дыбыстардың белгiлi бiр тәртiпке салынған жинағы;
4.Сөз соңында қос дауыссыздың дұрыс жазылуын көрсетiңiз.
классқа, граммнан;
грамнан, металды;
металлды, класқа;
гриммдi, металлды;
килограммды, тонна;
5.Дыбыстық өзгерiске ұшырап жазылған бiрiккен сөздi көрсетiңiз.
Алатау;
Жаңатас;
бүгiн;
сезiмтал;
Әнел;
9 дәріс Қазақ тіліндегі екпін мәселесі.
1. Екпіннің түрлері және оның ерекшелігі
2. Ой екпіні (логикалық екпін)
3. Сөз екпіні
Тілдің сөйлеу нормасына тән ендігі бір фонетикалық категория – екпін. Екпін де бір тілде сөйлейтін халықтың бәріне бірдей ортақ қалыптасқан құбылыс. Адам сөйлеп тұрғанда, сөйлем ішінде орналасқан сөздердің буындары мен дыбыстары немесе жеке сөздері бір келкі айтылмайды. Бір сөзі қалған сөзге немесе сөз тіркестеріне, бір буын басқа буынға, бір дыбысы басқа дыбыстарға қарағанда, күшті, көтеріңкі, айқын, басым айтылады да, қалған сөздері не буындары не дыбыстары бәсең кейде тіпті күңгіртте айтылады. Сөздің айтылуына мағынасына сөз ішіндегі дыбыстардың сапасына екпіннің тигізетін әсері күшті болады. Сондықтан екпін (жоғарыда айтылғандай) тіл салаларының бәріне де қатысты. Сөйлемдегі сөздің не буынның, не дыбыстың оқшаулуына байланысты бұл категорияның да нақтылы бөлінген түрлері бар. Жалпы екпін категориясының сөз екпіні (словесное ударение), ой екпіні (логическое ударение) тіркес (комплекстік немесе ритмикалық) екпін, көңіл-күй (эмфазалық) екпін деп бөлінетін түрлерінің бірінен екіншісінің айырмасын ұқсастығын, әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктерін арнайы білу қажет. Сөйлем тұрғанда екпінді өз нормасына ауыстырсақ, сөздің дұрыс айтылу қалпы бұзылады да, сол сөздің мағынасына, кейде тіпті сол сөйлемнің мазмұнына да әсер етуі мүмкін.Ой екпіні (логикалық екпіні). Сөйлем ішіндегі көңіл аударуға керекті нақты бір сөзді оқшаулап, бөліп айту сол сөзге ой екпінін түсіру болып табылады. Ой екпіні тұрақты болмайды, өйткені бір сөйлемдегі кез-келген сөзге арнайы көңіл аударылуы мүмкін.Бір-бірімен мағына жағынан байланысқан әрбір екі сөз әдетте сыртқы тұлғалары ғана байланысып әрбір қоймайды, сонымени қатар, сөйлем ішіндегі тәртібі арқылы байланысады.Анығырақ айтқанда, ойдың грамматикалық бастауышы-баяндауыштан бұрын, анықтауышы-өзі анықтайтын сөзінің тікелей алдында, толықтауыш пен мақсат, себеп, сан-мөлшер, қимыл сын пысықтауыштары толықталған немесе пысықталған етістіктердің алдында, мезгіл және мекен пысықтауыштар сөйлемнің басында қолданылуы осы аталған грамматикалық мүшелердің әр сөйлемдегі өзіне тән орны болып қалыптасқан. Көңіл-күй (эмфазалық) екпін. Сөйлеушінің көтеріңкі көңіл-күйін ішкі сезімін тыңдаушыға созылыңқы дыбыстар арқылы жеткізу тәсілі эмфазалық екпін деп аталады. Эмфазалық екпін сөйлем ішіндегі бір сөзбен бегілі бір дыбысын ерекше көтеріп, құбылту арқылы жасалады мысалы: қуаныш, ілтипат, қанғат т.б. Сезімдер көпнесе сөз ішіндегі дауысты фонемаға екпін түсіріп көтеру арқылы айтылса (бә-ә-ә-рекелді): ал реніш, қынжылу, қиналу сияқты көңіл күйлері дауыссыз дыбыстың азды-көпті созылыңқы немесе кілт қысқартылып айтылуына байқалады (отыр-р-р тыныш! Тарт-т-т қолыңды т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |