10 дәріс. Қазақ тіліндегі буын. Буын жігін ажыратудағы принциптер мен көзқарастар
5.1. Буын түрлері және олардың дыбыстық құрамы
5.2. Буын жігі және тасымал
Сөздер айтылуы жағынан ең кішкене бөлшек болып табылатын буындарға ажырайды. Сөздерді, буындарды жеке фонемаларға жіктеу лингвистикалық талдаудың нәтижесі деп қарау керек. Буын тікелей дауысты дыбыстарға байланысты. Сөздің құрамындағы дауыстыларды айтқанда ауа еркін шығады да, дауыссыздарды айтқанда кедергіге ұшырайды. Сонда буын өкпеден келе жатқан ауамен (леппен) тікелей байланысты болады.
Буын – осы ауаның кілт үзілуінің не кедергіге ұшырауының нәтижесінде пайда болатын жеке (дауысты) дыбыс, не дыбыстар (дауысты, дауыссыз) тобы. Қазақ тілінде буынның маңызы ерекше. Буынға тән сипаттар:
Достарыңызбен бөлісу: |