалар және оларды өлшеу» мазмұндық-әдістемелік желісінің материалдарын оқыту технологиясы

Бастауыш математика курсында мынадай шамалар қарастырылады: ұзындық, уақыт, масса, сыйымдылық, аудан, көлем, қашықтық, жылдамдық.

Шамалар бастауыш математикада екі түрлі себеппен оқытылады:


    1. бастауыш математика курсының негізгі мәселелері - теріс емес бүтін сандар нумерациясы мен оларға амалдар қолдану мәселесі мағынасының жан-жақты ашылуына мүмкіндік туғызу.

    2. Орта мектептегі физика, химия курстарын оқытуға оқушыларды бірте-бірте дайындау (пропедевтикалық дайындау).

Бастауыш математика курсында әр шаманың өзіндік ерекшелігіне қарай оқытудың әдістемесі бар болғанымен, кез-келген шама мынандай ретпен қарастырылады:

      • шама жайлы оқушылардың не білетіндері анықталады.

      • нақты шама және оның термині енгізіледі.

      • шамаларды салыстыру жұмыстары жүргізіледі (көз мөлшерімен, беттестіру арқылы, шартты өлшеуіштің көмегімен).

      • шаманың негізгі өлшем бірлігі немесе практикалық іс-әрекетке ыңғайлы қосалқы өлшем бірлігі енгізіледі.

      • оның басқа өлшем бірліктері өмір мұқтаждығынан туындап отырғандығына оқушылардың көздері жеткізіле енгізіледі.

      • бір өлшем бірліктен екінші өлшем бірлігіне айналдыру қарастырылады.

      • бір өлшем бірлікпен берілген шамаларды қосу және азайту қарастырылады.

      • шамаларды санға көбейту мен бөлу енгізіліп, оқытылып-үйретіледі.

Үлестер туралы дұрыс түсінік қалыптастыру үшін геометриялық фигуралардың, кесінділердің моделі, жолақшалар, ленталар т.б. заттарды алып, жартысын алу үшін тең екі бөлікке бөліп, бір бөлігін алуды практикалық іс-әрекет түрінде көрсету керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет