2. «Ой қозғау». «Шәкәрім кім?» Интерактивті тақтадан Шәкәрім туралы слайд көрсетіледі, әр топ оқушылары Шәкәрім бойынша өз білімдерін ортаға салады.
3. «Ассоциациялық аймақ» кестесі. Оқушылар тақтадағы кестеге ақын туралы білетіндерін жазады.
4.«Шәкәрім -Абайдың талантты шәкірті ».Шәкәрім мен Абайдың ұстанған жолдарындағы ұқсастық пен айырмашылықты байқайық. (Венн диаграммасын жасату )
Абай ұқсастығы Шәкәрім
5. Абай мен Шәкәрім шығармаларын салыстыру.
-Қазақ поэзиясының асқар шыңы Абай қалдырған шығармашылық дәстүрді жалғастыра отырып, өз жаңалықтарымен байытып өрнектеген Шәкәрім Құдайбердіұлының көркем мұрасы-әдебиетіміздің асыл қазынасы. «Ғылымды іздеп, дүниені көздеп, екі жаққа үңілдім» деген Абай мектебінен тағылым алып, оның жолын жалғастырған Шәкәрім өлеңдері ақын өлеңдерімен үндесіп жатады.
Оқушылар ақындардың өлеңдеріндегі ұқсастыққа тоқталады. Мысалы:
Шәкәрім: Адам үшін еңбегім,
Өмірден барлық тергенім.
Қалағанын қарап ал,
Мұрам сол ,жастар бергенім.
Абай: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды ертегіні термек үшін,
Көкірегі сезімді,тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Шәкәрім: Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек
Бұған ұйқасты өлең сөз керек,
Өзіне орайлы,
Ән-өлшеуіш
Өлең – күміс
Қоспаңыз мыс аралас.
Абай: Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
6. Сергіту сәті.
Мұғалім сөзі: Шәкәрім Абайдың сазгерлік дәстүрін ары қарай жалғастырушы.Шәкәрім жастайынан домбыра тарту, гармонда ойнау,ән айту сияқты өнер түрлеріне ден қойған. Оның әсем сазға толы «Жастық» , «Шын сырым», «Анамнан алғаш туғанымда», «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» т.б. әндері бар.
«Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй»,-деп ұлы Абай атамыз жыр еткендей, ендігі кезекті әсем әнге берейік. ( Шәкәрімнің «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» әні тыңдалады).
Достарыңызбен бөлісу: |